Отаным менің – туған жер
Отан... Бұл сөз - әрбір адамның көкірегін кернеген, мақтанышпен айтатын сөзі. Менің
Отаным – Қазақстан. Қазақстан байтақ, егемен ел. Осы сөзді естігенде көз
алдымызға жазық дала, кілемдей түрленіп жатқан көк шалғын, айдын көлде жүзген
аққу-қаз, маңырап жайылған қойлар, үйір-үйір жылқы, сан түрлі құстардың сызылта
салған әндері елестейді.
Иә,осындай табиғатқа жету үшін тәуелсіздікке
жету керек болды. Тәуелсіздікке жету үшін сан жылдар тіпті ғасырлар бойы уақыт
қажет болды. Ал, осы уақыт бойында біздің
ата-бабамыз күресіп, шайқасып, еркіндікке жетті.
Республика!Ерікті
ел- Қазақстан!
Келді ақыры көп
күткен жаз алыстан,
Келді алыстан
аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен
де бір мәз арыстан,- деген
ұлы ақын Жұбан Молдағалиевтің көңіпді жырындағыдай 1991 жылдың желтоқсанында
еліміздің құдайдан тілеген
еркіндігі,егемендігі пайда болып,жайдарлы жазы туды. Тәуелсіздік- азаттықтың
алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы
– қайратты, халқы-қаһарман. Ұлттық тілдің, дәстүрдің,салт-сананың құламас
тірегі-тәуелсіздік. Ата жұрт,атамекен-өте кең
ұғым. Атамекен-адамның ата – бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп
келе жатқан жері.Өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі
өте терең, туған жерді қасиет тұту- қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр. Бұл таным
жанымызға ана сүтімен тараған,ана тілімен дарыған. Бабаларымыздың
ертеде айтқан ұлы ұстазы Күлтегін ескерткішінде жазылған:
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді
төктім.
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым,
Тізеліні бүктірдім,
Бастыны еңкейттім
Түрік болғаным үшін, - деген жолдар атамекен құдіреттілігін айқындай түсетіндей.
Ғасырлардан-ғасырларға ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп,мирас етіп қалдырған ұлан-ғайыр атамекенім - Қазақстан. Қазақ елі - сонау Алтайдан Пиренейге дейін
билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан
батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бибарыстың,Үндіні
билеген Бабырдың елі.
Қазақта: «Ер туған жерінде, ит тойған
жерінде» деген мақал бар. Өйткені ол сол
жердің топырағында өсіп, суын ішіп,ауасымен тыныстады,табиғатымен бірге қайнасып,
адам болып қалыптасты. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды,
аялайды, күтеді, қастерлейді.
Отан - оттан да ыстық деген халық мақалы жай
айтылмаса керек. Расында өз қалаңнан,ауылыңнан ұзап, шалғай кетсең болды,
аулаңда жатқан тасыңа дейін ыстық көрінеді ғой, шіркін! Кім өз жерін сүймесін,
сағынбасын? Осы оттан да ыстық сезім ғой халқымыздың қаһарман ұлдарын ерлікке
бастайтын да, ел бүтіндігін сақтауға итермелейтін де.
Өткен тарихымызды ой елегінен өткізе
отырып, ғасырлар қойнауына көз жіберер болсақ, қазақ халқы небір қиын-қыстау
кезеңдерді, ауыр күндерді басынан кешірген. Сонау ерте патриархтық-рулық құрылыс
заманында халықтың арман қиялынан туған ел қорғандары - Алпамыс, Қобыланды,
Қамбар сынды батырларымыз,Монғол шапқыншылығы кезінде туған қаласы Отырарды
қасық қаны қалғанша ерлікпен қорғаған Қадірхан ел тірегі, ел панасы бола білді
емес пе?! «Ақтабан-шұбырынды, алқакөл сұлама» аталған халықтың ұлы апаты кезінде ел бірлігін
сақтаған Абылай, Әбілқайыр хандардың халқына сіңірген еңбегі, халық басына
қайғы орнаған қысылтаяң жағдайда атақты Қазыбек, Төле, Әйтеке билеріміздің
азаттық жолындағы күресі,Жоңғар шапқыншылығын талқандаған қаһармандары
Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбайдың ерлікке толы өмірі өз алдына жыр-
дастан болса, кешегі дүние жүзін бір сілкінткен Ұлы Отан соғысының батырлары –
Бауыржан Момышұлының, қарапайым қазақ қыздары Әлия мен Мәншүктердің қайталанбас
ерліктері, Желтоқсан құрбандары Қайрат,Ербол,Ләззат сынды жастарымыздың батыл
істері - біздер үшін, жас ұрпақ үшін үлгі- өнеге, тағылым мектебі.
Көріп отырғанымыздай, туған жердің даңқын
көкке өрлеткен батырларымыз аз болмапты.Әрі дана,әрі дара халқымыздың осындай
үлгі-өнегесін көріп, естіп өскен ұрпағы ел басына күн туған шақта жер қамын
ойлар қорғаны бола алатынына сенімім мол.
Сүйікті Отанына, атамекеніне деген
сүйіспеншілік сезімі нағыз батырды қан майданға, жер қорғауға аттандырар болса,
нағыз ақынды жырлататын да – осы күш.
Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны
тамып,туып - өскен еліне,жеріне деген ыстық ықыласын,терең сезімдерін өлеңге
қосып,өз өлкесінің тау-тасын,дархан даласын, аққулы көлін жырламаған ақын
кемде-кем.
«Мөлдірлеткен,тазалықтан,биік адамгершіліктен
тұратын» ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінде адамзаттың асыл
бесігі- жұмыр жерді қалай сүйіп, қадірлейтінін айта келе:
Ең бірінші бақытым-халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін...
Ал,екінші бақытым- тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім
Бақытым бар үшінші - Отан
деген
Құдай деген кім десе Отан дер
ем!-дейді.
Менің кіндік қаным тамып, шыр етіп дүниеге
келген жерім Күршім ауданы Бурабай өңірі.Табиғаты туралы айтар болсақ, Бурабайдың
әсем табиғаты, мөлдір суы,таза ауасы барлығы өзінше қайталанбас керемет бір
құбылыс. Орманына кірер болсаң
сайраған құстар үні көңіліңе көктемнің шуақты күніндей көтеріңкі
көңіл күй сыйлайды. Бұл жердің әр тасы ыстық болып сезіледі.
Ауылдың жанында
сарқырай ағып жатқан Күршім өзенінің бізге тигізер пайдасы шексіз. Осы өзен суы
арқылы жергілікті тұрғындар бау- бақшаларын, жемістерін суғарады.Қыста балалар
мұз үстінде сырғанақ тепсе, жазда өзен бойында өсетін қызылқат, көкқат,
бүлдірген теріп, балық аулап, суға шомылады. Өзеннің тазалығы сондай 2 - 3 метр
тереңдіктегібалықтар, тастары анық болып көрінеді. «Өзен жағалағанның өзегі
талмайды» дегендей, ауыл тұрғындары және
де демалуғы келген қонақтар ауылдың қонақжайлылығына тамсанып қайтады.Ауылдың
саф ауасы, табиғат сұлулығы
кез - келген адамды өзіне тартып, керемет бір рахатқа бөлейді. Енді ауылдың
тарихына тоқталып өтейін.
Бурабай ауылы елдің айтуына қарағанда, сонау 1914 жылдан
бастап іргетасы құрылған дейді. Ал, негізі ауылдың не себепті Бурабай
атанғанын, осы тарихқа үңілсеңіз таң қаласыз. Осы шұрайлы, жайқалған жасыл
өлкеде бір бай тұрыпты. Оның түйесінің көптігі соншалықты, ешкім санына жете
алмапты. Аузынан көбік шашып буырқанған буралары да өте көп болыпты. Осыған
қарап қазекең «Буралыбай» деп атапты. Бертін келе, Бурабай атанып кеткен.ХХ
ғасырдың басында патша үкіметі жаппай қоныстандыру саясатын жүзеге асыра
бастады. Осы қоныстандыру саясатын біздің ауыл да басынан кешірді. Бурабайда
өткен ғасырдың басында 200- дей үй болған деседі. Бастапқыда орыс ұлт өкілдері
көп тұрыпты. Қалғандары славян тектестер,украин, белорусь, т.б. болды. Алғаш
артель болып құрылғанда,Батпақбұлақ,Көкжота, Буденовка болып біріккен
екен.Мұнда бастауыш мектеп те болған.
Бірақ, 1917 жылғы
ақтар мен қызылдар соғысы бұл мекенді де айланып өтпеді. Азамат соғысы бұл
арада қызу болған. Оған куә қазіргі Еспенбет деген жердегі үңгір. Жылда
экскурцияға шыққан адамдар осы үңгірді тамашаламай кетпейді. Осы үңгірден ауыл
тұрғыны Сағымбаев Төлеген деген кісі тапанша тауып алыпты. Сол кездерде үңгірді
жатақ ретінде пайдаланыпты. Ақтар бұл үңгірге бекініп алып, қызылдардан
қорғанған дейді.Қызыл отряд командирі Тимопеев деген адам болған.Кейіннен сол
кісінің атымен ауыл біраз жыл «Тимопеевка» деп аталған екен.Осы ауылда ақтарға
мәлімет беріп жүретін Сарашенко деген бақсы кемпір болыпты. «Сол кезде біз бала
едік, бірақ та сол кемпірдің суық жүзі мен үңірейген көзі әлі күнге дейін көз
алдымызда қалып қойды»,- деп еске алады көнекөз қариялар.Иә,Азамат соғысынан
ескерткіш болып қалған үңгір, тау басындағы ойық жыралар әлі күнге дейін өткен
тарихты еске салады.
1920- 1930 жылдар
аралығында колхоздар, коммуналар, артельдер құрылған Қазақ шаруалары ұжымдық
шаруашылықтарда ынтымақтастықпен өзара көмек мектебінен өтті. Елде тыныштық
орнаған тұста ауылға 1925 жылы Иманбаев Доскен бастаған қазақ шаруалары
қоныстана бастаған.Содан ол кісі осы ауылда 2000 жылға дейін тұрған, кейін
қалаға балаларына көшіп барып, сол жақта қайтыс болды.
Ауылда алғашқы
диірмен иесі - В.И. Игнатов деген орыс
азаматы болған.Сол диірменнің бір діңгегі ауылда әлі күнге дейін
сақталған.Ауылға жаңадан келгендер уақытша баспаналарын тауға үңгір қазып
жасапты.Ондай үңгір баспаналарда Әнтай,Құнысбек т.б. бала кезінде Сейілхан ата
да тұрған екен. Ауылдың көпшілік тұрғындары Шірікаяқтағы ашылған рудникте жұмыс
істеп келгендерден құралған. Ұлы Отан
соғысы жылдарында Шірікаяқтағы Рудникті «Ленинск» руднигі деп атаған
екен. Онда негізінде қалайы
өндірген. Мұндай шахта кейіннен Бурабай
ауылында ашылыпты.Сәбиев Сейілханның шешесі сонда жұмыс істеген екен.Сол
шахтаның орны әлі күнге дейін бар. Темірлері жер бетіне шығып жатыр.Шахталар
нөмірленген. Бұл шахта №7 болған екен.Рельс болған, күніне қаншама вагон қалайы
алатын топырақ тиеп, осы рельспен шығарылған. Кейіннен шахтаны су басып
қалыпты.
Ауыл табиғаты өте
әсем, қараса көз тоймайтындай болыпты, Вершин -
Бурабай деген жерде қалың ну орман болған. Қазір сиреп қалған ағаш, су
шайған, жер сілкінісінен шатқалдар пайда болған. Ауылдың аяғы мектеп тұсымен
шектеліпті. Қазіргі мектеп тұрған орында ферманың үлкен көкөніс егетін бақшасы
болған. Осы бақшада бірнеше орыс- қазақ әйелдері ынтымақтастықпен жұмыс
істепті. 1965 жылы ауылда тақтай тілетін
цех ашылды. Кесіктен көшіп келген Интус деген неміс осы цехта балташы болып
жұмыс істеген, әйелі- мұғалім. Осы жылы
және де паром жұмыс істепті.Бұл пароммен арғы бетке қой тасыған екен. Паромды
И. Кушкин деген орыс азаматы жүргізіпті,
және 1966 жылы қалың қар жауып, су тасу қаупі төнгеннен кейін алғашқы
бөгеу солдаттардың күшімен салыныпты.
1967 жылы ауылда
Бунтовских атындағы Пионер лагері ашылды.Жылда оған ауданның үздік оқитын оқушылары келіп демалған.Лагерь Кеңес үкіметі тоқтағанға дейін оқушылар демалатын орын болды.Осы жылы
ферманың мехтогі ашылып, қырман болған.
1960 - 1967 жылдары
Бурабай Қалғұты кеңшарының құрамында болып келген. Бастығы -
Ахмадиев Ахмет деген кісі болған. Ал 1967- 1981 жылға дейін ХХ партсъезд
атындағы кеңшарға біріккен. Директоры - Девятов. Осы тұста ауылда Бражник
деген кісі басқарма болып
тұрды.Орысша, қазақшаға бірдей жетік бұл кісі тұсында ауыл айтарлықтай
өркендеген.Ауылдан Ахметов Тоқтарбек деген кісі Партияның ХХVI съезіне делегат
болып Мәскеуге барып келген.
1981 жылы Бурабай
жеке отау тігіп, Абай атындағы совхоз болып құрылды.Алғашқы директоры- Рамазанов
Бақытхан деген кісі болды. Кейіннен
Зинашов Сатығали , парткомы – Бейсенбаев
Мұқан болды.Сонымен қатар ауылда май тарту, ұн тарту цехы ашылды,ауылды маймен,
ұнмен қамтамасыз ете бастады.Совхоз орталығы – Бурабай болғаннан кейін бірқатар
құрылыс жұмыстары өрістеді. Бурабай аясы кеңейтіліп,ақшаңқан үйлер бой көтере
бастады. Бұрынғы ферма бақшасының орнына мектеп бой көтерді. Мәдениет үйі, кеңшар
кеңсесі, балабақша пайда болды.Жан- жақтан әртүрлі мамандық иелері көптеп келе
бастады.Ата- әжелеріміз, әке- шешелеріміз барлық игі істерге белсене
араласып,кеңшардың экономикасын көтеру үшін атсалысты. 24 қой отары,бірнеше
гектар егістік даласы,күнбағыс алқабы болды.Қырман мехтогы қайтадан жұмыс істей бастады,күндіз- түні
астық бастырды. Қой қырқатын қырықтық бөлімі ашылды. Мұнда күніне 3 - 4 отардан
қой қырқатын. Қырықтықшылар арасында социалистік жарыс өткізіліп тұратын.Озат
қырықтықшылар Сүлейменова Мәйну, Әлібаева Кәкен апайлар болды.Жүнді түктеп,
байлап мемлекетке әр қойдан 3,5 кг жүннен тапсырып отырды. Мал тоғыту пункттері
ашылды.
Ауылдағы Сүлеймен
ақсақал «Ленин» орденімен марапатталған атақты шопан болған екен, ұрпақтары осы
кезде сол аталарының ісін жалғап келеді.Бурабай ауылында еңбек ардагері де болған. Олар: механизатор -
Әшімов Сайлау, шопан - Танашанов Әбдіқан.Абай совхозының Жылтау фермасынан
Қайырбаев Назымбек, Қалқатаев Әміржан, Баймұханбетов Кеңесхан,ал Қойтас
фермасынан Есімханов Зарлыхан, Қисарин Шаукен. Бұл адамдар ерен еңбектері үшін
«Қызыл ту» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, депутат болған
азаматтар.
Ауылда мәдени
шаралар өте жақсы дамыған.1990 жылы мәдениет үйінде «Қаракөз», «Ажар мен ажал»,
«Құдағи келді» т.б. көптеген спектакльдер қойылды.Сол кездегі ауылдық кеңес
председателі Режиссер Өлмесеков Бақытхан, мәдениет үйінің меңгерушісі Ынтықбаев
Бақытбектің ұйымдастыруымен «Қозы Қөрпеш - Баян сұлу» спектаклін қойып «Халық
театры» деген атақ алды. Облыс орталығындағы Жамбыл атындағы драма театрында осы
спектакль театр күніне арнап қойылды.Қозы Көрпеш рөлінде - Дабынов Мұхамет,Баян
сұлу рөлінде- Бабақұмарова Клара, Қодар- Өлмесеков Бақытхан, Айдар батыр
рөлін-Ынтықбаев Бақытбектер өте тамаша сомдады. Мұнан кейін де көптеген
спектакльдер қойылды. Сахнада өнер көрсеткен адамдар белгілі театр әртістері
сияқты рөлдерін өте жақсы сомдай білді.
«Өткен күнде белгі
жоқ»- дейді халық. Өкінішке орай,1996 жылы сәуір- мамыр айында кеңшарлардың
жеке меншікке айналдыруына байланысты, сүттей ұйып отырған кеңшарлар тарап
кетті. Әдемі ғимараттар, балабақша, Мәдениет үйі тоқырауға байланысты иесіз
қалды,пай бөлу науқаны басталды.Жұрт
пайларын бөліп алып, жеке шаруашылық құруға кірісті. Жұмыссыз қалған
жұрт қалаға қарай көше бастады.Кезінде
Бурабайдың сәні болған үйлер иесіз қалып, сиқы кетіп, көңілге келеңсіздік
тудырар сезімдер пайда болды.
1991 жылы жер
сілкінісі болды. 2000 жылы қыста қалың
қар түсті, 2001 жылдың мамыр айында су тасып, ауыл бір ай бойы су тасқынында
қалды. Су тасқыны ауылға залалын тигізбей қойған жоқ, көпшілік тұрғындар ауылдан
тысқары жерге қоныстануға мәжбүр болды.Соған қарамастан ауылдастар заман
көшінен қалмай мал өсіріп, бау- бақша егіп,ауылды гүлдендіріп, сақтап қалуға
күш жұмылдырып келеді.Үлкен шаруа қожалықтары жұмыс істеуде.Айтар болсақ,
Бахтияров Ә., Қабдуллин Ж., Сүлейменов Р. және т.б. Қазіргі кезде ҚХР-нан бірталай
қандас ағайындар ауылымызға көшіп келді. Ауыл халқының саны біршама өсті.2003-
2005 ауыл жылы деп елімізде жариялалағанымен біздің ауылға ешқандай өзгеріс,
жаңалықтар әкеле қойған жоқ. Әйтсе де соңғы жылдары ауылымыздағы мәдениет үйін
ауыл тұрғындары болып және аудандық бюджет есебінен қайта толық жөндеуден
өткізді. Биылғы жылы ауылымызға жаңа аурухана пайдалануға берілмекші.Туған
ауылды, ғасырға жуық тарихы бар өлкені тұғырына қайта көтеріп, көркейтетін біз,
болашақ жастармыз! Ауылды көркейтуге бір кісідей атсалысайық ағайын!
Күршім ауданы, Бурабай
орта мектебі
Социалистік Еңбек Ері Сабырбек Ақтанов
Социалистік Еңбек Ері – шаруашылық
пен мәдени құрылыстағы айрықша жетістігі мен үздік еңбегі үшін берілген
КСРО-дағы ең жоғары дәрежелі құрметті атақ. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының 1938 жылы 27 желтоқсандағы Жарлығы бойынша белгіленген.
Социалистік Еңбек Ерлеріне Ленин ордені, «Орақ және Балға» (1940) алтын медалі
және КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының грамотасы тапсырылады. Социалистік Еңбек Ерлері атағын екі рет
алғандар екінші «Орақ және Балға» алтын медалімен наградталып, туған жеріне
қоладан бюст қойылады. Қазақ КСР бойынша 1631 адам Социалистік Еңбек Ерлері
атағын алды, оның төртеуі бұл атаққа екі рет ие болды. Қазақстан бойынша мұндай
аса жоғары атаққа бірінші болып теміржолды қайта қалпына келтіру батальонының
жол жөндеушісі Жаппархан Асанов ие болды. Жамбылдықтардан мұндай жоғары атаққа
ие болғандардың алғашқылары – шопан Жазылбек Қуанышбаев, қызылшашы Сындыбала
Оңғарбаева. Социалистік Еңбек Ерлері атағымен 300-ге жуық жамбылдық малшылар,
астық, қызылша мен картоп өсірушілер, механизаторлар мен химия өндірісінің
озаттары, ұжымшар-кеңшар басшылары, аудан басшылары марапатталды. Олардың толық
тізімі жоғарыда берілді. Ал, екі мәрте Социалистік Еңбек Ерлері Жазылбек
Қуанышбаевтың, Социалистік Еңбек Ерлері: Сындыбала Оңғарбаева мен Дариха
Жантоқованың, Александр Львович Нахманович пен Рақым Сәбденовтің, Әзімбек
Исмаиловтың, Константин Иванович Скрябиннің өмір жолдары суреттерімен қоса
берілді.
Марқалық Еңбек Ерлері. Нұратсалық Ойекенов 1916 жылы Шығыс Қазақстан
облысы, Марқакөл ауданындағы Орлов ауылында кедей шаруа семьсясында туған. Ұлты
қазақ. Еңбек жолын 1932жылы Катонқарағай ауданындағы «Третья пятилетка»
колхозында бастады. Қоймашы, есепші, бригадир және жылқышы болды. Ұлы Отан
соғысына қатысты. 1943-1960 жылдары товарлы жылқы фермасының меңгерушісі,
«Пограничник» колхозының председателі және председателдің орынбасары, совхоз
бөлімінің басқарушысы болды. Дербес пенсионер. Денсаулығына байланысты бірнеше
жыл жұмыс істеген жоқ, соңғы жылдары
қайта жылқышы болып істейді.
Нұрсатылықтың
еңбек жолы колхоздан басталды. Қай жерде жұмыс істесе де өз ісін адал атқарды.
Егіс бригадасын да ойдағыдай басқарды. Тәжирбелі жылқышы
Стручалинмен жылқы бақты, сырларын үйренді, өзінің де көрсеткіштері жаман
болған жоқ. Елімізге неміс-фашистері шабуыл жасаған кезде қару алып, майданға
аттанды. Жаумен нағыз ерлерше шайқасты. 1943 жылы аяғынан ауыр жарақаттанса да,
жылқы бағуды қалап алды. Фермада жағдай өте нашар еді, жылқылар арықтып, әбден
жүдеген. Ол тәжирбелі жылқышы С.Шоқақовпен бірге ауру-сырқауларын өзі бағып,
емдеді. Үйірді Сырылтам жайылымының шөбі шүйгін, суы мол алқабына жайды. Ол
малшылардың қолындағы әрбір атты есепке алып, күйіне назар аударды. Бір жаздың
ішінде-ақ олар жақсы қоңданып, түгі жылтырап шыға келді. 1945 жылы 80 биеден,
57 құлын алды. 1946 жылы бірде-бір ауру жылқы болмады. Биелердің өзі 115-ке
жетті. С.Шоқақов пен Ш.Дәуітпаев үлкен көмек көрсетті.
Олардың
қай-қайсысы да жайылымның ойлы-шұңқырларын жете білетін. Сөйтіп, 1947 жылы 114
биеден 114 құлын алды. Жылқы шаруашылығындағы зор табысы үшін 1948 жылы 23
июльде Нұратсатылық Ойкенов «Социалистік Еңбек Ер» атағы берілді. 1948 жылы
тағы да ірі табысқа жетті. 144 биеден 142 құлын алды. Нұратсатылық колхоздың
сый-құрметіне ие болды. Сөйтіп, артель мүшелері оны басшы етіп сайлады. Бұл
жұмыста да ол ұйымдаструшылық қабілетімен көрініп, біраз жыл колхозды, кейін
совхоз бөлімшесін
басқарды.
Асанов Досым 1892жылы Шығыс Қазақстан облысы, Шеңгелді ауылында кедей шаруа семьясында туған. Ұлты қазақ. Он жасынан он сегіз жасына дейін әрқилы жұмыста болды. Ширек ғасырдай уақыт Алқабек рудный мен кен басқармасы үшін ағаш дайындау ісіне араласты. 1935-1958жылдары Күйбышев атындағы (1957жылы Марқакөл қой совхозы болып қайта құрылды) колхозда шопан болды.
Досым Асанов ширек ғасырға жуық колхоздың қойын бақты. 1954 жылы мал басын аман сақтау және төл алудағы жоғары көрсеткіштері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 1947жылы әр жүз саулықтан 125 қозы алып, 517 қазақы саулықтан 648 қозы өсірді.
СССР Жоғары Советі Президиумының 1948 жыл 23 июльдегі указы бойынша Асанов Досым қой шаруашылығындағы тамаша жетістіктері үшін «Социалистік Еңбек Ері» атағын алды.
Ол жан аямай еңбек етіп, мұнан кейінгі жылдарда да 115-130 қозыдан алып отырды. Сөйтіп, қой тұқымын жақсартудың зор мәні бар екенін іс жүзінде дәлелдеді. Әр қойдан 3,5кг биязы жүн қырықты.
1958жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды. Бірнеше рет аудандық және ауылдық советте депутат болып сайланды.
Шәріп Дәуітпаев (1924-1953) Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданындағы Орда ауылында туған. Ұлты қазақ. Еңбек жолын «Пограничник» колхозында шопан болып бастады. 1943 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін колхоздың жылқышысы болды. «Пограничник» колхозының табиғаты өте жақсы , шаруаға қолайлы. Колхоздың аға жылқышысы Шәріп Дәуітпаев еңбектес серіктерімен осы тауда талай таң сәулесін қарсы алған. Кішкене кезінде қой бақты, кейін бақташының көмекшісі болды. Есейгенде колхоз оған бір отар қойды сеніп тапсырды. Колхоз жағдайын тіс қаққан малшылар: Сартық Шоқақов пен Нұратсалық Ойкеновтен кейін тамаша білетін Шәріп екенін жұрт тегіс мойындайды. 1945жылы 36 биеден- 36 құлын, 1946жылы 53 биеден- 53 құлын, 1947жылы 114 биеден-114 құлын өсірді. Бұл еңбектегі ең тамаша жұмысы еді. Жылқышының еңбегі елеусіз қалмады, ол жоғары бағалады. СССР Жоғары Советі Президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі указы бойынша Шәріп Дәуітпаевқа «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.
Шоқақов Сартық 1888жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданындағы Орловка ауылында туған. Ұлты қазақ. 1930-1957 жылдары «Пограничник» колхозының жылқышысы, аға жылқышы болды. 1957-1958жылдары Кабинский сүт совхозында жұмыс істеді.
Сартық Шоқақов өмірін Алтай даласы мен тауларында мал бағумен өткізді.Сол өмірінің ішінде көпті көрді. Даланы қар басып, бұрқыраған кезде болды. Бірақ үнемі жеңіп шығып, колхоз байлығын аман сақтап қалды. Әсіресе соғыс жылдары қиын соқты. Өйткені бұл кезде ер-азаматтар соғысқа кеткен болатын. Жасы алпыстан асқанда жылқыны жалғыз бақты. 1946 жылы «Пограничник» колхозы басқармасының мәжілісінде артель жылқысын кімге тапсыру мәселесі қаралды. Тағы қарт Сартыққа сенім білдірді. Ол жылқы санын өсіруде және тұқымын жақсартуға үлкен үлес қосты және шыдымдылық таныта білді. Ол мал жайылымын ауыстырып отырды, 10-15 күнен артық бір учаскеде бақпады. Себебі шөп мал тұяғымен тез тапталатын.
1947жылы Сартық Шоқақов 59 биеден- 59 құлын алып, барлығын аман өсірді. Оның еңбегін жоғары бағалап, СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948жылғы 23 июльдегі указы бойынша «Социалистік Еңбек Ері» атағын алды. Он жыл ол туған колхозы үшін 10 000 жылқы өсірді. 1958 жылы 70 жастағы жылқышы құрметті демалысқа шықты.
Қозыбаев Торсағат (1885-1957) Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданындағы кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Еңбек жолын 1917 жылы бастады. Байдың қойын бақты. 20 жылдан астам «Комитерн» колхозының аға шопаны болды. Ол өмірінде көп қиыншылық көрді, балалық шағы да қызықсыз болды. Ата-анасы
кедей болғандықтан оқу деген ойына кірмеді. Ата-анасына көмектесу үшін 12 жасынан байдың қойын бақты. Ол 16 жасында шопан ісінің құпиясын тани білді. Отаны үшін шабыттана, адал қызмет етті.
Торсағат Қозыбаев жарты ғасырдан астам қой бақты. Жәнеде өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары болды. Жайлау оған туған үйіндей ыстық еді. Ең алдымен жайылымды дұрыс таңдауға көңіл бөлетін.
1947 жылы ол бағымындағы 402 саулықтан 499 қозы орта есеппен алғанда әр жүз саулықтан 124 қозыдан алды. Қой шаруашылығындағы үздік табыстары үшін СССР Жоғарғы советі Президиумының 1948 жылы 23 июльдегі указы бойынша «Социалистік Еңбек Ері» атағымен наградталды. Жоғарғы наградаға жаңа жетістіктермен жауап берді. 1948 жылы 415 саулықтан 538 қозы, яғни әр жүзінен 129 қозыдан алып, аудан малшыларының «Социалистік жарыс озаты» атағына ие болды. Әйгілі шопан екінші рет «Ленин» орденін алды. Өзінің тәжірибесімен жергілікті қазақы қойдың өнімділігі төмен деген пікірді жоққа шығарды.
Керейбаев Біләл-1928 жылы Шығыс Қазақстан
облысы Марқакөл ауданы Тақыр ауылында дүниеге келген. Оның балалық шағы
соғыстың сұрапыл күндерімен тұспа-тұс келді. Ол
бала күнінен,жастайынан еңбекке
араласты. Мал бағып қойшы атанды. 1961 жылы өкімет оның еңбегін ескеріп,
Социалистік Еңбек Ері атағын берді. 1959 жылы жұбайы Нұрсағимен бас қосты. 7
баласы болған, оның қазіргі кезде бесеуі тірі.1994 жылы Біләл атамыз қайтыс
болған. Қазір Жиделі ауылында Еңбек
ерінің бәйбішесі, ұлы-келінімен тұрады.
Сабырбек Ақтанов 1937 жылы 2 наурызда Шығыс
Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы,Тақыр аулында дүниеге келген. Әкесі 1942 жылы
соғысқа кетіп оралмады. 15-16 жастан үлкен еңбекке араласып, бастауыш мектепті
ғана тәмамдады. 1952-1955 жылдарға дейін түйе бағумен айналысты. Түйені Тақыр
ауылының маңайында бақты. Ол кезде 20 ботаны немесе түйені аман бақса, бір түйе
беріп отырды. 1956 жылдан бастап шопан болды. 38 жыл бойы үкіметтің тапсырмасын
мүлтіксіз орындады. Малды асылдандыру мақсатында жылына 145-тен қозы алып
отырды. Орден алуға дейін бұл көрсеткіштен түскен емес. 1953 жылы 1- Ленин орденімен, 1990 жылы Ленин және «Еңбек Ері» орденімен марапатталды.
Сонау 1948 жылы Социалистік
Еңбек Ері атағын алған Нұратсалық Ойкенов, Шәріп Дәуітпаев, Сартық Шоқақов,
Нұрсағат Қозыбаев, Досым Асановтардан кейін, 1966жылы Біләл Керейбаев ағамыз
жалғастырған жұлдызды көшке араға 24 жыл салып қосылған екінші тыңның
майталманы «Марқакөлдің жетінші еңбек ері»
Сабырбек Ақтанов болып отыр. Бірақ соншама жоғары атаққа ол кісі жалғыз
жеткен жоқ, бұл табыста оның жұбайы Сағымжанның да үлесі бар екендігі күмәнсіз.
Әрі ол кісі он баланы дүниеге әкеліп «Ардақты ана» алтын жұлдызын алған. Енді
міне, Сабырбек те кеудесіне алтын жұлдыз қадады. Демек, тіл мен жақты
айырмайтыны сияқты, бұл кісілерді де бөле- жармай әңгімемізді екі арнада
өрбітсек деймін... .
Алдымен
Сабырбек «Горный» совхозының шопаны болғанымен Тақыр селосында туған, демек,
ендігі жерде ол кісіні тақырлықтардың да мақтан етуіне болады. Өзінің айтуынша
еңбек жолын Сталин атындағы колхозда түйе бағудан бастады. Сонда небәрі он бес
жаста ғана екен. Ол кезде бас түйеші болған Бекбосын Сағанақов деген кісі оның
малды сүйіп, табандылықпен бағатынына риза болып, « қарағым, саған түбі осы
малдың қайыры болады, түбі сен осы малдың зейнетін көресің» деп отырады екен. «
Қазір осы бір ақсақалдың сөздері үнемі ойыма оралады»,-дейді Сабырбектің өзі.
Ал мен ойлаймын, тегі бар баланы таныған Бекең ақсақал да тегін адам болмаса
керек. Төрт жыл түйе соңында жүріп, тәжирбелі ақсақалдан тәлім алған
Сабырбектің жұмысқа деген ынтасын көрген соң 1956 жылы қой фермасының
меңгерушісі Зарықбай Ермекбаев пен мал дәрігері Қабдөске Тұрымов жұмысқа шақырды. Әрі бір жағынан туыстығы бар
ол кісілер жас жігітті қол астына алып баулып, қанаттандыруды мақсат етеді.
Сөйтіп, бастабында көмекші, сосын түйеші, болған Сабырбек алдындағы түйелерін
Қағазбек Кенжебаевқа тапсырады... Сөйтіп 19 жасар жас шопан 400 бас тоқты мен
400 бас еркек қой қабылдап алып бақты. Сол кезде әлгі 400 еркек қойды «
Көкбұлақ учаскесінде семіртіп өткізгенде әрбіреуі 70килограммнан салмақ
тартады. Бұл шопан таяғын ұстаған алғашқы жылдың өзінде Сабырбектің тасы өрге
домалады деген сөз. Мұндай табысы үшін колхоз басшылығы оған қосымша ақыға 6 еркек
қой береді. Қысқа жіп күрмеуге келмей жүргенде бұл бір аспаннан түскендей нәрсе
көрініп, жас жігіт 1957 жылы қаңтар айында
әлгі 6 қойды сойып той жасап, бүгінгі күні он баланың анасы болып
отырған, ал ол кезде үлбіреген қыз Сағымжанға үйленеді...
Еңбек Ерінің отбасы. Оның өз кіндігінен тараған 10
баласының бесеуі Өскеменде, қалғандары туып-өскен Ақбұлақ өңірінде тұғырлы
тірлік кешіп жатыр. Өкінішке орай, тұңғыш ұлы 39 жасында дүниеден өтіп, көңілге
біраз қайғы жамап кетті. Бірақ, қайсар әке тез бекіп, одан қалған үш немересін көңілге
медеу тұтып, «Құдай қалғанына ғұмыр берсін» дейді сабырлы қалпынан айнымай.
Еңбек Ерімен
сұхбат
-Марқакөл
ауданындағы жеті батырдың ең соңғысы болып мен осы атақты иелендім,-дейді
ағамыз бізбен әңгімесінде. –Ес білгеннен мал бақтым, баққан малымның күйлі
болуы үшін жанымды аямай еңбектендім десем, бәзбіреулер ұшқары сөйлеп отыр дей
қоймас. Еңбегім жанып, бірнеше бесжылдықтың жеңімпазы атандым, баққан малымның
үнемі төл алып, жүн жоспарын асыра орындап отырдым.
-Әлі есімде ең алғаш 450 бас саулық қой алып, оны көкек
айында қоздаттым. Ол кезде бағатынымыз қазақ қойы. Содан басына бас қозы алып,
әр қойдан 2500 граммнан жүн қырықтым. Ол кезде қойды 2 рет қырқады. Сөйтіп
Қалжырдың алқымында болған алғашқы
шопандар слетінде жоспарды орындап шыққаным үшін сыйлыққа кілем алдым. Ол
уақытта Сталин атындағы колхоздың
бастығы Қалиолда Көкіншінов, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы
Қабдеш Бакин деген кісі еді,-деп еске алады Сабаң,-1958жылы «Жаңа Рысаққа» қора
салынды, содан бері бір мекенді қыстап,содан бері ылғи саулық қой бағып
келемін, 1958 жылдың наурыз айында «Горный» жеке қой совхозы болып бөлінді,
онда совхоз директоры Илья Симонович Стеценко, ферма меңгерушісі Солтания
Ғайсин деген кісі еді, ол адамдарды аудан тұрғындары жақсы білуі тиіс.
-Өткен күнде белгі жоқ деп
жатады. Неге болмасын, бәрі санамда сайрап тұр. Әсіресе 1991 жылы
мемлекетіміздің тәуелсіздігі жарияланған күнді ел-жұрттың қуана қарсы алғаны
әлі есімде. Санасы түзу жұрт бірін-бірін құшақтап, құттықтап, көздерінде
еркіндігі сезінген тұнық жас тұнғаны сірә да естен кетер емес.Тәуелсіздікке
жетер ештеңе жоқ қой. Мен осынау бақытты бағалай білу керек дегенді балаларыма
әрқашан айтып отырамын. Осы ел еңсесін енді тіктеп келе жатқан жылдары мен
Елбасымыздың қолынан Еңбек Ері атағын алғанда ішімнен: «Тәуелсіздігіміз тұғырлы
болғай, ылайым» деумен болған едім. Тәуба, ел өркендеді, жұрт жетілді,- дегенді
қоштасар сәтте Сабырбек аға.
Иә, Сабырбек 32 жыл бойы табан аудармай сол
«Рысақты» қыстайды. Жаз жайлауы да сол баяғы «Әкімбай», күзеулері- «Қарабас»
пен «Сынтас» учаскелері. Қыстауда да, күзеуде де Мұрат Мусин екі үй көрші
отырады, Мұрат бұрын Сабырбектің көршісі болған Кәтрен ақсақалдың баласы. Мұрат
Сабырбек алғаш саулық қой алған жылы оның қарындасы Зәмзәға үйленіпті. Қазір
бұл үйдің де 7 баласы бар. Мұраттың өзі совхоздың ортан қолдай шопандарының
бірінен саналады...
Сондай-ақ Күнгей Бөкенбай бөлімшесінде
Сабырбекпен үзеңгі қағыстырып, бірге бәйгеден келіп жүрген Шерияздан Мақтиев,
Оразбай Тілемісов, Тауке Жақыпов, Қабділәшім Сабитов және басқа озат қой
өсірушілер жастарға үлгі-өнеге бола білуде.
Сабырбек осы бөлімшеде еңбек ете бастағаннан
бері аупарткомның 8 бірінші хатшысы, совхоздың 4 директоры, 12 бөлімше
басқарушысы аусыпты. Күнгей Бөкенбайда басқарушы болғандардың ішінен Сабаң
Жәдігер Зайнулдиновты ерекше атады. Өйткені бұлар жұмыс істеген кезде
бөлімшенің шаруасы алға басып тұрыпты. Алға басатын жөні де бар, өйткені пенсияға шығып кеткен Жәкең
болмаса қалғандары облыс, аудан, совхоз көлемінде қазір де жемісті еңбек етіп
жүрген жігіттер екені даусыз ғой. Сабырбек өз отарын ғана емес, бөлімшенің
жұмысын да ойлай жүреді. Мәселен, оның пайымдауынша, бөлімшенің басқарушысы, бұрынғы жүргізуші Құман
Нұғаровтың да жолы болғалы тұр. Олай дейтіні,
жыл бойынша бөлімшеде 2 шопан
ғана қозы алу жоспарын орындай алмапты. Жоспардан тыс 33 центнер жүн
өндіріліпті. Бөлімше бойынша жүзінен 95-тен ақбұйра алыныпты. Бөлімшеге
басқарушы болып барғанына әлі 1 жыл толмаған бұл жігіт те келешекте Сабаңның
жоғарыдағы тізімінен орын тебетіні анық..
Сабырбек 10 жасында осы күнгей Бөкенбай
жайлы түсірілген үнсіз киноны көріпті. Бұл сол кездегі атағы дүрілдеген ферма
екен. Сол үнсіз кинода Нұғыман Мәселеев деген кісінің отарындағы қой
көрсетілді. Ал горныйда бұрын комсомол-жастар бригадасында болып кейін жеке
табын алып, абыроймен бағып жүрген Бөкен Кәріпов, М. Ахметжанов, Амангелді
Құсайынов секілді жігіттер баршылық..
Қазақ қойының мықтылығына қараңыз, сол
кезде далада туып жатады екен. Боранды күндерде Кәтрен Мусин, Әбдіс Жарқынбаев,
Жәкежан Ботабаев, Сәдуақас Есілбаев секілді байырғы шопандар (қазір бұл кісілер
марқұм болған) отар қойды қалың шидің арасына иіріп, қоздайтын қойларды сонда
қоздатып, төлін аман сақтап қалады екен. Қазіргідей электр жарығын қойып жөні түзу
фонарь да жоқ болғандықтан айдың жарығымен қошқар қосып, күйек алатын. Сол
ақсақалдардан көргенін Сабырбек те қайталап істеген және құр қайталап қана
қоймай осының бәрін зердесіне тоқи, жүрегіне жаза берген. 34 жыл бойы ақтылы
қой ішінде совхоздың бір де бір басын шығынға ұшыратып қой төлеп көрмеген.
Кейбір шопандар құсап шырқап шығып, құлдырап төмендемейді. Бірқалыпты еңбек. Оның
қозыны ең көп алған жылы 1973жыл. Онда да әр 100-нен 145-тен айналған , оның
алдында жүзінен 140 деген көрсеткішке табан тірепті. Ал одан бұрын да
жүн , қозы алу жоспарларын үнемі орындап және асыра орындап жүргені
әмбеген аян. Небір теріс сөйлеп, бұра тартып отыратын горныйлық азаматтар да
Сабырбектің Еңбек Ері атағын алғанын естігенде: « Е, бәрекелді, Сабырбектікі
адал еңбек, адал тер ғой, алсын Алтын Жұлдызды, баяғыда беру керек еді» депті.
Баяғы қара бала жігіт ағасы болған.
Отарларды қыстақтарға немесе жайлауға орналастырғанда болсын, бөлімше
басқарушысы, зоотехник онымен ақылдасып, кеңесін тыңдап отырады..
1972-1973жылдың қыстамасының қортындысында « Таңдаулы Шопан» атағын еншіледі.
Сонымен қатар КСРО Президентінің Жарлығымен Социалистік
Еңбек Ері атағын алды. Осы жылдың 6- қыркүйек күні Қазақ ССР-інің
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолынан Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызы мен Ленин
орденін алды. Оның суреті совхоз орталығындағы құрмет тақтасында бірінші болып
орналасты. Ал ол кезде, горныйлықтар Сабырбек
Ақтановтың Социалистік Еңбек Ері атағын
алу қуанышын тойлап өткен болатын. Ширек ғасыр дегенде Марқа жеріне қайта
оралған жұлдызды шеру жалғаса бергей деп тілейміз.
Сабырбек Ақтанов және оның жұбайы Сағымжан
апаның кеуделерінде Алтын Жұлдыз жарқырайды. Иә, осыдан отыз бес жыл бұрын өгіз
мініп, қой жайып жүрген бала жігіт осындай дәрежеге жеткеніне кім сенер еді?
Бірақ өмір шындығы осындай. Аға түйешінің ақ батасы дарыған қара бала бүгінде
Социалистік Еңбек Ері болды, елінің де, өзінің де мәртебесін асырды. Міне,
«еңбек түбі зейнет» деген осы да.
Советтік Социалистік Республикалар Одағы Президентінің Указы
Қазақ ССР аграрлық-өнеркәсіптік комплексінің
қызметкерлеріне Социалистік Еңбек Ері атағын беру туралы. Интенсивті технологияларды және еңбекті ұйымдастырудың
озық әдістерін қолдану негізінде мал шаруашылығы негізінде мал шаруашылығы
өнімін өндіріп мемлекетке сату көлемін ұлғайтуда аса көрнекті нәтижеге жету
үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен балға»
алтын медалі қоса тапсырылсын.
Ақтанов Сабырбек Жанабайұлы- Шығыс Қазақстан облысы,
Марқакөл ауданының «Горный» совхозының аға шопаны.
Советтік Социалистік Республикалар Одағының Президенті
М.Горбачев
Москва, Кремль
1990 жылғы маусымның 6-сы
КСРО Президенті М.С.Горбачев Указымен
«Горный» совхозының аға шопаны Сабырбек Ақтановқа Социалистік Еңбек Ері атағы
берілді. «Боран» совхозынан Біләл Керейбаев Еңбек Ері атағынан кейін марқакөлдіктер
Ерлер қатарының көбеюін көп уақыт күткен-ді. Бұл фактінің Сабырбек Ақтанов үшін
ғана емес,барлық басқа малшылар үшін де мәні зор, өйткені олар өздерінің нәтижелі
еңбегінің лайықты бағаланғандығына тағы да көз жеткізеді.
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің награда
тапсыру жиынына халық шаруашылығы салаларының және әлеуметтік саланың көптеген
өкілдері болып табылатын жұмысшылар мен колхозшылар қатысты. Тек жұмыс ғана
адамның сіңірген еңбегін танудың ең жоғарғы өлшемі болып табылады. Қазақ ССР
Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік наградаларға ие болғандарды ылы лебізімен құттықтап,
оларға алдағы уақытта еңбекте табыс, жан қиярлық еңбегі үшін шын ықыласты алғыс
айтып, ризашылық білдірді. Бұл оқиға олар үшін өмірдегі кезеңді оқиға, алға
басудағы жаңа стимул болатынына үміт білдірді. Сол наградталғандардың ішінде
бүгінгі біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған Сабырбек Ақтановта бар
еді.
Жеңіс
Айбол, 10-сынып
оқушысы,
КММ «№2 Теректі орта
мектебі»
Подписаться на:
Сообщения (Atom)