Технологии Blogger.
RSS

Блог жайында

Блог «Менің өлкем – менің Отаным» өлкетану жобасы аясында құрылды.
Адам үшін «Отан» ұғымы нақты бір өлкемен, туыстары жайлы естеліктермен байланысты. Кез келген жанды өз өлкесі, қаласы, ауылы мен көшесінің тарихы қызықтырады. "Туған жер" бөлімінде әрбіреуіміздің балғын балалық шағымыз өткен, қашанда көңілімізде сағыныш ұшқынын лаулататын, жанымызға жылу сыйлайтын жерлер жайлы хикая, аңыз, әңгімелерді жинаймыз. 
Тарих – бұл ең алдымен – адам. Ерте ме, кеш пе бәрімізде Біз кімбіз? Ата-тегіміз кім? деген сұрақтар туындайды. Өз отбасыңыздың тарихымен бөлісіңіз. Ата-бабаңыз туралы естеліктер мен мемуарларды «Шежіре» бөліміне жинаңыз.
Өмірді қайтадан басынан бастағыңыз келсе, «Отбасылық альбомды» парақтаңыз. Ондағы ақ-қара түсті суреттер өткен өмір сәттерінен сыр шертеді. Ескі фотосуреттерден тарихтың нышанын байқаймыз. Альбомға өзіңіздің мұрағаттық, сирек, бағалы кадрларыңызды қосыңыз.
Жақындарымыздың дауысы мен ыстық жүздерін ұрпағы үшін сақтайық. Атаңыздың соғыс жайлы әңгімелері немесе әжеңіздің бесік жыры жазылған бейне бар ма, мүмкін ескі отбасылық әдет-ғұрып жазылған таспа  бар шығар? Ролигіңізді  www.youtube.com сайтына орналастырып, «Сандық мұрағатта» сілтемеңізбен бөлісіңіз.
Әрбір адам өз ата-тегін біліп, отбасылық құндылықтарды сақтап, қорғауы керек. Аға ұрпақ өмірінен хабардар болу адамға энергия сыйлап, оны жігерлендіре түседі. Бәріміз бірігіп блогымызға таным дәнін сеуіп, жақсы күтім жасап, бірегей де құнды өлкетану өнімін алайық!
Мәліметтеріңізді onlayntsentryvko@mail.ru электрондық поштасында күтеміз. Олар блог модераторы тексергеннен кейін бірден жарияланады.

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

0 коммент.:

Отправить комментарий

Back to TOP