Технологии Blogger.
RSS

Семей қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Жеті қазынаның бірі - ит туралы аңыз

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Жапалақ туралы аңыз

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Күй құдіреті –Тәттімбет


Тәттімбет  Қазанғапұлы  1815  жылы  Қарағанды  облысының Қарқаралы  уезіне  қарасты  Қу болысы,Дастар  тауы бөктеріндегі(қазіргі  Егіндібұлақ  ауданы) Мыржық  деген жердің Қызылжал  қыстауында  орта  шаруа  отбас-ында дүниеге  келген.Тәттімбет   Қазанғапұлы 1862   жылы 47 жасында    қайтыс    болады.  Күйшінің  әкесі  Қазанғап  орта дәулетті,ел-жұртына  қадірлі,инабатты  адам  болған. Қазанғаптың  әкесі  Мөшекеден 13 ұл  туған.Осы 13 ұлдан тараған  ұрпақтар  қазірде  Дастар  тауының  өңіріндегі «Мөшеке»  мен «Маңыбай» бұлақтарының  төңірегіне қоныстаған.  Тәттімбетке  домбырашылық  өнер  өзінің  арғы  ата тегінен  бастап дарыған.Тәттімбет  шыққан  Қаракесектің Шаншар  руында Битен,Шитен сияқты  сөзге шешен,өнерпаз  күйші-домбырашы   серілер  өткен.Бұлар  өнердің  қай  түрінен болмасын құр алақан  қалмаған.
Біржан-сал  бір  өлеңінде:
Тәттімбет  Арғын  арғын  асқан  ардагерім, 
Шығарған  қырық  күйін  өрім-өрім 
Арқада  одан  асқан  күйші  бар  ма,
Сусынын  қандыратын  туған  елдің.-деп  жырлады.
Әр  түрлі  тақырыптарды  қамтитын  40-тан  астам  күй  шығарған.Тәттімбет  Арқа  жерінде шертпе  күйдің  негізін  қалаушы,бірегей  дарын  иесі, өзінің осы  қасиетімен  тарихта қалған.Ол  қазіргі  Егіндібұлақ  ауданының  Мыржық  деген  жеріндегі  Мешеке-Маңыбай бұлағында  дүниеге  келген.Күйшінің  әкесі  Қазанғап  орта  дәулетті  кісі  болыпты.Жастай ән-күйге  бейім  өскен  Тәттімбет  ел  арасында  қадірлі, өнерлі  жігіт  болып  өседі. Өнерлі адамды  сыйлау,еркелету  кеңшілігіне  қолы  жеткен  Тәттімбет  ән-күйдің  қызығына беріліп, домбыраны  алуан  нақышпен  тартатын, халық  көңілін  сергітіп, күй  өрнегін молайтуды мақсат еткен.Тәттімбет  Қазанғапұлын  күйшілігімен  қоса тұңғыш геолог,тұңғыш инженер ретінде  атап  айтуға  болады. Белгілі  ақын  Кәкімбай  Салықов  «Тәттімбет» поэмасында: 
Берді  Алла  ата- ананың  көрегенін,
Ақ  сүтпен  сіңді  ұйқыға  бөлеген  үн.
Күй  келді  күн  сәулесі,самал  желмен,
Қарашы,аруақ  қолдап  жебегенін
Асырды  бұл  баланың  бабын  көптен   
Береді  әнге  қосып  атын  да
Есімін  Тәтмұхамбет  азандағы, 
Ел,жұрты  атап  кетті  Тәттімбет - деп   жүрегінен  ақтарылыпты.
Тәттімбет  шыққан  орта. Тәттімбеттің   шыққан    тегі  Орта  жүз,Арғын,оның  ішінде Мейрамнан  тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа). Шұбыртпалы деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып  келеді. Нақты айтатын болсақ Қазанғап Мөшекеұлынан   Ырысымбет (Ерсімбет), Құттымбет, Жақсымбет, Тәттімбет. Ырысымбеттен-Оспан-Тасмағанбет-Қорабай, Қалыбай. Құттымбеттен-Жанұзақ-Ысмағұл, Мұқыш (-Сәкен,Қанат). Тәттімбеттен-Мұсатай (-Жағыпар, одан  Шәкен; Әкпар; Шайқы, одан  Самат), Қысатай (-Зейнел,Кәбіш). Исатай Әкпардың  азан  аты, сірә, Әубәкір  болса  керек. Қысатайдың  Зейнелінен –Зекен, Салахитдин күйші; Кәбішінен-Өзбек.
Осы  әулеттен  халқымызға сансыз көп те тамаша күйлерімен тәнті болған атақты Тәттімбет  Қазанғапұлы  шыққан. Ұлы күйші-композитордың немересі Шайқы  ақсақалдың жазып  қалдырған  естелігіне  қарағанда, оның әкесі Қазанғаптың өнерге ешбір  зауқы жоқ, тек  қана  ерекше  мал-дәулет  жинаған шаруақор  адам  болған  екен,ал  бәйбішесі Қалайы  ерекше  сауыққұмар  әнші  де,ән-күй шығарғыш жан болыпты. Тәттімбет  домбыра тартуды  әкесінің інісінен үйренген. Келе-келе  ол  өз  жанынан  күй  шығарып, орындау шеберлігімен Сарыарқаны әуезді сазбен тербеткен дүлділ домбырашы атанған. Мәшһүр Жүсіптің айтуынша,  «Тәттімбет Мұса, Секербай  заманындағы  Қаракесекте  үштің  бірі  болып  атағы  шыққан. Өзі  бай, өзі өнерлі, өзі  бет  біткеннің  сұлуы, өзі  шешен, айыр  көмей, темір  жақ  домбыра  тартып, ән қосқанда  алдына  жан  түспеген...» Тәттімбет  өз  заманының  саяси, әлеуметтік  істерінің бәріне  де  белсене  араласып,  халқына  барынша  қызмет  еткен  қоғам  қайраткері: Омбының генерал-губернаторы  шақырған  түрліше  жиын-мәслихаттардың  біразына  ол  Қарқаралы дуанының  басты  өкілі  дәрежесінде  қатысқан; 1855  жылдың 24  наурызында  Ресей патшасы Александр  ІІ  таққа  отыру  салтанатына  қатысып,күй  тартып, Күміс  медаль  алып қайтады; сол  сапарда  орыс  патшасының  қабылдауында  болып, өз  ұлтының  мұң-мұқтажын  айтқан.
Тәттімбетке  әншілік, күйшілік  өнер  ғана  емес, ақыл  мен  тілді  де  молырақ  дарытқан сықылды. Қазанғап  бай  ертеде  бір  дауға  ілігіп, соның  жөн-жосығын  білмек  үшін  есті баласы  Тәттімбетті  Жабақ  биге  жұмсапты. Мән-жайға  қанған  Жабақ  би  сонда: «Әкеңе сәлем  де, бұл  даудан  ұтылмауды  ойласа-құдай  жағына  шыға  берсін...» деп  жұмбақтай сөйлепті. Тәттімбет  сол  кезде  тіпті  жас  екен, он  беске  әлі  жетпеген  болса  керек, сөйтсе де: «Құдайыңыз  сонда  Қарқаралыдан  қашықта  ма?»деп  сұрапты. Кәрі  би  жасөспірім баланың  зеректігіне  сүйсініп: «Алыстағыға  әуре  болмасын  деп  бізге  алла  тағала Алшыекеңді  берді  емес пе,  соның  аузын  алса  болды  да...» деген  екен. Тәттімбет Қазанғаптың  бәйбішесінен  туады. Отау  иесі  болатын  жасқа  жеткенде  Сармантай,Мұрат руынан  шыққан  Ақбөпе  деген  қызға  уйленеді. Бұдан  Мұсатай, Қысатай, Исатай  деген  үш ұл туады.
Исатай 25  жасында  жай  түсіп  қайтыс  болады. Ақбөпе  ерте  қайтыс  болады. Тәттімбеттің бір  күні  жолы  түсіп  Дегелең  тауының  солтүстік  бөктерімен  кештетіп  келе жатады. Қараша  айының  аяқ  кезі  болса  керек.
Күн  бұрқақтап, қара  жаңбырдың  арты  қарға  айналып, ымырт  жабылып, алдағы  барамыз деген  кең  кезеңдегі  ауылға  әлі  біраз  жер  бар. Сол кезде  тау  алқабының  бір  сайындағы ауылдың  оты  көрінеді. Мына түнде, жауын  мынау, несіне  іздейміз, осы  ауылға  барайық   десіп, от  көрінген  ауылға  келеді. Ауыл  жұпыны, тәйпиген  тас  қорашық, шеткі  үйге  келіп ат басын  тіреген, үй иелері сәлем  беріп,қонақжайлылық  ізет  көрсетеді.Үй  иесі:-Шырағым, Тәкіжан  біз  мына  тас  қорамызға  кеше  ғана  көшіп  келіп,жылы  үйімізге кіре алмай, шошала  үйімізде  ұрыдан  сақтанып, екі  сиырымызды   да  осында  байлап  отыр  едік. Айыпқа  бұйырма  деп  өтініш  айтып, бір тоқтысын  сойып  барымен  күтеді. Ет жеп, сорпа ішіп  болған  қонақтарға  қол  сүртер  орамал  берілмейді. Тәттімбеттің  жолдасы:
-Уа, жеңгесі, қолдың  майын  сүртер  майлық  жоқ па? - дейді.
-Қонағым  орамалымыз  жоқ  еді, қолыңыздың  майын  қасыңыздағы  сиырдың  үстіне  сүрте  салыңыз, -депті үй  иесі  әйел.
-Жеңгесі, майлық  сиырыңыз  қайсысы, сулық  сиырыңыз  қайсысы  еді, -деп  Тәттімбет  күле  сұрапты. Әйел  сөз  таба  алмай  бөгеліп  қалғанда,  қызы  Есім:
-Екі  сиырдың  да  жауырын  жағы  сулық, сауар, сан  жағы  майлық - депті. Тәттімбет  Есімнің  тапқыр  сөздеріне  ерекше  сүйсінеді. Тәттімбеттің  өзіне  серік  болар  адамды  қарастырып  жүрген  кезі   болатын. Себебі  ол  осының  аз  алдында  өзінің  бәйбішесінен айырылған  болатын. Тәттімбет  бірден  құдалық  жағын  айту  ынғайсыз  болатынын  сезіп Түлкібайдың  ағайындарымен сөйлесуді жөн көреді. Сөйтіп  ол  Түлкібайдың  Қойшыбай  деген  ағайынын  тауып  оған  өз  ойын  жеткізеді. Түлкібай  бұрын  жақсы  білетін  әрі  замандас, әрі  үзеңгілес  адамы  Қойшыбайды  ықыласты  қабылдап:
-Тәттімбетке  айт, сөз  салу  сырын  түсіндім. Өзі  олқыланбаса, біз  зорсынбаймыз. Ұзатып алуға  дайындала  берсін  деген  екен. Тәттімбет, Есімді  айттырып  алады. Есім  жаста  болса, бас  бола  білген. Тәттімбеттің  ордасына  ұйытқы, балаларына  ақ  жарқын  ана  болады. Елден тараған  аңыз  бойынша  Есім  жас  та  болса, жұртына  сыйлы, қадірлі  болған. Үш баланы  өз балаларындай  тәрбиелеп  асыраған. Таң  сәріден  ерте  тұрып  алып, ұйықтап  жатқан балалары  оянып  кетпесін  деп, есік  алдындағы  шырылдаған  боз  торғайды  қуалайды екен. Тәттімбеттің үлкен  баласы  Мұсатай  бұдан  үлкен  болса  да  шешем  деп  сыйлайтын көрінеді. Жалпы  балаларының  қайсы  болсын  туған  анасындай  жақсы  көрген. Есімді « күйші  бәйбіше»  деп  атаған. Осы  Есім  бәйбішеден  туылған  Сәуле  деген  қыз  болған. Бірақ ол  ерте  бала  кезінде, он  екі  жасында  қайтыс  болған. Бүгінде  Есім  бәйбіше  жерленген қорымда  Мұсатай, Исатай, Қысатай, Сәулелер жатыр. Олардың  бейіті  Дастар  тауының етегінде  Қарасор  көлінің  жанында орналасқан. 
Тәттімбет  Қазанғап ұлы  өзінің  әкесі  Қазанғаптың  жанына  жерленген. Оның  әкесі Қазанғап Шаншар-Айбикенің  жерінде «Арқалық»  ауылының  жанында  жерленген. Оның  себебі Қазанғап  Мыржықтан  жайлауға  кетіп  бара  жатқанда  жолда  қайтыс  болады. Ол  заманның салты  қай  жерде  қаза  болса  сол  жерге  жерленуі  керек  екен. Сол  себепті  Қазанғап  осы жерге  жерленген. Ал, Тәттімбет  қайтыс  боларының  алдында: «Әкемнің  жанына жерлеңдер» - деген  екен. Екінші  жорамал  бойынша  көп  жылдар  қазы  болып  сайланған  Тәттімбеттің ұлы  Мұсатайды  Балқан (Қу)  тауының  іргесінде  орналасқан  Көшім  еліне  болыс  етіп сайланған. Сол  себепті  Қазанғап  сол  Мұсатай  ауылынан  жайлауы  Нұра  бойына  көшіп бара  жатқанда  қайтыс  болған. Жоғарыда  айтылған  салтқа  байланысты  сол  жерге жерленген. Тәттімбет  қайтыс  болғанда  бүкіл  Орта  жүздің  өкілдері  жиналып: - Тәттімбет   Арғынның   бетке   ұстар  аяулы  азаматы   еді. Оның   мәйітін  Ахмет   Яссауидің   бейітінің жанына  апарып   қою   керек, - дейді. Сонда   Маңыбайдың   тұңғышы   Мінекей: «-Еліне   ардақты  адамның   сүйегін   алып   кетсеңдер, бүкіл   Арқадан   құт   кетеді. Ол - киелі   адам. Егер  атамның   аруағын  құрметтеп, қошемет   көрсеткілеріңіз   келсе, Яссауи   мавзолейіне оның  бір  қолын  шауып   алып, апарып   қойыңдар», -дейді. Бірақ    мұндай  ұсыныспен   көпшілік    келіспеген   болса   керек. Ақыры   күйшінің   өзі   өтінгендей, ол  Қазанғаптың   бейітіне   жерленеді.Өзі   өлер   алдында,әкемнің   бейітінің    аяқ   жағына   қойыңдар   деген екен.Ұлы    күйшінің   «Өлгенде   қолын   шауып  алып    кетіпті»деген    сөз  осыдан   қалса   керек.                                                        
Тәттімбет  ұрпақтарынан  Зекен  домбыра, скрипка, гармоньда  өте  жақсы ойнапты.Салахитдин  де, үлкен  әкесінің  күйлерін  шебер  тартып, біздің  заманға  жеткізген... 
Ақбота  болысы.
Шаншар  болысы  1841 жылы  екіге бөлінді:Шаншар-Нұрбике, Шаншар-Айбике. Шаншар-Айбике  болысын  Алшынбай  және ұлдары  басқарды, ал  Шаншар –Нұрбике болысын  Тәттімбет  Қазанғапұлы 1841 жылдан -1857 жылға  дейін  басқарды. 1857 жылы  кәсіпкерлікпен  айналысатын  болып (кенді  басқарды) өз  еркімен  орнынан босады. Ұлы  Мұсатай  оның  ісін  әрі  қарай жалғап  беделді  Қазылардың  бірі  болды Шаншар-Нұрбике  болысын 1870 жылы «Ақбота» деп  атаған. Сол  жылдан  бастап 1896  жылға  дейін  Семей  уезіне  қараған. Ал  Шаншар-Айбике  болысы : Арқалық, Едірей  болып  екіге  бөлініп  Қарқаралы  уезіне  берілді. 1896  жылдан -1927 жылға  дейін Қарқаралы  уезіне  бағынды.
1928  жылдан  бері  Абыралы  ауданының  жері.Сонымен  Тәттімбет  күйші  атамыз Абралыдан  шыққан  Қазақ  елінің  еркесі, атамызға  арналған  музей  Егіндібұлақта  бар. Бірақ ол  елге  жер  жағынан  ешқандай  қатысы жоқ.Дегенмен  атамызды «біздікі» деп  әр  ауыл мақтан  еткеннің  артықшылығы  жоқ. Мұхтар  Әуезов  Шаншарларға  мынадай  мінездеме береді: «Көрші  ел  шаншарлардың  қулары  дегенде  қатты  ығысатын. Ас, жәрмеңке  сияқты қалың  жиындарда  бір  жерде  тобымен  жиналып, күліп, сөйлеп  келе  жатады. Ойбай, Шаншар, келе  жатыр. Қылжақ  етеді»! деп  өрттен  қашқандай  дүркірей  қашады  екен. Бұл әдет  Шаншардың  мысқыл, мазаққа  ұста  болып, тауып  айтқыш, өткір  тілдігінен  туған  . Қандай  жанның  болса  да  мінін  таппай  қоймайды, мінін  тауып  алса  түндігінен ұшырғандай  қылып  соқтығады. Сөз  шабуылуымен  кімнің  де  болсын  есін  шығарып, есеңгіретіп  кетеді» деп  мінездеме берген. Шаншарлар  үш  анадан  тараған  олар: Айбике, Нұрбике, Қызданбике. Ақбота  болысы  Дегелең, Бөрлі, Едірей, Көкен, Мұқыр, Семейтау болыстарымен  көршілес  болған.
Дегенмен  Ертіс  жағы,  бүгінгі  Курчатов  қаласы  осы  Ақбота  болысының  жері. Шекарасы Дегелең  тауымен  Майлықара, Тарбақ, Қойтас  елді  мекен-дерін  қамтиды. Майлықарада, Айғыржал, Қаражал  деген  кен  орындары бар. Оларды  ерте  кезде (150-200 жыл  бұрын) жергілікті  қазақтар  ашқан. Бірақ  патша  заманында  кен  орындарын  қазақтардан  тартып алған орыс-татар  байларына  берген. Жандарал  жолы  осы  елдің  үстімен  өтеді. Қарабұлақ өзені  Едірей  тауынан  басталып  Ақбота мен  Дегелең  болыстарын  бөліп тұрады. Тәттімбет атамыз  Абыралы  ауданының  Ақбота  болысының  тумасы. Тәттімбет  қайтыс  болғаннан кейін  ұлы  Мұсатай  Қарқаралы  округтік  приказга  қазы(заседатель) болып  сайланды.     
Күй   құдіреті- Тәттімбет.  
Күймін-мен.Күйге  айналған   Тәттімбетпін, 
Алдында   алуан   күйді   тарттым  көптің.  
Қуаныш, қызық   сыйды   шанағыма,
Пернеден   мұң  мен   шерді   шерттім  де  өттім.
Мен   едім   ардагерің   арғын  асқан
Әр  кешім   әсем,нұрлы   таңға  ұласқан    
Серуендеп   шыққан  кезде   күйімменен
Сейілттім   қара   бұлтты   тауды   басқан           
Мен   туған  Мыржық   тауы, қандай   едің,   
Даламның   Күнге   тосқан   маңдайы  еді      
«Сарыжайлау», «Сарыөзекті»  төгілткенде
Сусыны,тыңбайтұғын, қандай   елім.           
Жүрдім  мен  бабам   салған   жолмен  ғана,
Ой  кештім  еркін, асқақ   заңмен   ғана.      
Күйіме  сыйып  кеткен   аспан  мен  жер,   
Қосылған  әуеніме  тау  мен  дала.                 
Салдым  мен  қоңыр  кеште  «Салқоңырға»,            
Бастым   мен  «Бес  төреге»  таң  шағында
«Айдос» пен  кезек беріп «Алшағырға».              
Аттандым  жауға  қарсы  атой   салып,     
Ерлерді  күйге  қостым  апай  төсті,    
«Сылқылдақ», «Былқылдақпен»-екі  ой  көшті.    
Елімен, жерімменен  қош  айтыстым                       
Көкейден  туған  кезде   «Көкейкесті»              
Таңбасын «Көш  жанаған » тасқа  салды,               
Ақылым  сезімменен  астаса  алды                     
Патшаның  өзі  келіп  медаль  таққан                                   
Шерткенде  төгілдіріп  «Қосбасарды»      
Алмасып  туған  жердің  жазы  жатты 
Өшпестей  өткен  күннің  сазы  қапты.
Жанымды  түршіктіріп  оқыс  ойлар 
Бір  күйім  туған  еді «Азына» атты, деп Бауыржан  Жақып  Тәттімбеттің  күйшілік  өнерін  өз өлең  жолдарына  қосқан. 
Тәтті   күйдің   атасы   Тәттімбет   болса   керек. Олай   дейтініміз, әсем сазды, ырғақты,жүрек   қылын  шертетін   әуен Тәттімбет күйлерінде  жатыр.   Тәттімбет   туралы    әлденеше   қанатты     сөздер,қызықты   аңыздар елге    тарады.Арқада « Тәттімбеттің  тәтті күйін, «Сарыжайлаудай»  сәтті күйін, «Сылқылдақ», «Былқылдақ»   сияқты  бапты  күйін тыңдамай,көкірек   балқып,көңіл   жусайма»деген   сөз де  бар.Тәттімбет  атамыз  небәрі  47 жыл    өмір сүрсе  де  артына  мол мұра  қалдырған. Оның «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Көкейтесті», «Қосбасардың» 12 түрі,  «Алшағыр»,  «Көш    жинаған», «Теріс   қақпай», «Сары  өзен», «Бес  төре», «Балқантау » сияқты   күйлері  домбырашылардың  сүйіп  тартып , тыңдау шыларын  сүйсіндіретін  көңіл  күйіне айналған..
Тәттімбеттің  күйді кімнен үлгі алып тартқанын, күйшілік өнеріне берілуіне   не    нәрсенің   түрткі    болғанын    ешкім    талдап   айта    алмайды. Ұлы   өнердің ізі  суымайды. Тәттімбеттің  кейбір күйлерінің таралу  тарихын  ел    аңыз  етіп  айтады. Тәттімбет-лирик, сыршыл  композитор. Оның  күйлері әсем сазды әуенге толы. Оны күй  аттарының  өзі-ақ айтқандай. Мысалы: «Сарыжайлауды» алып  қараңыз. Атының  өзі  біраз  жағдайаттан хабардар    етер бұл  ұлы күйдің  бойында  ұлан  даланың  бар болмыс  кескіні мен    тіршілік
тынысы жатқандай. Асығып, аптығуы  жоқ, барынша  салмақты, кең   сабалы сабырлықпен жайдары  тербелер сарын  сазы тайпалған  жорғасынан    жаңылмай, кең  сахара  төсімен ырғала  жылжып, ілгері  көшіп  барады. Күй сарынынан  сол  кездегі  қайран  даланың келмеске  кеткен сұлу келбеті    ұшқан құс, жүгірген  аң, тағысы, керімсал  самалы,соларға  өз төліндей,бауыр   баса еркелей елжіреген  адамы,тіршілік  тынысы танылады. Даланың көңіл көзі жетпесе, адамның  көзі  жетпес алапат кеңістігі. Сол кеңістікпен ғана үйлесе алар дархан дала  сипатты  «Сарыжайлау»   күйінің өн бойынан  өз өрім-бітімін  тапқан  Тәттімбет күйшінің  кемелді кемеңгерлігі сұңғыла суреткерлігі,әсершіл  сезімталдығы  шүбә келтірмейді.
Тәттімбеттің   қайғылы,философиялық  ойлы  күйлерімен қатар күлдіргі «Қара    атты   мен   торы    атты»   күйі    болған.Бұл   күй  халық  арасында    ұмытылып    кеткен.Ұлы  күйшінің 40-тан  астам  күйлері бар екені  белгілі.Алайда  сол  асыл  мұра  түгелдей  халықтың құлағына жетіп, назарына  ұсынылды ма?  Күйшінің  он  шақты  танымал  күйлерінен  басқасы  әлі  де беймәлім. Олар не радиодан, не  сахнадан  естілмейді. Тіпті ұлы күйшінің  атындағы  оркестр репертуарында да шертпе  күй  атасының  туындылары  толық  емес. Осы  бір  олқылықтың орнын  толтыру  мақсатында  облыстық  мәдениет  департаменті  мен  Қ.Байжанов  атындағы концерттік  бірлестік  тарапынан  әртүрлі  шаралар  қолға  алынуда. Солардың  бірі - Қарағанды  баспасынан  шыққан  «Сылқылдақ»  аталатын  Тәттімбет  күйлерінің партитурасы.
Халық  аспаптары  оркестріне  арналған  партитураға  Тәттімбеттің  бес күйі  енген.  Олардың оркестрге  лайықтап  жазған  белгілі  күйші, дирижер  Әбуғалисын  Шоқанбаев  Құрманғазы   атындағы  консерваторияны  тәмамдаған  білікті  маман.    
Он    тоғызыншы   ғасырдың     ортасы.Дәлірек    айтқанда  1851  жылы    Тасбұлақ, Суықбұлақ деген   жерлерге   киіз   үйлер   тігіліп, 48   болыстан   жиналған   халыққа   үлкен  ас берілді. Осы  игі  думанда  күйші  осы  жер   атына   сәйкес  екі күй   шығарды. Неге  екені  белгісіз осы  күйлер ел  арасына   киелі деп  аталып   кетті. Олардың   киелі болу себебінде  де үлкен мән болса   керек.
1855 жылы  24  наурызда  Ресей   патшасы  Александр ІІ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақ   өкілдерімен   Петербургке   барып    «Балбырауын», «Тепеңкөк», «Секіртпе», «Домалатпа»  күйлерін    орындаған. Сол   сапарда   ұлы  күйші   күміс  медальға ие болғаны белгілі. Сол медаль күні бүгінге дейін «Қаратау» совхозының  тұрғыны, Тәттімбеттің   шөбересі  Өзбек  Көбішұлының  отбасылық жәдігері ретінде сақтаулы.    
Қарағанды   қаласындағы  музыка  училищесі  де Тәттімбеттің есімімен   аталған. Сонымен   қоса Тәттімбет   атындағы   халық   аспаптар оркестрі  бар   екені  белгілі. Оркестр Тәттімбеттің  бірнеше  күйлерін  орындайды.
Күн шұғылалы республикамыздың бұрынғы астанасы Алматыдағы қазақ  консерваториясында 1971  жылдан  бастап  шертпе  күй  сыныбы  жұмыс  істейді. Ол Тәттімбеттің  мектебін  негізге ала  отырып  үйретеді. 
Тәттімбет  көптеген   білімді  ғалым   адамдармен  қарым-қатынаста   болған. Мәселен, Адольф   Янушкевич  1846 жылы  25  қыркүйектен   бастап  үш  күн  Тәттімбеттің  ауылында үш  күн болған,күйшімен   бірге  жүрген,  күй  тартқызған. Бұл  жайында  ол  өзінің «Күнделіктер  мен  саяхаттар»   атты  кітабында   жазады. Техника  ғылымының  кандидаты Юрий  Григорьевичтың  «Свидание  с  Сары-Аркой»  кітабында  «Золотая  домбыра Таттимбета»  деген  тарауында  Тәттімбет  өміріне  тоқталып, күйлері   жайында  баяндайды.
Тәттімбеттің  халыққа  істеген  бір  ұнамды  ісі  Қарқаралыда   Құнанбай  мешітін   салынып бітуіне  зор  белсенділік    көрсетіп  араласқаны. Архивтегі «Қарқаралы  селосындағы  мешіт құрылысы  жөніндегі  іс» деп аталатын  32  парақ  қағазда  мешіт  құрлысын  салу  жөнінде 1847 жылы 22 қыркүйекте  біздер төменде  қол  қоюшылар  мөр  басып, таңбасын   салушылар 5 қыркүйекте приказга  берген тілегіміз бойынша  Қарқаралы селосында (селен иесінде деп жазылғын) мешіт  салып, оған  ерікті  түрде қаражат  жинап  береміз»  деп  16  болыс правительдерінің  ішінде  6-шы  болып  Нұрбике-Шаншар  болысы  Тәттімбет  Қазанғапов  қол қойған.  Бұл  мешітті  Құнанбай  Өскенбайұлы  1851 жылы  20   қаңтарда  шекара  бастығына жазған  хатында  мешіттің  салынып  біткенін  хабарлайды.  
Күй  тарихы.
Қазақ халқының ардақты ақыны Жұбан  Молдағалиев  Тәттімбет  атамыздың  «Сарыжайлау» күйіне  арнап  мынадай өлең   шығарыпты.
«Сарыжайлау»
Біреу-ақ    Құрманғазы- күй  құдайы,
Сыйлайды   «Сарыарқаны», қиды  «Адайды».
Күркіреп    көбік   шашқан   Атыраудай,
Кеудеме  көк   дауылын    құйды   ұдайы.
Ал   мынау   Тәттімбеттің  «Сарыжайлауы»,
Алдыңа   әкеледі  сан   жайларды.
Қыз    дүние, қызық   дүние  бір  сарыны,
Күңіреніп   енді   бірде   зар   жайлайды.
Тарлан  күй    тербеледі, теңселеді,
Талай    қыр,  талай   сырды   еңсереді.
Сермейді,сұңқылдайды,сыңғырлайды,
Ез  емес,  еңселі   ері, ел  сенеді.                                                                      
Сарыжайлау
Композитор «Сарыжайлау» күйін  Майдасары   жайлауына  қоныстаған  кезінде, күз мезгілінде   шығарған. Мұнда    табиғаттың    әсем   суреті, жаз сайрандағы  рахатты  шақтар бейнеленеді. Күйдің   ішкі  философиясы   табиғатты  суреттеу  арқылы  жаз думанын  бастан кешкен  адам  өмірінің   қайта   оралмас   бұралаң   жолдарын  табиғат   мезгілімен салыстыруды   меңзейді. Күй   табиғаты  сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік  нюанстар мен  әсем ырғақты  иірімдер  тыңдаушысын  бірде  желпіндіріп, енді  бірде  тәтті мұң толқынымен  тербетеді.
Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің  шығу тарихы  әрқилы  айтылады. Күйшінің  ұрпағы болып  келетін  Тұрысбек   бұл  күйден  адам  өмірінің  көк  майса  жасыл  жайлау  төрінде сарқырап  аққан  өзендей  өте  шыққан  жастық  шағын  еске  салумен бастап, нәзік  те  әсем иірімдермен  айнала  қоршаған  табиғатқа, тіршілік  тірегі  болған  туған жерге деген сүйіспеншілік, ынтызарды   көреді. Күйдің бүкіл болмысынан  біресе, құйқылжи  құйылған жігерді, енді  бірде  пәкті  мұң  толқынын сезінесің.
Бес  төре.
Патша  сарайында  домбыра  тартқызып, бір  мақтанып  қалу  үшін төрелер  Тәттімбетті өздерімен  Петербургке  ерте  барған. «Бес  төре » күйінің  шығуына  төрелердің  патша алдындағы  жағымпаздық, жандайшап  жасанды  қылықтары, ел  ішінде  жасаған  озбырлық   әрекеттері  себеп  болса  керек. Тағы  бір  дерек  бойынша:Тәттімбеттің  Омбыға  барған сапарында  туған  делінген Оның шығу тарихы төмендегідей  баяндалады:
Тәттімбет  бір  ауылда  мәжіліс  құрып, гулесіп  отырған  азулы билер  мен  төрелер ортасында өз  кезегін  алып,тыңнан  бір күй  толғайды. Тосыннан  тартылған  бұл  күйге  тыңдаушылар елеңдесіп  қалады. Анықтап  аңғарған  адамға  күй  бойында  шымшыма  сықақ, әжуа  күлкі бар екендігі  байқалады. «Апыр-ау, мына  бұрын  естімеген  күйді  не  оймен  ортаға  салып отыр  екен?» деп  ойлаған  пысықтау  біреуі  күйдің  шығу  тарихын, мән-мағынасын  сұрайды. Сонда  Тәттімбет  оған: 
«-Күйдің  аты- «Бес  төре »   
Бесеуі  де  мес  төре,               
Санаң  болса  кеудеңде,      
Жұмбағымды  шеш  төре,   
Өз  еліне  қасқырдай,               
-Неге  мұнша  өш  төре?! »   деп жауап  береді.
«Бес  төре» күйінің  әуенінде  өткір  юмор  бар. Және де  тыңнан  қосылатын  әуеннің  жаңа  фрезалары  күйдің  диапазонын кеңейтіп, толықтыра  түседі.
«Бес  төре» күйі  комозитордың  өткірлігін, әрі  тапқыр, ұшқыр  қиял  иесі  екендігін аңғартады.    
Көкейкесті.
Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – Көкейкесті  күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі. «Көкейкесті» күйін  үздік  орындайтын Ақсуат ауданында тұратын  қарт   домбырашы Бағаналы Саятөлеков былай деген:  «- Тәттімбет - өмірінің   соңғы жылдарында   қатты  науқастанып   жатқанда  елдің   атқа  мінер  азаматтары   көңілін   сұрай келіп, Тәттімбеттің   күйшілік   өмірін мақтанышпен сөз етеді. Сонда күйші  домбырасын алып төсіне  қойып  күй   тартыпты. "Бұл қай  күй?" дегендерге:
-Күйімнің аты «Көкейкесті»  деген екен. Бұл күй күйшінің  інісі Жақсымбет   арқылы  елге таралған   деседі. «Көкейкесті» күйінде Тәттімбет табиғат  сипатын  сырттай  қабылдап қапысыз  бейнелер суреткер, оқиға болмысын күй тілінде сөйлетер дара сезім  иесі дәрежесінен  әріге,тым  терең тұңғиыққа   бойлап  заңғар биікке  кемеңгер  философ  деңгейіне бара  алған. Аз  ғана   ғұмырының  түйінді  тұсы, егілген   көңіл, еңіреген  тірлік, адами  бар болмыс «Көкейкесті» тілінде сөйлейді. Көкейдегі көңілін, кешкен өмірін көрген  қуаныш, қайғысын, үзілген үміт, жалғасқан тірлік атаулының бәрін кемеңгерлікпен толғау, кемелділікпен  өлшеп-піше алғандай  ма дерсің. «Көкейкестінің» терең  философиялық  мәні де, осында жатыр. Кейбір деректерде бұл күй Тәттімбеттің әйелі Есімге арнаған күйі делінген. Сылқылдақ.Тәттімбеттің  Құрманғазы  атындағы  мемлекеттік  халық  аспаптары  оркестіріне түсірілген  күйлерінің  бірі-«Сылқылдақ». Бұл  күй  нәзік  лирикалық  сарында  жазылған. Осы күйді  композитор  өзімен  сайысқа  түскен  домбырашы  қызға  арнап  тартқан  дейді. Бұл жұмсақ  сезім, жұпар  самалдай  бірден  тыңдаушы  жүрегін  баурап  алады. Күйдің  атына заты  сай. Күйдің  тұла  бойында  жастық  шақтың  тас  қайнатар  қызулы  жалыны, жарық дүниеге  деген  іңкәр  жүрек  дүрсілі  қамшының  қос  өріміндей  берік  желі  есіп   тартылған. Былқылдақ.Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал Былқылдақ күйі жер атына байланысты, елде Былқылдақ атты сазды жайлау болған. Күйдегі  романтика– мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр. Ел  аузындағы  тағы  бір аңызда Тәттімбет осы  күйін   Былқылдақ атты  сазды  жайлауда  отырған  шақта  бір  сұлу  қызға  арнағандығы  айтылады. «Былқылдақ» күйін  алғаш  нотаға  түсірген  белгілі  фольклорист  А.В.Затаевич. Ол  бұл күйді К.Тіленшин  деген  домбырашыдан  жазып  алып, өзінің  1931  жылы  басылып  шыққан «Қазақтың  500 ән-күйі» атты  кітабына  енгізген.
Тәттімбеттің «Алшағыр»күйінің  тарихы  былай  әңгімеленеді. Мыржық  деген  қалмақ батыры бастаған  жау  елге  маза  бермеген  кез  екен. Қарқаралы   төңірегінен   Алшағыр батыр  қол   бастап   жауды   жеңіпті. Жеңілген   қалмақ   батыры   Мыржық   жараланып  өлер алдында  «мына  тауға   менің  атымды   қойыңдар» деп   ақырғы  тілегін   білдіріпті. Тәттімбет туған  жер  ақ   қайың   шынар,  терек  өскен,  сылқылдап   тоқсан  бұлақ   ағатын «Мыржық» тауының  тарихы  міне   осындай. Тәттімбеттің   «Мыржық»  күйі  осы  жердің  әсем табиғатына, туған  жерге  деген   сағынышқа  арналған.
Шаншар  руын  1824-1843  жылдар   арасында  Абылайханның   немересі  шам  басқарды. Бір болыс  болады. Халқының   саны  3300  отбасына  жетті. Қарқаралы   округтік  приказда  аға сұлтан  болып   Бөкейханның  немересі Тұрсын  Шыңғысов 19  жыл  сайланды. Осы  аға сұлтанның  орнынан  түсуін   талап  еткен  азаматтың  бірі  Тәттімбет. Шам  Аблаевпен Тұрсынов  екеуі  Алшынбай  мен   Қазанғапқа, Тәттімбеттерге  жол  бермейді.
1843жыл  Шам  дүниемен  қоштасты. Шаншар  болысын  екіге  бөлді. Шаншар –Айбикені Алшынбай, Шаншар - Нұрбикені  Тәттімбет   басқарады. Қазанғапты  бұл  орынға  бекітпеді. Тәттімбет бірден  халық  қамын  ойлады. Майлықарада мектеп салғызды. Бірақ  көп  ұзамай мектепті  Дегелең- Майлықарадағы   солдаттар  талқандап  кетті.
Тәттімбет  атамыз  оқығандар  ғана  қоғамға  пайда  әкелетіні  түсінді. Сол  үшін  осы  мектепті салғызған. Тәттімбет  Қазанғапұлы  салғызған  мектеп  Абыралы  өңіріндегі  тұңғыш  мектеп болған. Осы  мектептен  кейін  бірнеше  болыстарға  мектептер  салына  бастады.  Бұл мектепте  1850-1953  жылдар  арасында  100  жылдан  артық  уақыт  арасында  мыңдаған балалар  білім  алған. Оны  бітіріп  шыққандардың  көпшілігі  ерте  замандарда  ағартушы қызметін  атқарған. Совет  заманындағы  мектепті  бітіргенде  әртүрлі  мамандықтардың иелері  болды. Бұл  мектеп  Абыралы  ауданын  таратып  жібергеннен  кейін  бұзыла бастады. Зонадағы  солдаттар  өздерінің  казармаларын  салу  кезінде  мектептің асты-үстінің тақтайларын, есік- терезелерін  бұзып  алып  кетті.
Тәттімбет-  кәсіпкер,финансист.
1843   жылдан   бастап   Тәттімбет   кен   өңдеу  жұмысымен   айналысып   кеткен. Сол  кездегі кен   зерттеуші,белгілі  кәсіпқой   орыс   Степан   Иванович   Попов   Қарқаралы   мен Баянаул атырабында  түрлі  кен  байлығы  бар   екенін   анықтаған. Бұл   аймақтан  17  кен   орны табылған.Тәттімбет  пен  Попов   бірігіп, осы   өңірден   кен   өндіруге   рұқсат   сұрап, Алтай тау-кен   заводының   бас   басқармасына   өтініш   жіберді.
Ақыры  олар  Қарқаралы, Балқан   аймағынан  1300 шаршы  шақырым жерді   игеруге   рұқсат алады. Кен   қазба   жұмыстарының  ең  тиімді  жолдарын  іздестіре  отырып, олар  Қарқаралы төңірегінде кені бай  Бөріқара  аласынан   кен   өндіруді  бастайды.Келісім  бойынша  бұлар бұл  жердің  кенін 1939  жылға  дейін  алып  пайдаланамыз деген. Кеніш  жері  сонау Баянаулдан  Қарқаралыға  дейін  көлемді   болғандықтан  мұның  өндірісін   жеделдету  үшін осы  екі арадағы  Балқан  тауының  етегінен  ынталылар завод салуды  ұйғарды. Шикізат өңдейтін  бүтіндей  бір  завод салу әрине техниканың   әлі   дамымаған  кезінде  оңайға түспейтін  болды. Сондықтан  завод  салушылар үкімет орындарынан  көмек  сұрады. Сонымен  Сарыарқадағы   бесқазылықтың  бірі  Қу тауының (ертедегі  аты  Балқан) оңтүстік-шығысынан  жалғасқан  Желқара-Босаға  деп аталатын  екі үлкен қоңыр биіктің кең аңғарында, табиғи өсімдігі мол, қысы-жазы сарқырап  ағып жататын Түндікті өзенінің қабағынан қазақ жерінде  Тәттімбет  күйшінің  бастауымен   тұңғыш   металлургия  заводының ірге   тасы  қалана   бастады.
Келешек   заводтың  жанынан   жұмысшыларға   арнап,40  жатақ  үй  салынды, ат-көлік   және құрылысқа  қажетті   басқа  да  жабдықтар берілді. Көп күшімен көп кешікпей завод мұржасы көкке бой созды. Онда келіп түскен алғашқы  шикізатта  өңделе   бастады. Завод  Степаново-Благодатное  деп аталды. Алтай  кен  басқармасының   тапсырысымен   бұл  заводтың   жай-күйін  білуге  келген   кен   инженері  Н.Г.Зубарев  өзінің   бір   естелігінде   былай  деп  жазған көрінеді. «Нұрбике-Шаншар» елінің  болысы Тәттімбет  Қазанғапұлы  ұйымдастыруымен 1844 жылы Түндікті өзенінің   жағасында  түрлі-түсті  металл  қорытатын  завод   салынды. Ол 1861 жылға  дейін  шикізат  өңдеп  өнім  шығарады. Осы 17  жыл  ішінде  қазақ  жеріндегі бұл бірегей  кәсіпорын  1294 тонна қорғасын, 44 тонна қара мыс, 575 килограмм алтын араласқан күміс қорытты. Бертінірек  өндіріс  құралдарының  тозуына байланысты завод біржола өз жұмысын   тоқтатты. Тәттімбеттің  қарсыласы   Маңыбайұлы  Мінекей 1861  жылы  заводты айналасындағы  жатақтарымен, қора-қопсысымен   қоса   өртеп   жағып   жібереді.  Мұндай қастандыққа  Желқара, Босаға   жерлеріне  арнап    күй   шығарады. Бұл  күй Тәттімбеттің белгілі  күйлерінің   бірі  «Аққу  күйі». Жалпы  Маңыбай  ұрпақтары  күйшінің  өнерлік, төрелік, билік  атағын  көре  алмай  үнемі оған  қастандық  жасап   тұрған. Тәттімбетті «өркөкірек, менмен, мансапқор» деп сықақ  өлең  шығарып   жүрген  де солар. Зауытты  өртеп жібергенде де солар, және де Тәттімбеттің сүйегін басқа жерге алып кетсек оның  аруағымен бірге елімізден  құт-береке кетеді. Егер атақты күйшімізге  әйгілі  қожаның  мавзолейі  лайық деп есептейтін  болсаңыздар,онда  сіздер оған  оның бір қолын  шауып алып  апарып қойыңыздар,-депті. Бұл  ұсыныс кейбір тарих   зерттеушілердің   айтуына  қарағанда   Мінекей алғырлығынан туған деседі. Нақтырақ айтар  болсақ  бұл  қызғаныштан  туған  ұсыныс. Себебі Тәттімбеттің сүйегі дуалы жерге жетіп, атағы  тарихта  қалмасын  деп, қолын   шауып  апарып қойайық   деп жүргені  көріне   көзге мазақ. Дегенмен   мұндай  әңгіме   арасына  аңыз   болып таралып кеткен  де  оған   әркім  өзінше  пікір  айтқан. Бірақ  Мінекейдің  осындай  ұсынысты қандай оймен жасағанына ешкім мән бермеген. Кейбір деректерде Тәттімбет Қазанғапұлы Кенесары  қолын  қаруландырған  деп  жазылған.  
Тәттімбет Қазанғапұлы  өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қол-таңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ. Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырып өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, танылған суреткер – күйші –композитор. Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп,жанымен сүйсінген,күй жанрының болмысын шынайы ұққанөнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық қорына жатады.
Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің  дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Ердің атын еңбек шығарады

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын - Алланың айрықша мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял - ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі,тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға ғып қалыптастырады. Біздің Марқа өңірінде елдің қамын ойлайтын,елді береке бірлікке шақыратын тұлғалар бар. Сондай асылдарды тілге тиек етер болсақ,аты көпке танылған, Марка өңірінің даңқын шығарып,абыройын асыратын айтулы ұлдарының бірі-Набиолда Салихұлы Кемешев.
Қайсыбір адамдарда ешкімнің еншісіне бұйыра бермейтін арқалы қасиеті болады.Ол-дарын. Бұл қасиет ананың құрсағында жатқанда-ақ дариды,яғни дарын Алланың адамға берген сыйы. Менің ойымша, Набиолда Салихұлы Кемешев осындай дарын иелерінің бірі,мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан дарабоз дүлдүлі.
Өнер кім көрінгеннің басына қона бермейтін киелі құс тәрізді.Өнерді сүйетіндер өте көп. Алайда өнерге бар ғұмырын арнаған адамдар көп кездесе бермейді. Набиолда аға өнерін өміріне серік еткен өнер тарланы. Набиолда Кемешев "Сегіз қырлы бір сырлы" өнер иесі. Алайда Набиолда ағамыздың бойындағы қырларын санамақ болсақ,бәлкім,сан жетпес-ау. Набиолда аға-әнші,сырнайшы,домбырашы, сазгер, сатирик, ақын,прозашы, шежіреші. Бір адамның бойынан осыншама өнер түрлерін көру таңғаларлық емес пе?
Набиолда ағаның өмірі жайлы тоқтала кетсек. Набиолда Салихұлы Кемешев 1949 жылы 6 сәуірде дуниеге келген. Әкесі Салих он саусағынан өнер тамған ағаш шебері, темірден түйін түйген ұста болған. Ал анасы Күлжихан бесаспап, орнықты, әнші, домбыра тартатын, өнерлі жан болған. Үйінде алты ағайынды. Ата-анасы балаларын бос сөз құр ақылмен емес, өнегелі өмір сүру дағдысымен тәрбиеледі. Ата кәсібін меңгерген Набиолда аға өнерге тым жақын болып өсті, ақын, сазгер, әнші, домбырашы, сырнайшы болды. 1974 жылы Өскемен қаласындағы мұғалімдер даярлайтын институт музыка факультетін,2005 жылы Қазақ Америка еркін университетінің психология факультетін бітірген. Набиолда ағаның жетістіктері өте көп.Набиолда аға Шығыс Қазақстан мемлекететтік университетінің құрметті доценті, Халық аралық''Шабыт'' фестивалінің лауреаты, ШҚО әкімі сыйлығының ''Еңбектегі ерлігі үшін»,''Астананың 10 жылдық''медалдарының иегері, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері. Сексеннен астам ән шығарған сазгер''Жүрекпен сырласу”,”Өмірім өлеңім”атты әндер жинағы, “Ұрпағыма өсиет” атты төрт кітаптың авторы. Ақын, жазушы, сықақ жазу шебері. Оқысаң ойға қалдыратын, терең мағыналы мақал-мәтелдері,нақыл сөздері бар. Мәдениет үйінде жеті бірдей ұжымда ''Халықтық''атағы бар. Қазір Күршім ауданы Теректі ауылының мәдениет үйінің директоры. Набиолда ағаны ерекше ілтипатпен ''Нәбіш аға'' деп атайды. Нәбіш аға: "Бойыңа өнер дарыған екен, оны көпшілікке көрстіп, бағасын алуың, сахна арқылы өз қатарыңа жас таланттарды да тартуың керек''дейді ғой. Осы сәтте ''қашан? қай жерде? қандай жағдайда?’’ деген сұрақтардың тууы да анық қой. Кезінде кеңестік қолдау нәтижесінде Марқа өнерпаздарына Болгарияның, ГДР-дің, Монғолияның, Қытайдың көрермендері қол соққан, бұрынғы Одақтың астанасы-Москва сахнасында да шығып, Қазақстанның Алматы, Шымкент, Көкшетау т.б. қалаларында жұртшылықты тәнті еткен.
Набиолда Кемешев 1991жылы ШҚО делегациясының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұлықтауына қатысты. Жақында Нәбіш ағамен сұхбаттасқанда ол кісі былай әңгімелеп берді;''Ол кезде мен ШҚО кеңесінің депутаты болатынмын. Менің өмірімде осы рәсімге қатысуым–үлкен бақыт. Ата-бабамыз дәстүрімен ақ киіздің үстінде тұрып, қолын Конституцтияға қойып ант беруі бізді қатты толқытты.
1989 жылы Марқакөл ауданының 50 жылдық үлкен тойы болып,Алматы қаласында жәрмеңкеге қатыстық. Жәрмеңкеге Елбасының келіп қоныстанатынын білдік. Үлкен кіре берісте Шығыстың ақыны Абаш Кәкенов күтіп тұрды. Бір кезде біздің ауылдың киіз үйінің тұсынан Н.Ә. Назарбаев келе жатыр, кім қарсы алуы керек еді деген сөз шығып, мен ойланбастан домбыраны қағып-қағып жіберіп,тілек-батамды беріп, өлеңдете жөнелткен кезім болатын.
Н.Ә. Назарбаев Марқа жеріне келгенде ипподромда туған інім Қайролдаға кезек беріп, өзім киіз үйге кірерде он шақты шумақпен қарсы алғанмын'', - деді. Набиода аға-қайраткер. Сонау өткен 90-жылдардың соңындағы солақай ықшамдандыру саясатының кезінде телімге түсіп кеткен Марқакөл ауданы, оның орталығы Теректі ауылында аңшылардың қосқа тастап кеткен мылтығы сынды жеке дара қап, әлі күнге сол Алтайдың қиян үкпіріндегі жылтыраған мәдениет пен өнердің жарығын өшірмей, қаламтасын қағыстырып отырған да – Набиолда аға.
Абай атамыз айтқандай;
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Cен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар, қалан
Әр адамның бақыты-дүниеде өз орнын тауып,кірпіші болып қалана білуі. Осындай бақытқа ие болған адам-Набиолда Салихұлы Кемешев. Набиолда аға осындай дәрежеге еңбекқорлығының арқасында жетіп отыр. Еңбекқорлық кез -келген адамда бола бермейтін қасиет.''Еңбек етсең-емерсің, ерінбесең-жеңерсің''емекші Нәбіш аға бүкіл саналы ғұмырын өнерге арнаған,сол өнер жолында қаншама сындардан өтіп, шыңдалды, мақтанышпен атайтын ''Марқаның марқасқасы'' атанды.
Набиолда аға жайлы көп мақалалар жарық көрді, әлі де ол кісі жайлы жазыла бермек. ''Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын'' демей ме халық даналығы. Ендеше, Набиолда ағаға өнердің жанашыр азаматы,қолдаушысы ретінде ''Өнеріңіз өрге жүзсін,табысқа жете беріңіз, Сіздің артыңыздан ерген шәкірттеріңіз көп болсын және шығармашылығыңызды түсінетін оқырман қауымыңыз көп болсын'' деген балалық тілегімді шын жүректен арнағым келеді.

Сабранова Мадина
Күршім ауданы
1 Теректі орта мектебінің
11-сынып оқушысы

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Балалардың серуендері

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов мұрасының зерттелу жайы

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5.01.1916 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30.06.2004 жылы  қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын,  педагог. 
«Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады», деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”, "Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен.  сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: «Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары  Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов,  Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты». Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді. 
Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар.  Қайым 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты Ғабдұлқайым. Бұл кез алашорда зиялыларының Семейге жиналып, қаланың қазақ халқының рухани орталығына айналған кезі еді. Қазақтың атқамінер ел басылары, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің дені осы қалада тұратын. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы (1870-1937) өз заманында көзі ашық, көкірегі ояу әрі ауқатты азамат болған. Сондықтан ұлын 1924 жылы Семей қаласындағы төрт жылдық бастауыш мектепке оқуға береді. Өз халқының ұлттық тарихы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлген зерделі әке «Айқап», «Шора» журналдары, «Қазақ»,  «Дала уалаятының газеті», «Сарыарқа» газеттерін жаздырып алып, өзі де оқып, Қайымның да білімі мен мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік жасайды.
Әр уақытта бала Қайым өзінің әкесінің қасында Мұхтар Әуезов, Көкбай Жанатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғалы қазақ арыстарын көріп өсіпті. Осының барлығы кейіннен Қайым Мұхамедхановтың үлкен синкретикалық дарынының кеңінен құлаш жаюына септігін тигізгені аян. Сол жас кезінде бұл үйде Мұхтар Әуезов тұңғыш "Ес аймақ" мәдени үйірмесі қойған сахналық ойындарының репетицияларын өткізіп тұрыпты.
1917-1918 жылдарда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған «Абай» журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады.  Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады. Қайымның әкесі Мұхамедханның шаңырағында «Алаш» партиясының көсемі және «Алашорда» үкіметінің басшысы Ә.Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Әуезов және т.б. көрнекті адамдар қонақта болып, дастарханынан дәм татып, қазақтың келешегі туралы келелі басқосулар өткізіп тұрған. Қазақ зиялыларының аузынан естіген ұлағатты тағылымдары Қайымның қазақ халқына және оның сөз өнеріне деген балалық махаббатын оятып, ұлттық рухани нәрдің болашақ ғалымның жан дүниесіне терең сіңіп, мықтап орнығуына негіз болған алғашқы академиялық  дәрістер еді. 
Бұл турасында ғалым былай деп жазды: «Әкем Уақ руынан, көзі ашық, көңілі ояу, мұсылманша да орысша да сауатты, қолы ашық, кең пейілді момын адам болыпты. Ертеде ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Төңкеріс кезінде Семейден шыға бастаған Алаш үні «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына меценат ретінде көмек көрсетуі сол ұлы ақын көрсеткен өнеге-тәрбие емес деп кім айтады. Өзіне жетерлік кітапханасы да болды.  Алаш арыстары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Әуезовтермен де қоян-қолтық араласатын».  Үміт күткен баласын тәрбиелеуде барын салған әке Қайымның кемелді азамат болып шығуы  үшін қолынан келгенің бәрін де істеген. Шәкерім, Көкбай ақындарды Семейге  келген кездерінде Мұхаметхан үйіне шақырып қонақасы беріп, құрметтеп отыратын болған.  Әкенің ойлағаны бір ғана Қайының көкірек көзін ашу, ұлылардың тәрбиесіне бейімдеу. Бұл үйдің қабырғаларына әдеби рух сіңісті болған деуге әбден лайық, себебі мұнда бір кездерде ұлы Абай атамыз болған екен, ақын-гуманист, ойшыл-философ Шәкәрім қажы табалдырығын аттағаны мәлім. Жанына жамандық қонбаған бала кезінен бастап ұлтын сүюге, таза өнерге деген махаббатын ояту болғаны түсінікті. Осылай ғалымның  балалық шағы қазақ әлеміндегі біртуар тұлғалардың сөзіне тұлғалардың сөзін тыңдап, әңгімелерін естіп, зиялы ортада өтеді. 
Бала Қайымның  дана болып, «абайтанудың білгірі» атануының  бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы  болды. Ол дарынды ақын, жазушы, публицист болды. 1937 жылы жазықсыз жала жабылып,  репрессия құрбаны болды. 1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет, М.Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, 27 қарашадағы УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп, 2 күні атылған. 
1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таржыға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым  сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала  көтеріп, төзе білді. Ел санасын есеңгірткен азапты жылдар оқуға құштарлығына бұғау болып, ерте жасынан еңбекке араласты. 1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінеде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді. Семейдің мұрағатында бұл жайлы хаттамалар сақталған.                Бұл жөнінде ғалым: «Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім»,-деп еске алады.
Қайым әкесі туралы деректі 1990 жылдарға дейін ала алмайды. Бұл ақиқатты куәландыратын Семей қалалық прокуратурасының берген анықтамасы айғақ болады. Анықтама 1992 жылы 3 ақпанда берілген. Онда 1937 жылы 24 қарашада ұсталып, 1937 жылы 2 ақпанда атылғаны айтылып, жерленген жері белгісіз делінген.  1989 жылы 25 сәуірде Мұхамедхан Сейітқұлұлына жабылған жала алынып тасталды.  Қайымның әкесінің көмусіз, атаусыз қалуы оған қатты батса да, ол бар жан-тәнімен әке үмітін ақтауға тырысты. 
Қ.Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі.  Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.
Қайым Мұхамедханов  саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады.  Абайдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлымен бірлесе отырып, мұражайда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар, құжаттарды жинастырады. Бүгінде кемелденіп қорық-мұражайға айналған үйдің ғылыми әдеби ортасының қалыптасу ісі де Қ.Мұхамедхановтың табандылығымен жүзеге асқан. 
«Абай» журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов  көп еңбек сіңірді. Қайым  Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500-ден асады екен). Мысалы, «Халық ақыны Са¬пар¬ғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов – алғашқы кә¬сіби қазақ суретшісі», «Қ.Еркебаев және С.Әлім¬бетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «І.Бораганский»,  «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақа¬лаларындағы тарихи тұлғалар ғалым¬ның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, «Абайдың бұрын жарияланбаған өлең¬дері», «Түзелгені қайсы? Түсініктері қай¬сы?», «Қазақ әдебиетінің адал досы», «Саади Ши¬рази», «Құдай деген сөзден құдай сақтасын» жә¬не тағы басқа мақа¬ла¬ларындағы әдеби-танымдық, та¬рихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың бо¬ла¬шақ зерт¬теулерінің ғылыми діңгегіне айналды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өл¬келік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қайым Мұхамедханов еңбекте¬рінсіз елестету мүмкін емес . Бұл туралы белгілі әуе¬зовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү¬сініктеме жазған библиограф, Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт¬теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс¬қа¬ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз¬ды қағазға түсірген фольклорист», – деп ба-ға¬лай¬ды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шы¬ғар¬машылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шы¬ғармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі «Әзім әңгімесі» туралы Қ. Мұ¬хамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айнала¬сындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жат¬қан белестердің мол екені мен Қ.Мұха-медхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана («Абай шығармаларының текстологиясы». 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстоло¬гиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сегіз аяқ», «Қансонарда», «Сап-сап көңі¬лім», т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз  .   
Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығарма¬ларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.  
Қайым Мұхамедхановтың туған жерінде, Алаш азаматтарының басы қосылып, ел бола¬шағы туралы пікірлескен қасиетті Семей топы¬рағында ғалымды еске алуға арналған іс-шара¬лар өтіп жатыр. Мәселен, № 47 мектепке «Қазақтың қайсар ғалымы» атты ұлы Қанағатпен кездесу кеші өтті. Ғалымның ғылым жолында көрген қиындықтары мен өмірінің қызықты сәттерінен әңгіме өрбітті.  Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі Қайым Мұхамедханов өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек. 
Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. 
Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Қайым  шығармаларының тағы бір қыры- оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қайымның «Толқын» (1994), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), «Ер Білісай» (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді .
Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың «Аршин мал алан» (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің «Бишара Лизасын» қазақ тіліне аударды. 
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұқамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы     Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты. Бірақ, оның бәрі Қайым Мұхамедханұлының өмірге деген көзқарасын, тарих, әдебиет саласындағы ұстанымын өзгерте алған жоқ. Жалпы, ұлылардың сарқыты, ұстаздардың ұстазы атанған Қайым ағаның өмір жолы мен шығармашылық шаруасына кеңірек тоқталмауымыздың бір себебі, ғалым ағаның ерен еңбектерін ұлтжанды оқырмандар тегіс біледі деген сенімдеміз. 
Ол қазақтың Қайымы еді. Жастық шағының қызығы мен қиындығы, қуанышы мен күйініші кезектесіп, жазықсыздан жазықсыз жиырма бес жылға сотталып, алаңсыз әдеби еңбек ету егделік ғұмырының ғана еншісі болған соның өзінде артына аса мол мұра қалдырған ғұлама Қайым аға Мұхамедханов. Әдебиетші, зерттеуші, сыншы, аудармашы ретінде тындырып кеткені қыруар әсіресе, абайтануды, сондай-ақ  Мұхтар Әуезовтың бүкіл өмірін паш етуде төккен тері өлшеусіз. Абай шығармаларының текстологиясын жан-тәнімен тәптіштеп реттеуі, ұлы ақынның мұрагерлері туралы төрт кітап жазып шығаруы - небір үлкен ұжымның да қауқары жетпес шаруа. Қазақ республикасының тұңғыш гимнің авторы болғаны - өз алдына зор мәртебе.
Қайым Мұхамедханұлы – түпнұсқа иесінің ойын тереңіне танып, тебіренге толғайтын шебер аудармашы. Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен «КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі», «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» белгілерімен Құрмет грамоталарымен наградталған. Семей қаласының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы .
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Поэмаларының ерекшеліктері Қайым Мұхамедханұлының әдеби мұралары жинақталып, бас-аяғы бүтінделіп, бір арнаға түсірілген жоқ. Баспасөз беттерінде жарық көрген, жанұялық қорында сақталған шығармаларын топтап айналымға енгізу - әдебиеттану ғылымындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Қазірде Қайым Мұхамедханұлының кең көлемді екі шығармасы белгілі: Бірі – «Жамбыл» атты толғауы, екіншісі – «Орындалған өсиет» атты поэмасы. «Жамбыл» атты толғауы 1938 жылы жарық көрді. Абайға арналған «Орындалған өсиет» атты поэмасы баспа жүзінде жарық көрмеген, Абайдың республикалық мәдени-тарихи, әдеби-мемориалды қорық мұражайының қорында сақтаулы. 
«Жамбыл» атты толғаудың басты кейіпкері қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев. Туынды тақырыптың мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік мақсаты жағынан өнер адамын ашып көрсету, оған деген халық құрметін паш ету. 
Абайға арналған «Орындалған өсиет» поэмасы 1940 жылы жазылған, тақырыптық мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік ерекшелігі жағынан өнер адамын дәріптеу, халқының ақынға деген құрмет мейірін жеткізу. Қайым  Мұхамедхановты ақын ретінде арнайы зерттеуіміздің де себебі осында. 
Жалпы Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.
Бала кезінен таныс болған Қайым Мұхамедханов ұлы жазушы және ғалым, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен отбасы достығының эстафетасын әрі қарай  жалғастырып әкетті. Кейіннен осы қаламдас ағасының кеңесімен жігерлі де ізденімпаз жас Ғабдулқайым тынымсыз еңбектің арқасында Абайдың, балалары Ақылбайдың, Мағауияның, Тұрағұлдың, оның замандас шәкірттері Әсеттің, Шәкәрімнің, Әріптің, Көкбайдың және ізбасарлары Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймаутовтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. өмірі мен шығармашылығын зерттеумен ұқыпты шұғылданды.
1995 жылы «Атамұра» баспасы Қ.Мұхамедхановтың «Абай мұрагерлері» деген атпен ұлы ақынның тоғыз замандас шәкірттері мен ізбасарлары туралы очерктер мен мақалалар енген кітапты он мың данамен жарыққа шығарды.
Өзінің ғылыми-зерттеу еңбектерінде Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелген емес. Оның қаламынан Пушкин, Лермонтов, Тарас Шевченко, Әлішер Науаи, Ғабдулла Тоқай, т.б. туралы мақалалар туындады.
Сонымен бірге жас әдебиетші-ғалымның жадынан халық ақындары Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Нұрлыбек Баймұратов, Шәкер Әбенов, Тәңірберген Әміренов тағы басқаларының шығармашылығы тыс қалған жоқ.  
Білімі тек қана қазақ әдебиеті ғана емес, сондай-ақ орыс, батыс Еуропа және шығыс әдебиеті тарихынан толықтырылғаны Мұхамедхановтың әр жанрлық шығармашылығына көп әсерін тигізді.
Фольклор туындыларына байсалды да айнымас қызығушылығы, жыраудың шығармашылығын түбегейлі зерттеуге әкеліп тоғыстырды .
Шәкәрім Құдайбердиев қазақшаға А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Метель» шығармаларын өлең сөзбен дастандар түрінде аударғаны белгілі.Осы дәстүрді жалғастырып Мұхамедханов кезінде Н.Карамзиннің «Бедная Лиза» туындысын «Сормаңдай Лиза» деп өлеңмен аударып шықты.
Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Абай атындағы Семей облыстық театрдың сахнасына оның аудармасымен Узаир Гаджибековтың «Аршин мал алан» деген сазды комедиясы қойылған еді.
Қайым Мұхамедхановтың «Комиссар Ғаббасов» атты тарихи драмасы Абай атындағы театрдың сахнасында әр түрлі редакциямен еліміздің екі жетекші режиссерлары, Қазақстанның халық артистері Байтен Омаров пен Есмұқан Обаевтің басқаруларымен 1960 және 1980 жылдары екі мәрте қойылды.
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп қарастыруға болады:
1.Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақынадарына байлпнысты сын-зерттеулері («Қаракерей Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Орынбай,Шөже,Жанақ, Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т.б) 
2.XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын зерттеу мақалалары (Шоқан Уәлиханов, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, М.Ж. Көпеев).
3.Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялары мен ғылыми еңбектері
4.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі мақалалары.
5.Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ы.Мұстамбаев, Т.Хасенов).
6.Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І.Жансүгіров, Ә.Марғұлан, Ж.Шалин, Е.Смайлов, М.Сералин, С.Ғаббасов және т.б.)
7.Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен зерттеулері (И.Крылов, А.Пушкин, Ю.Лермонтов, Л.Толстой, А. Мицкевич, Т.Шевченко, Лу Синь, Ғ.Тоқай, И.Борганский, Х.Файзханов және т.б.)
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері туралы туралы жазған ғалымның зерттеулері мен сын мақалаларын осылай бөліп қарастыру оның ғылыми қарымын тереңірек танып білуге мүмкіндік берді. 
Ғалымның көлемді еңбегі  «Қаракерей Қабанбай батыр» жыры.1945 жылы М.Әуезовтың басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихынан» бірінші томын даярлау қоға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың  «Тарихи жырлар» бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ.Мұхамедхановқа тапсырылады. Жас-ғалым ұстазының ақыл-кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша  «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр» жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбеді. Ғалым себебін: «Қаракерей Қабанбай батыр» да, «Қанжығалы Бөгенбай батыр» да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті.
- Кейінірек:  «Бұл қалай?» -деп Мұхаңанан сұрап едім:
- Қайтесің. Қалай дерің бар ма? Жоғарғы орындағылар сенің Қабанбайыңды да, Бөгенбайыңды да тарихқа кіргізіп дәріптеу керек емес деп тапты. Болды, деп қысқа қайырды да қойды»-деп жазды.
1980 жылы Р.Бердібаевтің басшылығымен жарық көрген «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» кітабының «18 ғасырдағы тарихи жырлар» деп аталатын І бөлімінде Б.Абылқасымов былай деп жазады: «Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай туралы шығармалар, бірде батырлық, бірде тарихи жыр санатына қосылып келеді. Кейбір зерттеушілер: «Кейінгі дәуірдің эпостық жыры», «Кенже эпос» атауларын ұсынады.Біз «Қабанбай батыр»-тарихи жыр деп танимыз.Анығында бұл позиция қырықыншы жылдарда-ақ қалыптасқан еді.ССРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы даярлаған «Қазақ әдебиеті тарихынан» І томындағы «тарихи жырлар» тарауында «Қабанбай батырға» да орын берілді.
Қырық жылдан астам астам уақыт жарияланбай, шаң басып мұрағат түбінде қалған мақала 1991 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланады.
ЮНЕСКО деңгейінде өтетін болған Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойына байланысты республикалық «Абай» қорының тікелей қатысуымен жетпіс жеті жастағы Қайым Мұхамедханұлы, өзінің барлық күшін жинап салып, ұқыпты дайындап, «Дәуір» баспасынан «Абайдың ақын шәкірттері» деген жалпы атпен 4 кітап шығарды (1993,1994, 1995).
Бүгінде өмірден өзі кеткенімен, жүректен сөзі кетпеген, ғибратты ғұмыры көп қазаққа үлгі. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған, Азаттық жолында ар үшін қиған жан!» деп Қайым Мұхамедханов небәрі 27 жасында-ақ Кеңестік Қазақ елінің тұңғыш Әнұранын жазды. Ұлы ұстазы Мұхтармен бірге тұңғыш рет абайтану ғылымының негізін қалады. Алаш идеясын ту етіп, өз халқының бақытты жолында басын бәйгеге тіккен азамат. 1951 жылы ол «Абайдың әдеби мектебі» атты диссертациясын қорғап шықты. Алайда, марксизм, ленинизм мектебін ғана мойындайтын кеңес үкіметі «Абай мектебі» бар деген сөзге иланғысы келмей, ол «халық жауы» ретінде 25 жылға сотталып кетті. Бес жылда неше-түрлі сұмдық азаптаулардан өтті. Бірақ, соған қарамастан «Абай мектебі бар және қала бермек» деген ойынан қайтпады
Қазірде оның шәкірттері оның жүрек лүпілін сезеді. Абай атамызды зерттеушілер Қайым жолын қуған. Абай шәкіртерінің өлең шығарып жиналып баспаға шығуы Қайым Мұхамедхановтың үлесі.
Өзі музей, өзі архив, өзі  мектеп – Қайым мұрасының зерттелу жайы
Өлеңнің асыл кеткен жазып, 
Бойға қуат, жанға болған азық.
Қалам алсам қолыма, өлең жазсам,
Алдымда Абай – Темірқазық!-деп 
Қайым Мұхамедханов  бүкіл өмірін Абайдың ақындық айналасына арнаған, зерттеулерін жүргізген. 
1988-89 ж. мерзімді баспасөзде «Ә.Бөкейханов», «М. Жұмабаев», «А. Байтұрсынов», «Ж. Аймауытов», «М. Дулатов», «Шәкәрім» атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде «Абай мұрагерлері» жинағын (1995) жарыққа шығарды. Мұқамедхан қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Мұхамедхан шығармаларының тағы бір қыры оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Мұқамедханның «Толқын» (1994), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), «Ер Білісай» (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді.
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты
Іздемеске келе ме бұл ағаны-
«Бар Семейді жеке алған» ғұламаны.
Қайым десе, кең дала дүбір салып,
Құлағына келеді бұлақ әні.
Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,
Надан болсаң кімдерге сөзің өтпек.
Академия бір өзі Семейдегі
Өзі музей,
Өзі архив,
Өзі мектеп – деп  белгілі ақын Несіпбек Айытов «Іздемеске бола ма?» 
атты Қайым Мұхамедхановқа  арнау өлеңін арнаған.   
Алыптардың серігі, алты алаштың ер ұлы, бар ілімі мен тәлімін  академия, музей, архив,  мектепке теңеген Қайым Мұхамедхановтың мұрасы қазір қалай зерттелуде? Осы сұрақ аясында біраз әдебиеттерге шолу жүргіздік.   
Қайым  Мұхамедхановтың зерттеу еңбектерін қазақ зиялылары осыдан 3 жыл бұрын 10 томдық жинаққа басып шығарған болатын. 
Қазіргі уақытта Қайым Мұхамедханов мұрасы жіті зерттелуді қажет ететін  өзекті тақырып болып отыр. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Олар: 
ЖҰРТБАЙ ТҰРСЫН ҚҰДАКЕЛДІҰЛЫ  (1951 жылы, Семей қаласы,  Абай ауданы, Шаған ауылында туған)-жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті  "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
- «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү¬сініктеме жазған библиограф, Абай шығар¬маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт¬теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс¬қа¬ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз¬ды қағазға түсірген фольклорист», – деп ба¬ға¬лай¬ды.
- «Қайымның қағидалары» мақаласы // Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл
- Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2005.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІV том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. V том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты редактор, баспаға дайындаған: Т.Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2007. – Т.5. – 344 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2008. – Т.6. – 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел -Шежіре, 2009. – Т.7. – 312 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2009. – Т.8. – 320 б. 
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІХ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2010.
- Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.10. – Алматы, «Ел-шежіре». – 2012. – 384 б. 
ЕСПЕНБЕТОВ  АРАП СІЛӘМҰЛЫ (1945 жылы Семей қаласы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық заң факультетінің деканы, Қайымның шәкірті /
- «Қайсар ғалым» ( Қ. Мұхамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 қаңтар.
ДӘУЛЕТ СЕЙСЕНҰЛЫ /«Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі/
- Абайға араша, Мұхтармен мұндас: //Егемен Қазақстан.- 1996.-20 ақпан
ЕРБОЛ  ІРГЕБАЙ  /зерттеуші/
- Көптеген ірі ғалымдар Абайтануға үлесін қосты. Бірақ, солардың ішінде ең шоқтығы биік тұлға-ол Қайым Мұхамедханов. Оның ең алғаш қорғаған диссертациясы 1951 жылғы «Абайдың ақындық мектебі» деп аталады.
АЛМАХАН  МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ  /ақын, Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі, «Абайтану» орталығының  директоры/
- «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» мақаласы-«Қайым Мұхамедқанов арқылы Абайдың өлеңдерінің дұрыс жазылуы, текстологиялық өзгерістері, Абайдың қай өлеңі түпнұсқада қандай еді? Бізге қалай жетті? Соның бәрін ғұмыр бойы зерттеген Қайым Мұхамедханов бізге баға жетпес құндылықтар қалдырды»
МЕЙІР ҒАРИПОЛЛАҰЛЫ ЕСКЕНДІРОВ (1972 ж. 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында туған)- СМПИ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті.
- «Қайым шығармашылығы – қазақ жұртының киелі қазынасы» атты мақаласы;
БАУЫРЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ ЕРДЕНБЕКОВ (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қазақ тілі кафедра меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор) 
- «Абай мектебі және Қайым Мұхамедханов» мақаласы;  
ҚИНАЯТ ШАЯХМЕТҰЛЫ (СМПИ филология ғылымының кандидаты, профессор, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті) 
ЖАНДОС МАҒАЗБЕКҰЛЫ ӘУБӘКІР (Абай мұражайының директоры, әдебиетші-ғалым)  
- «Көкбай және Қайым Мұхамедханов» мақаласы; 
САЙЛАУ ҚОЖАҒҰЛ-Қайымның шәкірті,  
-«Қайым Мұхамедханов және Абай мұрасының мәтінтану мәселелері» мақаласы;
АЙГҮЛ СЕРІКҚЫЗЫ ІСМАҚОВА (филология ғылымының докторы, профессор) 
- «Қайым Мұхамедхановтың тәуелсіз кезіндегі абайтануға қосқан үлесі» мақаласы; 
- Абай текстологы Қайым Мұхамедханұлының ғылыми түсініктемелері жөнінде // Қ. Мұхамедханов Абайдың шығармаларына ғылыми түсініктер. – Алматы: Общественный фонд Центробразования и культуры имени Каюма Мухамедханова, 2009. - 227c.
АЛЛА БЕЛЯКИНА 
- «Человек – легенда» кітабы. Алматы 2009 ж.
Ғарифолла Есім - ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.  «Әдебиетте мәдениет алатын орны екі мәселеде. Бірінші , «ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген гимн авторы. Екіншіден, Абайдың мұрасын зерттеуге келгенде, бұл кісіге тең адам таба алмаймын!» 
Дина Қайымқызы және «Қайым Мұхамедханов атындағы Мәдениет және білім» қоғамдық қоры ұсынған мұрағат құжаттары мен деректерге негізделген Қайым Мұхамедханов туралы кітапты жариялай бастаақ.
- Қ.Мұхаммедханов. Абайдың әдебиет мектебі (Диссертациялық кеңес стенограммасы)
ТӨКЕН  ИБРАГИМОВ –әдебиетші, ғалым, абайтанушы.
- Музеймен бірге мұраты( Қ. Мұқамедхановқа 70 жыл) // Семей таңы.- 1986.- 17қаңтар.
- Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
КӘМЕН ОРАЗАЛИН -жазушы
Ұстаз өркені. // Семейтаңы.-1986.-17 қаңтар
МҰРАТ  РАХЫМЖАНҰЛЫ  СҰЛТАНБЕКОВ-әдебиет зерттеушісі шәкірті Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы  
«Жұлдызға апаратын жол..» //Семей таңы. - 2011. -11 қаңтар. - 3 б.
- Қайымның бізге қалған мұрасын зертеуде Қайымның шәкірті болған   филология ғылымдарының докторы, профессор  Арап Сіләмұлы Еспенбетов бастауымен қорғалған Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университетінің доценті Ақмарал Смағұлованың  кандидаттық  дисертациясын айтуға болады.  Бұл диссертацияда  ғалым  шығармашылығы жан жақты, барлық қырынан  талданған. - Мұхамедханов және Абай мұражайы // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым.
Сонымен қатар, ШҚО сәулет-этнографиялық және  табиғи-ландшафттық   мұражай-қорығының маманы Әсел Карчалованың ғылыми-зерттеу жұмысы «Оралхан Бөкей және Қайым Мұхаметханов шығармашылығы» тақырыбындағы зерттеу жұмысында Қайым Мұхамедханов жайлы жақсы жазылған. Әсел Карчалова «Бақыт дегеніміз – еркіндік» атты мақаласы Қайым Мұхаметхановтың азапты күндерінен сыр шерте отырып, Қайым Мұхаметхановта 800-ден астам жарияланымдары бар, олардың ішінде: монографиялар, қорғалған диссертациялар, ғылыми зерттеулер, кітаптар. Ол 100-ден астам өлең жазып қана қоймай, өзге тілдерден қазақ тіліне де аударған  деп жазады. 
Қайым Мұхаметханов есімі абайтанушы ретінде жылдан-жылға маңызын жоймай келеді. 2008 жылы Алматы қаласында «Қ.Мұхаметханов атындағы білім беру және мәдени орталық» атымен қоғамдық қор құрылды. Оның директоры абайтанушының қызы – Дина Мұхаметханова. Қордың басты мақсаты – Қ.Мұхаметхановтың мәдени мұрасын сақтау.
ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының сирек қор және икон жазу бөлімі 2003 жылдан бері Шығыс қазақстандық  қазақ жазушылары жайлы материал жинау жұмысын жүйелі де мақсатты түрде жүргізіп келеді. Мұражай қорында Қ.Мұхаметхановтың ғылыми шығармашылығы жайлы өзінің қатысуымен түсірілген қызықты бейнефильмдерден тұратын DVD-дискі сақталған. Жазба «Хабар» АҚ телеарнасында да берілген. Бейнефильмге продюссерлік еткен осы телеарнаның қызметкері, Қ.Мұхаметхановтың ұлы – Жәнібек Мұхаметхан. Апайлы-сіңлілі Дина мен Розаның жіберген мемориалды заттары: дәрістер жазылған дәптер мен Қазақстан Жазушылар Одағының IV съезінің Делегат қатысушыларының мандаты. Жанұя мұрағатының жоғары сапалы фотосурет көшірмесі де сыйға  тартылды. Ғалымның Семей қаласында тұратын ұлдары – Болат пен Қанағат жазушының мемориалды киімдер топтамасын: жақсы сақталған жейде, шапан, костюм, малақай, туфлиі мен түрлі корреспонденттерге жазған хаттарының түпнұсқаларын  мұражайға сыйлаған. Қызықты экспонаттардың бірі - Қ.Мұхаметхановтың Н.С.Хрущевке жазған хаты. Бір кездері ол Шәкерімнің ұлы Ахатқа осы хатты жазуға көмектескен еді. Хатта Ахат КОКП ОК хатшысы Н.С.Хрущевке жазушы, философ, ХХ ғасырдың 30-жылдары репрессияға ұшыраған әкесі – Шәкерім Құдайбердіұлының шығармаларын қазақ әдебиетінде қайта жаңғырту жөніндегі өтініші еді. Ол мұны Шәкерімнің ұлы ретінде емес, Шәкерім шығармаларының қазақ халқы үшін маңызды екенін білетін ұстаз ретінде айтты. Хат 1964 жылы жазылып, ХХ ғасырдың соңында ғана шешімін тапқан екен. 
Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бастамасымен салынған мектебімізде 1600 бала оқиды. Мектеп директоры А.С.Қайрановтың бастамасымен биыл  мектепте Қайым Мұхамедханов атындағы дәрісхана ашылды. Дәрісханаға  Қайымның ұлы  Қанағат «Әкеміздің өмірлік ұстанымдары мен тәлім-тағылымдары арқылы шәкірттеріңіз биікке өрлей берсін!» деген тілекпен ескерткішке әкесі жайлы жазылған  біраз кітаптар сыйға тартты. 
Оның бар мұрасы - үлкен институт. Абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану және қайымтану - бір-бірімен логикалық және тарихи тұрғыда байланысқан, ажырамас мәдени кеңістік болып табылады. Біздер, бізден кейінгі жас ұрпақ ұлы тұлғалар ілімін сақтап, аялап, толыққанды зерттеп, білімге енгізуіміз керек",
 Зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Қайым оқуларын», «Қайым – абайтанушы» конференцияларын өткіздік. Алдағы мақсат: Қайым мұраларын жинақтау, шығармашылығымен  оқушыларды таныстыру,  зерттеу жұмыстарын жүргізу.  
Өзіндік зерттеулер
а) Зерттеу жүргізу барысында қаладағы кітапханалар мен №47 мектеп кітапханасының қорында Қайым Мұхамедхановтың қанша кітаптары бар екенін анықтауға тырыстық.
Абай атындағы кітапханада Қайым Мұхамедханов туралы кітаптары бар. Алайда,  саны аз. Оның өзін үстідегі мұрағат бөлімінен ғана таба аласыз екен.  Онда Қайым Мұхамедханов туралы, Карлагтағы тағдыры туралы кітаптарды есептегенде бар – жоғы  14 кітапты құрады. Жеке папкаға жинақталған газет қиындылары, фото-суреттер бар. Оқырмандар залында Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын-шәкірттері» атты кітабы баршылық екен.  
Мектепте: 
Қайым Мұхамедхановтың  кітаптарның саны 15.
ә) Болашақ ұрпақ, біз Қайым мұрасын тануымыз үшін ол туралы осы бастан біліп, оқуға тиіспіз. Осы бағытта  Кітапханадан «Қайым Мұхамедханов тақырыбында қанша бала ізденеді, қанша бала оқып – білгісі келеді?» деген сұрақ туындап статистикалық мәліметтер жүргіздік. Кітапханадағы барлық оқырман саны 1628 оқырман. Соның ішінде Қайым Мұхамедханов тақырыбында  кітап алғандар  252 оқырман.

Оқырмандар саны
1628
100 %
Қайым мұрасын оқушылар
252
15 %
Оқымайтындар
1376
85%

Иә, көрсеткшітер саны өте төмен. 
Оқушылардың көбінің ғаламтор жүйесіне ойысқан деп алдаусыратсақ та, бұл өте төмен көрсеткіштер екені даусыз. 
№2. «Қайым  Мұхамедханов  туралы  не  білесің?”  деген  сұрақ  аясында мектептегі  950  респонденттен   сауалнамамызды алдық. Жүргізілген  сауалнама  көрсеткіші   


Рейтинг көрсеткіші бойынша  респонденттердің 62%-ы  «Қайым Мұхамедханов туралы не білесің?” деген  сұраққа «абайтанушы» деп  жауап берді.                         
Нәтижесінде, респонденттер қауымы  Қайым Мұхамедхановты-абайтанушы ретінде танитындықтары анықталды.   
№3 Қазір Алматы мен Семей қаласында Қайым Мұхамедханов атында көше бар. Респонденттерге «№47 мектепке Қайым Мұхамедхановтың атын беру»  туралы сұрақ қойылды.      
Нәтижесінде, респонденттер қауымы  № 47 мектепке Қайым Мұхамедхановтың атын берсе деген ойда екені анықталды. Мектебімізге Қайым Мұхамедхановтың  аты  берілсе, қазақтың қайсар ғалымы - Қайым туралы  келер  ұрпақтың  ой - санасына сіңіп өсері анық деген пікір айтылды.    
Ғаламтордың өзінен Қайым Мұхамедханов туралы деректер аз, оның өзі қайталанып келеді. Осыған қарап Қайым мұрасын әлі де зерттеуді қажет ететіні байқалады.  
Сол себепті, осы олқылықтарды жою үшін өз ұсыныстарымда ұсынамын:
1. Қайым Мұхамедханов туралы оқушыларды ғылыми зерттеу бағытында ізденуге шақыру, Қарлагтағы тағдыры, Алаш қайраткеллері туралы зерттеу еңбектері, өлеңдері жайлы зерттеу жүргізу; 
2. Қайым Мұхамедханов туралы  әлі де іздену зерттеу насихаттау жұмыстарын  баспасөз арқылы жүзеге асыру; 
3. Ұлттық патриоттық сезімді бала бойында отбасынан бастап қалыптастыру жолдарын қарастыру;
4. Қайымтану курстарын ашу:
5. Мектеп мұражайында Алаш қозғалысы тарихы, Қайым Мұхамедханов туралы мәліметтерді жинақтап, сұрыптау, насихаттау; 
6. Қайым оқуларын  жоғары сынып аралығында өткізіп отыру: 
7. Қ.Мұхамедхановтың еңбектерін мектеп кітапханаларында санын көбейту, оған әр түрлі іс-шаралар арқылы оқырман қауымын қызықтыру; 
8.  Қ.Мұхамедханов  атындағы дәрісхананы құру, оны  жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықтау.
9. Қ.Мұхамедхановтың атына №47 мектептің атын беру туралы мәселе көтеру
10. Қайым оқуларын,  конференцияларын өткізу
Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам Қайым Мұхамедханұлы. 
Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі -  Қайым Мұхамедханов мұрасы бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым  мұрасы - аса ыждахатты зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Әлі де ашылмаған тұстары бар екенін бәрі де баса айтады. Оның еншісін ұрпаққа қалдырады. 2011 жылдан бастап ҚАЗИГЗУ-да «Қайым-абайтанушы» конференциялары  ұйымдастырылып келеді. Жоғары оқу орындарында дөңгелек үстелдер өтуде. 
Ұрпақ өзінің ұлттық мәдениетін жандандыру тұсында, Қайымның асыл шығармаларын оқып, оқып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адалдық, азаматтық, жайында жазған шығармаларына тереңнен бойлау, өзіндік талдау жасау, іздену- біздің міндетіміз. Жан-жақты дамыған жеке тұлға боламыз десек  ұлттық рухани тәрбие берерлік, патриоттық, адамилық қасиетке бай шығармалары бар Қайым шығармаларын оқиық. 
Келешек ұрпақ, біз сіздерді Абайды зерттеген Қайымның шығармалары мен әңгімелерін сүйсіне оқып тыңдауға шақырамын. Бұл біздің міндетіміз және парызымыз сынды. «Жеті атасын білмеген, жетесіз демекші» елі үшін күресіп, Абайдай ұлыны дәріптеп өткен ұлыларды ардақтай білейік. Келешек жастар Абайды, Қайым сияқты ұлы тұлғаларды  басқа да қазақ зиялы қауымын білмей жүрмейік! 
Қайым Мұхамедханов өмір бойы Абай өлеңдерінің дәлдігін қадағалап, қолынан келгенше бір әріпінің бұрмалануына жол бермеуге тырысты.  Қайым мұрасының зерттелуі заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.

Алибеков Нурбол Толеубекович, Ережепова Аида Сейтжагыпаровна 
Семей қаласы, КММ «№47 жалпы орта білім беретін мектеп»
11-сынып оқушылары

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS
Back to TOP