Технологии Blogger.
RSS

Өлке тарихындағы тұлға

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Жоғалып бара жатқан ауыл - Егіндібұлақ ауылы

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Ауыл тарихы - ел тарихы

Марқа өңірі тұнған шежіре. Теректі өзенін жағалай орын тепкен біздің елді Марқа елі деп атайды. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойладым. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.
Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.
Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ қана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. 
Ақиық  ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. 
Марқакөл ауданың құрылуы
Марқакөл ауданның тарихының жеке әкімшілік территория ретінде өз тарихы бар .   
1928жылы қаңтар айында әкімшілік территориялық реформаға байланысты алғаш құрылған.
1939жылы 16 қазанда Қазақ ССР-нің жоғарғы кеңесінің шешімі бойынша жаңадан аудандарды құру туралы жарлығы шығады.Марқакөл ауданы қайта құрылып,орталығы Алексеевка ауылы болды.Территориясының көлемі 12,2 мың шаршы шақырым.
1963жылдың қаңтарында ауданды қайта Күршім ауданына қосып,біріккен бір аудан болды.
1965жылы 1қаңтарында Марқакөл ауданы қайта құрылып,орталығы Алексеевка ауылы болды .Еліміздің тәуелсіздігі жарияланған соң көптеген ауылдардағы тарихи аттары қайтарылды.Алексеевка ауылының атауы Теректі болды.1997 жылы әкімшілік территориялық реформаға байланысты Марқа ауданы Күршім ауданына біріктіріліп, орталығы Күршімге ауысты. 
Аумағы
Аудан көлемі 23,2 мың кв.км.
Ауданың әкімшілік орталығы – Күршім ауылы.
12 ауылдық округтерге бөлінеді:
– Күршім; 
– Теректі;
– Абай;
– Ақбұлақ;
– Балықшы;
– Боран;
– Қалғұты;
– Қалжыр;
– Құйған;
– Маралды;
– Сарыөлең;
– Төсқайың.
Тарих беттерінен Теректі ауылы (Бұрынғы Алексеева) 1997 жылға дейін ірі Марқакөл ауданының орталығы болып табылды.
1928 жылы Зайсан үезінің Дарственный және Пограничный болыстықтарының негізінде, дербес Марқакөл ауданыны құрылып, құрамына: Боран,Черняевский, Горный, Успенский, Шүмек, Алексеевский,Архиповский селолық кеңестері кірді. 1930 жылдың 23 шілдесінде Марқакөл ауданы таратылып,құрамына кірген селолық, ауылдық кеңестер Зайсан және Катон-Қарағай аудандарының құрамына кірді.1939 жылдың 26-қазанында ауданды бөлуге байланысты саясат негізінде Марқакөл ауданы қайта ұйымдастырылып, құрамына: Алексеевский, Архиповский,Горный, Қалжыр, Чигировский-Чигировский селолық кеңестері біріктірілді. 1954 жылдың 13-тамызында Успенский және Алексеевский селолық кеңестері Алексеевскийге, Бұғымүйіз, Орловский-Орловскийге, Қалжыр, Чигировский-Чигировский селолық кеңестеріне біріктірілді. 1957 жылдың 26-қыркүйегінде Бобровский, Орловский,Пролетарский селолық кеңестеріне біріктірілді. 1963 жылдың 2-қаңтарында Марқакөл ауданы таратылып, құрамындағы жерлер Күршім ауылшаруашылық және өнеркәсіп аудандарға бөліну жүйесі жойылып, Алексеевский, Бобровский, Боран, Горновский селолық кеңестерінің негізінде Марқакөл ауданы қалпына келтірілді. 1967 жылдың 12 шілдесінде Черняевский селолық кеңесі, 1972 жылдың 28-шілдесінде Қарой селолық кеңесі құрылды. 1997 жылдың 23-мамыр күні Марқакөл ауданының жері Күршім ауданына біріктірілді.
Марқакөл ауданында Куйбышев, Комитерн, Тельман, Ленин, Киров, Комаров, Жданов, Калинин, Воршилов, Казахстан, Талапкер, Тегістік, Свобода Востока, Красная новь, Красный скотовод, Горный скотовод, Красный партизан, Заветы Ильича, Алтай, III пятилетка, Голощекин атындағы ірі колхоздар жұмыс істеді.Аудан өнеркәсібінің негізін Алқабек, Қалжыр кен басқармаларына және «Чапаев атындағы» артелге біріккен «Алтайзолото тресінің» Алқабек комбинаты құрды. 1940 жылдың 4 қаңтарында еңбекшілер депутаттарының аудангдық кеңесінің бірінші сессиясы басталды. Кеңес құрамына 25 депутат кіріп, ауданның мемлекеттік билік органының ұйымдастырушылық мәселелерін қарастырды.  Атқару комитетінің құрамына Кочкарев, К.Н.Премин, И.П. Козырев, В.Л. Теряев, К.С. Усачев А.И. Костика, Б. Мықтыбаева, Ф.И Романов, Ғ.С. Манасов, А.К. Дурновтар кірді.  Атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып Григорий Николаевич Кочкарев сайланды.
Ауданның 22 колхозында 46 бригада, 129 егіншілік звеносы 8283 гектар жерде қарқынды жұмыс істеді. Мал басының саны сол жылдарда төмендегідей: 8800 бас ірі қара мал, 64700 бас қой, 5500 жылқы, 2100 шошқа,100 түйе.
Соғыс жылдарында аудан еңбекшілері мал басын өсірудің мемлекеттік жоспарын орындап республикалық құрмет тақтасына ілінді. «Куйбышев атындағы» колхоз сауыншы Огнева, «Красный скотовод» колхозының шопаны С.Аманжолов, «Заветы Ильича» колхозының жылқышысы Б.Дәрібаев тәрізді 39 озат еңбекшілер социалистік жарыс жеңімпаздары атанды. 1963 жылдан бастап аудан жері Зайсан, Күршім аудандарының құрамына кірді.1964 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің жарлығына сәйкес аудан қалпына келтірілді.
Марқакөл ауданының кеңшар өндірісін ұйымдастырушылар қатарында Қаба, Марқакөл,Боран кеңшарларының директоры болған Асқаров Айтмұхамбет Асқарұлын, Марқакөл кеңшарын Михаил Григорьевич Капустин, Корнев Иван Петрович, Гайламазян ХачехпарКарапетович,Қизатов, Төлеген Есельбаевичты т.б көптеген еңбегі сіңген тұлғаларды айтамыз. 1962 жылы Боран кеңшарынан Қалжыр кеңшары бөлініп, құрылады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Қалжыр кеңшарын Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград қаласының құрметті азаматы Қ.Қ Көшкіншінов басқарды. 1980-1990 жылдар аралығында Т.А Жұмақанов, 1990-1994 жж. Б.С. Шериязданов,1994 жылдан М.С. Нұрмаханов басқарды.
«Пограничник» колхозының төрағасы Иль Симонович Стеценко «Горный» кеңшарын құрылған мезеттен бастап басқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
«Боран» кеңшарының бас зоотехнигі болып жұмысын бастаған Зарыпхан Бұлғымбайұлы Даукеев кейіннен Қарой кеңшарын басқарды. Тарбағатай ауданының партия ұйымының бірінші хатшысы,ауыл шаруашылық саласы бойынша облыстық партия комитетінің хатшысы жұмыстарын атқарып, КОКП-ның (КПСС) сьезінің делегаты болды. Кейінгі директорлар Қ.Б. Шұлғаубаев, Ә. Юсупжанов.
Боран кеңшарын Қазақ КСP-ң еңбегі сіңген зоотехнигі, кейіннен Күршім аудандық атқару комитетінің төрағасы болған Иван Иванович Кавелькин басқарды.
Марқа өңірінен Қазақ КСР-ң Жоғарғы кеңесінің депутаттығына Қалжыр кеңшарының шопаны К.Бостеков, Марқакөл кеңшарының шопаны Қ. Доланов, Қаба кеңшарынан Г.Шаймарданова, Боран кеңшарының озат механизаторы З. Демеубаева сайланды. З.Демеубаева сондай-ақ бүкіл одақтық Лениндік коммунистік жастар одағының (ВЛКСМ) бүкілодақтық сьезінің делегаты болды.
Марқакөл ауданының атқару комитетінің төрағалары болып: Б.И. Ильин, Н.Т Носиков, Я.Я. Май, Е.А. Лаптев, А.Ф. Мильц, аудандық кеңес басшылары болып К.Б. Бидашев, Қ.Д Әбілмәжіновтар жұмыс істеді.
Аудандық партия коммитетінің басшылары: Саликов, А.И. Сколобан, О. Сатыбалдин, К.Б. Бидашев, Б.Қ. Молғабылов, Марқакөл аудандық әкімшілігі құрылған кезде басшысы болып К.Б. Бидашев тағайындалды, қайта құрылғаннан кейін Марқакөл ауданын Б.С. Слямов басқарды.
Аудандық комсомол ұйымын Р.И. Алибеков, К.Б. Бидашев, З.Н. Нұрпейісов, Н.И. Стеценко, Ғ.Ж. Смаилова, Ш.Т. Демеубаева, Ж.Н. Манақов, М. Қалынов, Б. Шакиров сынды арынды азаматтар мен азаматшалар басқарды. Бүгінгі күні «Жас Отан» қанатының бастауыш ұйымын Баймурзин Қаршыға басқарады.Партия комитетінің I-II хатшылары қатарында Е.А. Ретивых, С. Сегізбаевты, А.П. Демьяненконы, Ф.Ғ. Манасованы, А.Ф. Мильцты, А.Б. Тлеубергеневты, Қ.Д. Әбілмәжіновты, М.Д. Дүнгеновты т.б атаймыз. Аудандық атқару комитеті төрағаларының орынбасарлары болып Қ.Х. Сайкенов, Ф.Ғ. Манасова, С.Т. Ақтанов, А.Ж. Дүйсекенов, Э.В. Ниетбаева сынды көптеген азаматтар жұмыс істеді. Ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын басқарған азаматттар: Р.И .Әлибеков, Ш. Ақбұзауов, Б. Кәріпбаев,З.Т. Жукушев, С. Дәулетов, М.Д. Дүнгенов.
1932 жылы ауданда тұтынушылар одағы құрыла бастады. Сол кездері кішігірім сауда нүктелері арқылы тұрғындар қажеті өтелді. 1939 жылы аудан аумағында Алексеевка, Боран, Қаба, Горный ауылдық тұтынушылар одақтары құрылды.50-жылдарда өткізілген ірілендіру шараларының нәтижесінде Марқакөл, Қаба, және Горный кеңшар жұмысы кооперациясы (совхозрабкооп) құрылды. 
1963 жылы аудан Күршім ауданымен біріккен кезде Марқакөл аудандық тұтынушылар одағы Күршім аудандық тұтынушылар одағымен біріктірілді. 
1965 жылы жүргізілген қайта құрылу нәтижесінде 4 кеңшар жұмысшысы кооперативін, көтерме сауда базасын,  аудандық дайындау кеңесін біріктірген Марқакөл тұтыну одағы құрылды. 1968 жылы қоғамдық тамақтану орындары дербес бөлімше түрінде құрылды. Аудандық тұтынушылар одағын А. Жуков,  Н. Балтаев, А.Н. Сағатова, Ә.К. Қабдолданов т.б. басқарды. 1970 жылдан көлік қоймасы (автобаза) дербес бөлімшесі қосылды. Марқакөл автокөлік кәсіпорынын  (АТП) К. Ноғайбаев, Ж. Серікбаев, Т. Нұғыманов т.б басқарды. АТП құрамында 80-ге автокөлік техникасы жұмыс істеді.
ДЭУ кәсіпорынын И.М. Поляков, А. Иқанбаев т.б. басқарды. Сельхоз химия мекемесін Ш. Майтбасов т.б. басқарды.
Теректі ауылында орналасқан май зауытын зейнеткерлікке шыққанға дейін А. Кәріпшалов, А. Аубакиров т.б. азаматтар басқарды. Боран ауылында орналасқан Казсельхозтехника мекемесін көп жылдар бойы Ш. Майтпасов, В.Ф. Лобзин басқарды. Аудандық халық бақылау комитетін З. Әкпебаев, М. Қасымов, Б. Аубакиров, Аудандық байланыс торабын С.И. Абакумов, К. Балтаев т.б. басқарды.
Марқакөл кеңшары 1957 жылы ірілендірілен «Куйбышев» атындағы ұжымшар негізінде құрылып, алдыңғы қатарлы шаруашылық саналды. Кеңшар құрамында үш:Қарашілік, Жырақұдық, Қаба бөлімшелері жұмыс істеді.Кеңшар директоры,  аудандық ауылшаруашылық басқармасын басқарған Т.Е. Қизатов өмірбаянында көрсетілгендей Қарашілік бөлімшесінің шопандары 100-170 қозы алуға қол жеткізген. Мал тұқымын асылдандыруға байланысты жұмыс қарқынды жүрді. Кеңшар рентабелді шаруашылық қатарына кірді. Кеңшар директорлары: А.М. Капустин, И.П. Корнев, Ж.М. Мустафин, Х.К. Гайламазян, А. Асқаров, Т.Е. Қизатов, Қ. Нұғыманов, Қ.Т. Толықпаев, Қ. Піржанов,С.А. Ақсартов, партком хатшылары: У. Мамажанов, Ж. Рахымжанов, Б. Аубакиров, А. Ващенко, М. Оекенов, Б. Молғабылов. 1991 жылы кеңшардың рентабелдігі 130 пайызды құрады.Марқа өңірінде бірінші болып қой саулығын қыста ұрықтандыру әдісін қолданды. Гранулар дайындалып, қысқы жем цехы салынды. Өңір бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өткізуден түскен табыс 1991 жылы 3 млн. 200 мың сомды құрады. Өткізілген жүннен түскен таза пайда 8207 сомға жетті. 
Қарой кезінде Айнабұлақ  ұжымшары атымен мәлім болды. Басқарма төрағасы Ибақ Дөненбаев. Ұжымшарларды ірілендіру барысында Комитерн ұжымшарының құрамына кірді. 1950 жылы «Куйбышев атындағы» ұжымшар құрамына кіреді. Алғаш сауын фермасы құрылып,  Д. Бекбаева, Б. Босынова, К. Түйірбаева сынды озат сауыншылар жұмыс істеді. 1957 жылы Марқакөл кеңшарының бөлімшесі ретінде қайта құрылады.
Қарой кеңшары 1965 жылдары құрылды. Кеңшар директорлары: З.Б. Дәукеев, М.Б. Көксегенов, Қ.Б. Шылғаубаев, Ә.Қ. Юсупжанов. Партком хатшылары: К. Омаров, Н.Қ. Сәйкенов, З.Т. Жукушев, Қ.Д. Әбілмәжінов, Е.Қ. Құрманғалиев. Жұмысшы комитетін басқарғандар: Н.Қ. Сәйкенов, Қ. Сағиев, Қ.Д. Әбілмәжінов, Ш. Нұрмұхамбетов, З.Д. Асанов. Мамандар: Б. Мамыров, Қ. Аманжолов, Д. Бәкетаев, С. Ишкебаев, т.б. Архиповка (Қайнарлы) бөлімшесін  көп жыл бойы Қ. Жаманбаев, Қарой бөлімшесін Қ.Т. Еңсебаев, А. Мұздыбаев т.б. басқарды. Қызылтас бөлімшесін Қ.Аманжолов, Қ.Сағиев, У.Кушеров, Ә.Темірбаев басқарды.Еңбек озаттары қатарында, қойшылар: С.Отарбаев,Т.Сағатов, К.Юсупжанов, Қ.Отарбаев, Т.Нұрдыбаева есімдаерін; бақташылар: К.Бикенов, Ш.Отарбаев,Ә.Ашуов,жылқышы Д.Тоқпатаев, дояркалар: Б.Қарағызова, А.Қарағызова, Қ.Түменбаева,Н.Қыстаубаева, Ж.Райымбекова, Қ.Сабитова, Ф.Майшынова т.б атаймыз. Озат механизаторлар мен жүргізушілер:Д.Рапьянов,Ч.Самбаев,Ә.Ильясов,Т.Бекбаев,К.Ешкібаев т.б.1972 жылы құрылған «Аққайнар» комсомол-жастар бригадасы озат еңбегімен көзге түсті. Бригада құрамындағы сауыншы, комсомол жастар туралы ақпарат жергілікті және орталық газет-журналдарда жарияланды.
ОТТЫ ЖЫЛДАРДА ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНАН ҚАТЫСҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 
Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихында мәңгі өшпестей із қалдырды. Марқа өңірінің ұландары фашизмді жеңуге үлкен үлес қосты. Ұлы отан соғысы батыры атағын алғандар қатарында 3 жерлесіміз Павел Павлович Журба, Аркадий Петрович Кукин, Алексей Семенович Крахмаль бар. 
Алексей Семенович Крахмаль 1911 жылы бұрынғы Марқакөл ауданының Алексеевка селосында дүниеге келді. Майданға аттанып Брянск, 2-ші Украин, 1-ші Белорусс майданында соғысып , Корсунь-Шевченковский операциясына қатысты. 1944 жылы тамыз айында көрсеткен ерлігі үшін «Кеңестер Одағының батыры» атағы берілді. Соғыстан кейін Москва каласында тұрды. 
Аркадий Петрович Кукин үлкен кедей отбасында дуниеге келді. Әскер катарына шақырылып шекара әскерлерінде қызмет етті. Әскер борышын өтеген соң кен орындарында жұмыс істеді. 1941 жылы майданға аттанады. 1944 жылдың күзінде Венгрияны азат ету кезінде дұшпанның 40 танкісіне қарсы ұрыста көзсіз ерлік танытты. 1945 жылы 24 наурызда А.П Кукинге «Кеңестер Одағының батыры» атағы берілді.
Ұлы Отан соғысының батыры Журба Павел Павлович 1916 жылы Дарственное селосында дүниеге келді соғыс басталасымен майданға шақырылып, Москва, Ленинград, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. Белоруссия, Украина, Молдавия, т.б жерлерді азат етуге қатысты. Днепр өзенін өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін, «Совет Одағының батыры» атағы берілді. 
Жерлестеріміз туған жерін аяусыз жау қолынан тазарту үшін аянбай шайқасты. Жерлестеріміз 2,3 дәрежелі Данқ орденің иесі олар: Бабенко Сергей Петрович, Смагулов Зайнолда, 1911 жылы туды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 4 гвардиялық механикалық полкта 2-ші механикалық дивизия құрамында 1943-1945 жылдар аралығында ерлікпен шайқасты, 2,3 дәрежелі «Данқ орденімен» қатар, «Қызыл жұлдыз», «За отвагу» ордендерімен, «КСРО қарулы күштеріне 50 жыл медалімен» марапатталады. 3 –дәрежелі 
Данқ орденінің иелері И.О Кирспу, Д.Амренев, З.Смагулов. Майданға аттанған азаматтар орнын тылда жасөспірімдер мен әйелдер басты. Жауынгерлерге аналар қолымен тоқылған жылы киімдер, «СА» Кеңестік армиясына деген таңба соғылған жылқы малын, зергерлік бұйамдарын жолдады. Маңқан рудникте, колхоз алқабында ауыл турғындары бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген ұранмен күндіз-түні жұмыс істеді.
Теректі ауылының тұрғындары М.И Васильев, Б.Қоныспаев, И.О Кирспу, Қ.Р Бояубаев барлығы мемлекет және жерлестері тарапынан қамқорлыққа, мейрімді шапағатқа бөленген. 
Ұлы Жеңістін 67 жылдық мерейтойына орай өтқізілген салтанатты митингіде ауыл әкімі С.Ақсартов ардагерлерге өз құттықтауын жолдап. Сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіс бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалады. Отан үшін от кешкен ардагерлер ерліктігі ешқашан ұмытылмайды, жүрегімізде мәңгі сақталады.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай арамызда санаулы ғана қалған ардагерлер мен ұрыс даласында қаза тапқан майдангерлердің жесірлеріне құрмет-қошемет көрсетіліп тұрады. Тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан аналарымыз: Атаманова Бибатыш, Архипова Наталья Тимофеевна, Жапарова Зәйнеш.
Аналарымыздың бір ғана тілегі: «Бүгін ұрпақ біз көрген қиындықты көрмесін»-лайым ашық аспанымызды соғыс бұлты ешқашан торламасын!
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ
Ұлы Отан соғысы жылдарда майданға аттанған азаматтар орнын тылда Теректі ауылының жасөспірімдері: Кәріпшалов Аязбек Өміртайұлы, 1927 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы», «Еңбек қызыл ту» орденінің иегері. «1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы ардагері» құрмет белгісі тапсырылған. 1999 жылдан Күршім ауданының Құрметті азаматы.
Дукеева Нұржамал Маяузқызы 1929 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. 1942 жылдан, яғни 13 жастан еңбекке араласқан. Соғыстың қиын қыстау кезінде аянбай еңбек етіп, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосты.
Түйірбаев Қабылқақ Ниғметұлы 1934 жылы 10 қарашада дүниеге келген. 1939 жылы шешесі қайтыс болды. 1942 жылы Ниғмет соғысқа кеткен. Өгіз жегіп, «погонщик», бірнеше жыл «Марқакөл» совхозында шопан болып қызмет атқарды.
Шпекбаев Алтынбек Мұсанайұлы 1932 жылы 10 қазанда Алқабек  өндірмесінде дүниеге келген. Соғыс жылдарында 13 жасынан бастап еңбекке араласқан. 1957-1993 жылдары Марқакөл совхозында жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай арнайы орденмен марапатталды.
ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНЫҢ «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІ
Әйел деген ең алдымен ойымызға «сұлулық», «мейірімділік», «нәзіктік» ұғымдары оралады. Себебі, әйел-ол Ана. Қазақта «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана тілі» сынды текті теңеулер бар. Бұлардың барлығы да адам баласы үшін ең ұлы ұғымдар. Біздің ұлттық дінімізді халқымыз ежелден әйел затын әлпештеп, қыздарын құрметтеп, анасын ардақ тұтқан халық, осынау үлгілі үрдіс заман талабына сай өз сабақтастығын  бүгінгі күнде жоғалтқан жоқ. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еселі еңбегін ешкімде ешуақытта өтеуі алмасы хақ. Алайда, оның есімін ұлықтап, құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы. Ананың орнын ешкім баса алмас. Ананың аялы алақанын ешбір дүние алмастыра алмас.
Марқа өңірінде Теректі ауылында «Алтын алқа» иегері Аманжолова Зағиза 1939 жылы 10 тамызда қазіргі Теректі ауылында дүниеге келген. Жолдасы Құмарбекпен отбасын құрып, 8 баланың анасы болады, бірнеше немеренің сүйікті әжесі. Еңбекте де алда отбасы ел мақтанышына айналды.
Тююрбаева Бошан Тоянқызы 1941жылы 4 наурызда дүниеге келген. Өзінің отбасында 10 бала болған. 1959 жылы отбасын құрды. Жолдасы Қабылқақ екеуі 10 баланың ата-анасы. Қазірде 24 немере, 9 шөберені сүйіп бақытты өмір кешуде.
Амренева Мағапия Сарықызы 1935 жылы Теректі ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан 15 жасында айырылды. 1956 жылы Жанәділмен кезігіп, отау құрады. 2002 жылға дейін жұптары жазылмаған отбасы өмірге 9 бала алып келеді. Осы кезде 23 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. 2011 жылы «Алтын алқамен» марапатталды.
Саменова Мария Қалиахметқызы 1956 жылы 5 мамырда қазіргі Қайнарлы ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтап, өмірін еңбекпен бастаған Мария өмірлік жарын тауып, 1973 жылы отбасын құрды. Өмірге 7 бала әкеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты жандар. Бүгінде немерелерін тәрбиелеуде.
Бір сөзбен айтқанда қазіргі жеткен жетістіктері мен бағындырған биіктеріне қол жеткізудегі әйел-аналардың орны ерекше, үлестерін өлшеусіз екені ақиқат. Олай болса, жүрегінде мейірім, көңілде көктем орнаған асыл жанды аналар, ізгі пейілді әйел азаматтар барда өмірімізде, қоғамымызға да серпінді түрде алға баса беретін болады. 
Марқа аймағы
Марқакөл Қазақстанның шығысында орналасқан.Оның ұзындығы 38 км,ені 19 км,көлемі 1455 шаршы км.Көл теңіз деңгейінен 1493метр биіктікте орналасқан.Көл тереңдігі 24метр.Марқакөл қорығы республикамыздағы жаңадан құрылған 6-шы мемлекеттік қорық.1976жылы тамызда қазақ ССР министерлігі советінің осы қорықты ұйымдастыру жөніндегі қаулысы шықты.Үстіміздегі ғасырдың басында Марқакөлде 700-дей балықшылар кәсіп жасапты.Міне осылайша көл балығын себепсіз аулау оның қорын мүлдем азайтып жіберді.Сонымен бірге көл төңірегіндегі беткейлерден орман ағаштарын жаппай кесу етек алғандықтан тау жоталары сыйдыйып қалды.Бұрын тіршілік еткен өзен кәмшәті мүлдем жойылып кетсе марал,тиін,суырды,бұлғынды көру сирей түсті.
Марқакөл төңірегіндегі табиғи ресурстардың азая беруі жұртшылықты барынша ойландырады.Осыдан келіп 1947жылы орман алабын қорғайтын орман шаруашылығы құрылды.1970жылы көл жағалауын қорғайтын орман қорғау аймағы пайда болды. Марқакөл мемлекеттік қорығы 1976жылы құрылған.71.4 мың гектар жері бар,оның 43.9 мың гектары су айдыны.Күршім және Азутау жоталарының ортасында орналасқан.Қорықтың материалдық базасының нығайып келе жатқаны байқалады.Зерттеу орталығының құрылысы аяқталып,жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде.Қорықта қазірдің өзінде ғылыми лаборатория жұмыс істейді.Табиғат музейі құрылды.Қорыққа алынған жерлердің фаунасы мен флорарасы комплексті түрде кеннен зерттеліп,бұл ауданның физикалық –географиялық ерекшеліктері тексерілуде.Орманда-Сібір балқарағайы,шырша,қайың көктерек көп .Қорықта балықтың 4 түрі,қосмекенділердің 3,бауырменжорғалаушылардың 6,құстың 200,сутқоректілердің 39түрі бар.Мұндағы балықтың 2 түрі(қарабалық және хоркус)қорғауға алынған.Орманда елік,марал,аю,сілеусін,борша тышқан тіршілік етеді.Қорықта саңырау құр,шіл,жапалақ,тундра киелі сияқты құстары бар.Марқакөл қорығының  фаунасы мен флорасын жақсарту барысында әлі де көптеген іс шаралар белгіленіп отыр.Қорыққа бөлінген жердің топшылығы қынжылыс білдіреді.Қорықтың қорғау аймағы кей тұста да көлдің кернеуімен өтеді,ал мұның өзі,әрине,оның шекарасы үшін мүлдем тарлық етеді.балық уылдырық шашатын негізгі өзен-Токлевканың ағысының орта тұсының көлге барып құйылып жатыр.Жалпы алғанда қорықпен жатқан жерлерде артық км ұстауға болмайды,ұстаған күнде байлап ұстау қажет.Бірақ бұл ереже сақталмайды.
Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Теректі тарихы, Марқа өңірінің тарихы туралы мәліметтер жоқ болғандықтан қарт адамдардың айтқан әңгімелерін, мұрағат деректерін пайдаланып, тың деректер жинақтап, оқушыларға, студенттерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады деп есептеймін.Аймағымыздың «тәй-тәй» басқан, елді есеңгіреткен ауыр кезең артта қалды.Аталар көрген бейнетті ұрпағының басына бермесін, сол үшін де баршамызға барынша қажырлы қызмет ету қажет.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, еліміздің, ауылымыздың гүлденуі болашақ, келешек жастардың қолында. «Елім, жерім» деп соққан жүрегі бар жас ұрпақ, яғни біздер білімді, ақылды, саналы азамат болып өсіп, халқымызға пайдасы тиетін ұлтжанды азамат болып тәрбиеленуіміз қажет.

«Құлпыра бер Теректі»

Жері құтты қазық қақсаң тал шығар,
Қойтастарға аузыңды ашсаң ән шығар.
Теректінің бау-бақшасы жайқалып,
Гүлдеріне ара қонбай бал шығар.

Елі өнерлі аспанда ұшқан әні бар,
Жеміс-жидек не іздесең табылар.
Теректері самал желге билеген,
Сонда тұрған адамдардың бағы бар.

Өзеніне жас пен кәрі шомылған,
Шекарамыз тас қамалдай жабылған.
Күн сәулесін алғаш шыққан көрем деп,
Теректіге сан жолаушы ағылған.

Қыздары бар айдау сұлу жүректі,
Ұлдары бар айбынды ер білекті.
Әлемдегі, әсем ауыл Марқада,
Құлпыра бер, гүлдене бер Теректі.
Құлпыра бер, жаным Теректі.


Жеңіс Айбол,
Күршім ауданы, Теректі ауылы,
«№2 Теректі орта мектебі» КММ,
10-сынып оқушысы




  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Менің қалам - Өскемен

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Жеңісті жақындатқан жерлестерім – мақтанышым

Мен – жауынгер, білмеген тынымыңды,
Күлкімді де, қидым мен қызығымды.
Өртке су боп себіліп, сенде өрт болдым     
Жеңіс атты арман қып бір ұғымды!
                            Әбу Сәрсенбаев.
Соғыс... Ерлік... Жеңіс... Бұл үш ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Соғыс! Құлаққа түрпідей тиетін, жаныңды жегідей жейтін ауыр әрі суық сөз. Соғыс! Талай жанды қыршынынан қиған, бейбіт халықтың берекесін қашырған қатыгез сөз. Соғыс деген мемлекеттердің арасында болатын қарулы күрес, ұрыс, шайқас. Адамзат тарихында ұзаққа созылған жойқын соғыстар өте көп болған. Солардың бірі – біздің еліміз үшін аса қымбатқа түскен – Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында тәтті ұйқыда жатқан бейбіт елді қанқұйлы фашистік Германияның бомба дауысы оятқан еді. Міне, осылайша Германия тарапынан басқыншылық, ал Кеңес халқы үшін әділдік жолындағы Отан қорғау соғысы, яғни, Ұлы Отан соғысы басталды. Соғысқа 1,2 миллионнан астам қазақстандық жауынгер қатысты. Табаны күректей 1418 күнге созылған зұлым соғыс еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ащы запыран мен қан жұтқызып еді. Осынша уақытқа созылған қайғы, қасірет, азап, қиындық... Соғыс жылдары – ерлер майданға аттанып, бала – жетім, ана – жесір қалған қатыгез кезең. Соғыс талай арудың қызғалдақтай құлпырған қыз ғұмырын тас-талқан етіп, талай боздақты өз ізін жалғайтын үрім-бұтақсыз қалдырды. Бұл жойқын соғыс мыңдаған сәбидің балғын балалық шағын ұрлады. Әбу Сәрсенбаев атамыз:
                   Жеңіс! Жеңіс! Асқар ғой жеңіс деген!
                   Жас шағымды сыйладым жеңіске мен.
                   Төрт ғасырдай шұбалған бұл төрт жылда,
                   Қасіретуы қалды ма мен ішпеген?! 
– деп адамзат басына түскен нәубетті жыр жолдарына сыйғызған екен.

Майдангерлер ауылда

Бізді осы қиындықтан, сол бір қатерлі жылдардан аман алып шыққан бір ғаламат сезім бар. Оның аты – ерлік, батырлық, батылдық және Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік еді. Сол уақытта Отанымыздың басқа халықтарымен бірге қазақтың қара домалақ балалары мен қаракөз қыздары қолдарына қару алып, Отанды қорғау үшін майдан даласына аттанды. Ел басына күн туып, ер-азаматтарымыз етігімен су кешкен сұрапыл соғыс жылдарында талай боздақ жандарын шүберекке түйіп, елі үшін кеудесін оққа тосты. От-жалынға оранған майдан даласында олар қас дұшпанмен шайқасып, дала қызыл қанға бөкті. Майдан даласында жауынгерлеріміз бірі қолынан, бірі аяғынан айырылды, енді біреулері жау қолынан опат болып жатты. Таңғы асты бірге ішкен майдандастар түскі аста бірін-бірі таппай қалатын. Әйтсе де, бойларын рух пен намыс кернеген патриоттарымыз от пен оқтың ортасында жүріп, Отан үшін, ұлан-байтақ жер үшін, артында қалған ұрпақ үшін отқа түсіп, ары үшін арпалысты. Қанша азап-бейнет тартса да, бейбіт күннен, жеңістен үміттерін үзбеді.
Сұрапыл соғыс жылдарында қару мен қаламды қатар ұстаған отандастарымыз көп болды. Қазақтың біртуар таланттары – Бауыржан Момышұлы, Әбу Сәрсенбаев, Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов, Баубек Бұлқышев, Қасым Аманжолов сынды азаматтар қаруын қанға малса, қаламын сияға малып, ғажап туындылар қалдырды.
Тарбағатай күнгейіне басын төсеп, аяғын Алакөлге салқындатқан менің туған өлкемде Науалы дейтін әсем де бай, жер жәннаты бар. Осы ауылдан да мыңдаған азаматтар соғысқа қатысты. Жеңісті жақындатуға үлесін қосқан сол азаматтардың ішінен ауылға аман-есен оралғандар – Жауғашов Кәрім, Жанұзақов Әміре, Ақылжанов Божан, Мәліков Көбеген, Апсалямов Анарбек, Садықов Есетай, Баймолданов Әбдір, Дүйсекенов Ақаш, Мейірімов Сембай, Мақұлжанов Құрманғали, Мақұлжанов Базаралы аталарымыз бейбіт өмірді өркендетуге де еңбек сіңіріп, өнегелі отбасыларында ата-салтын сыйлайтын, дәстүрге адал ұрпақ қалдырды.
Сұрапыл соғыс кезінде елін аман сақтап қалу жолында көп тер төккен бұл ардагерлеріміздің ұатары қазіргі таңда сиреп кетті. Ал біздің кішкентай ауылымызда ешкім қалмады десе де болады. Бірақ біз олардың есімдерін ешқашан ұмытпаймыз, «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрған» деген белгі-жазу біздің осындай бақытты өміріміздің қорғаны болған жандарды үнемі еске салып тұрады. Осы ардагерлердің арасында бірі де бірегейі, ауыл адамдарының жас-кәрісінің есінен кетпейтін дана да сыйла, батагөй қариямыз болып еді. Ол – менің осы шағын еңбегіме арқау болып отырған Данабек ата Байсалханұлы.
Данабек ата ақынжанды, пейілі кең, айналасына шуақ шашқан, көңілі таза тамаша адам еді. Қазақ поэзиясы – тамырын тереңге тартқан көркемдік дәстүр десек, бүгінгі қазақ әдебиетінің ірі саңлақтары, азулы ақындары дараланып, халық арасынан байыпты бағасын алып жүр. Алапат соғыс жылдарында қаруы мен қаламын қатар ұстаған Данабек ата – замана жайын өлеңге қосқан, ел ішіндегі келеңсіздікке орынды сын айта білген, келешек туралы көрегендікпен ой түйіп, өз тұжырымын еркін жеткізе білген, сөз қасиетін қадір тұтқан абзал азамат. Алдыңғы толқын ақындардың соңын ала келіп, олардан кестелі жыр, өрнекті сөз үйренген Данабек ақсақал өз дәуірінің толғақты тұстарын сөз ете алды. Сонау қар жастанып, мұз төсеніп, от пен оқтың арасында жүрген Ұлы Отан соғысы жылдарында да ол өлеңді өлмес, қайыспас серік ете білген, сол өнерімен де қазақ жауынгерлерінің рухын көтеріп, елге деген сағынышын кестелі жырмен өрнектей білген ұтқыр ақын:
Дейсіңдер, ескі өмірді әңгіме етті,
Дәм татып көріп қайттым талай шетті,
1941 жылы тамыздың алтысында,
Соғысқа бізді-дағы алып кетті, - деп жазыпты.
1941 жылдың 6-тамызында Науалы ауылынан елге тірек болып отырған 60 ер-азамат майдан даласына аттаныпты. Олардың ішінде Данабек ата да бар еді. Сол жылдар турасында Данабек ата:
Бір күнде кетіп едік 60 адам,
Орынын мен олардың қайдан табам? – деп күйіне жырлаған екен.
Сөйтіп, майданға аттанатын жас жауынгер ел-жұртымен қос өзеннің ортасындағы туған жері Науалымен қимай қоштасыпты. Оған мына өлеңі дәлел:
Бойында Науалымның жыңғыл мен тас,
Болады кей жақсының әзілі бас.
Бірге өскен кішкентайдан біте қайнап,
Дос- құрбы, қош, аман бол, кемпір мен шал.
Үлкен тау Тарбағатай асқар белім,
Бес Байыс, тоғыз тума қайран елім,
Бір Құдай айырған соң шарам бар ма?
Сағынам Науалының қоңыр желін.
Осы 60 ер-азамат ауылдан шығып Аягөз қаласына барыпты. Данабек ата жолдастарымен поезға отырып, шығыс жаққа жөнелтіледі. Сол кездегі жүрек толқытқан сезімін Данабек ата төмендегі өлең жолында баяндайды:
Әуелі жетіп келдік Аягөзге,
Жолықтық шойын жолмен тартқан жезге,
Поезға салып алып, жүріп кетті
Басқадай қаратпады ешбір сөзге.
Содан соң жетіп келдік Семейіме,
Семейден қайтамыз ғой демеймін бе?
Білмеймін, қай уақытта ұмытамын
Ел дәмі әлі күнге көмейімде.
Барнауыл, Новосібір горттен өттік,
Қазақша Қызылжарға келіп жеттік,
Қалаға тағы келдік Үркіт деген,
Германның халқы бар ма үркітпеген?
Тамтығын құдай қашан шығартады,
Қояндай жемтік – жемтік бүркіт жеген.
Сол қала маңайында Байкал көлі,
Ішінде қарағайдың оның елі.
Елу үш тескен таудан өттім сонда
Қаз-қатар қатарланып тапқан жері.
Сонан соң Комсомолдың елін көрдік,
Әлемнің жанып тұрған өртін көрдік.
«Уһ!» деп қайғырмаған бір пенде жоқ
Жүректің жанып тұрған дертін көрдік.
Майдан даласында жауға қарсы аттанғандардың тілі мен діні бөлек болғанмен бәрінің мақсаты мен мұраты бір. «Келер ұрпақ қамы үшін!» деп ұрандатқан жауыргерлер қарша бораған оқтан тайсалмай қасқая қарады. Оқ пен оттың ортасында жүрсе де, ауық-ауық әзіл-қалжыңға да көңіл бөліп, өз қатарластарының, елі мен дерін аңсаған сарбаздардың қаяу көңілін жадыратуға тырысыпты ақын ата. Елін сағынған жауынгерлер атаның жалынды жырын оқып, сарғайған сағыныштарын басқандай болады екен. Ол мына төмендегі мазмұндас жырлар еді:
Сағындым Науалымның елін ойлап,
Ата-анам туып-өскен жерін ойлап.
Есімнен жатсам-тұрсам бір кетпейді,
Науалым туып-өскен ауылым еді,,
Қазақтың қара дүрсін қауымы еді,
Ол жерде не нәрсенің бәрі өседі,
Жерінің Найман шалдың тәуірі еді.
Майданда жүргенде қиындыққа мойымаған жігіттер, елден келген хатқа да өлеңмен жауап жазады екен, қолдары қалт етсе, сөз қағыстырып, ой жарыстырыпты. Эльба атты өзеннің бойында болған кезекті бір шайқаста «Ерлігі үшін» деген медальмен марапатталған Данабек ата «Өз елімде өлсем арманым жоқ!» деп, былай жырлаған:
Эльбаның окоптамыз өзенінде,
Жау оғы күндіз-түні кезелуде.
Қаламыз қай арада кім біледі?..
Өлгеннің арманы жоқ өз елінде!
Содан, бірнеше жыл қас дұшпанмен қасқая күрескен қара домалақ жігіттері мен қаракөз арулары майдан даласында оққа ұшып, енді бірі жараланып жатса да, тайсалмастан жауын жаныштаған жас жүрек азат күнге, ұлы жеңіске ұмтылды. Бірде Данабек ата жараланып госпитальға түседі. Көзі ілініп кеткенде, түсіне шешесі Закария ана кіріпті де: «Сен неге жүрсің? Тез үйге қайт, біз сені күтіп жүрміз» депті. Оянып кеткен жауынгер шешесі мен қарындасы Тамашаға деген сарғайған сағынышын сәл де болса басу үшін қолына қағаз-қарындаш алып былай деп өлең-хат жазыпты:
Госпитальда жатып езіліп,
Ойға түсіп желігіп,
Қарындаш-қағаз қолға алдым,
Түсімде шешем көрініп,
«Үйге жүр!» деп ұрсады
«Неге жүрсің желігіп?»,
Қайтардым жауап анама,
Анасы ыстық балаға.
Дәм тартпаса қайтеміз?
Жазудан артық бола ма?
Госпитальда жүрмін, бағынып,
Еттегі түскен жараға.
Үш кісіге сәлем айт:
Үлкен мен кіші, балаға,
Қайтарып жауып хат жазсын
Мен тұрған осы қалаға.
Қайран елімді сағындым
Төрт жыл да өтті арада.
Шешесі түсіне кірген соң бірнеше аптадан кейін Кеңес одағының әскерлері Германия әскерін тізе бүктіріп, Жеңіске жетті. Жауынгерлер 1946 жылы ауылға қайтыпты. Сол жайлы мынадай толғау қалдырыпты:
...Біледі соғыс жайын барлық халық,
Айтайын мен біразын, созбай ғана.
Өзімше білгеніммен әңгіме айттым,
Халыққа бәрі де аян бұл жәйттің,
Әйтеуір аман-есен келдік елге,
Малшынған халық екен қайғы-шерге.
Жоқшылық бір жағынан тағы да бар,
Батып жұмыс істейді қара терге.
Береке ел ішінде сондай мықты,
Білмеген білгендердің сөзін ұқты
«Тірлік бар, бірлік барда» деген мақал
Үш-төрт жылда соның бәрін жеңіп шықты.   
Соғыстан кейінгі жылдары Данабек ата немере-шөбере сүйіп, ауылымыздың ардақты да сыйлы азаматтарының қатарында болды. Бейбіт жылдар ақын атаның шабытына шабыт қосты. «Науалым» атты өлеңін бүгінде әр ауылдасымыз жатқа біледі. Өдеңнің әрбір жолы туған жерге деген сүйіспеншілікке, құрметке толы. Кішкентай кезімізде көрші атамыздың кеудесіндегі күнге шағылысып, көз қарықтыратын орден-медальдарын қолымызбен сипап қызықтаушы едік. Олардың сырын енді түсінгендей болдық. Ауыл балалары қазақтың ұлы даласында туған баяғы дала еркелері сал-серілердің, орақ тілді, от ауызды шешендердің сарқыты осы біздің Данабек атамыз екендігін сезініп жүргендей.
Біздің бейбіт өміріміздің қорғаны болған атамыздан жаңа отау құратын жас-жұбайлар, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанатын бозбалалар мен алысқа жолсапарға шығатын азаматтар – бәрі-бәрі ақ батасын алмай кетпейтін еді. Мектеп оқушылары да мәдени іс-шараларға шақырып, майдан жайлы ертегіге бергісіз әңгімесіне қанығып, ақ батасын алып жүретін. Әр жыл сайын Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ақсақалдың үйіне жан-жақтан қонақтар келіп, көнекөз қарияның естеліктерімен бөлісетін. Туған өлке тарихын танып, ел үшін ерлік кешкен, ел мұңын мұңдаған арыстарымыздың өмірін танып-білу, сонымен қатар туған өлке тарихын да, оның аузы дуалы ділмарлары мен шешендерін танып білу, - оларды қадір тұту, өнеге алу – ұрпақ парызы. Толғамалы тоқсаннан асып, жүзді алқымдаған, екі ғасырдың куәсі Данабек ата әдемі қартайып, бірер жыл бұрын ғана дүниеден өткені ауылдастарымыздың көз алдында. Қиын-қыстау кезеңде қару мен қаламды қатар ұстап, жалынды жырларымен қаруластарының рухын көтере білген, жеңіске жетелей білген Данабек ата өмірден өтсе де, біздің осы бейбіт күнге жетіп, Ұлы Жеңістің жетпісінші көктемін Тәуелсіз ел болып қарсы алуымызға қосқан үлесі зор деп білемін. Атамыздың туған жерге деген ыстық сағыныштан, сүйіспеншіліктен туған әрбір өлеңі бізді және келер ұрпақты туған жерді ұлықтай білуге жетелейтіні сөзсіз. 2008 жылы данабек атамыздың көзі тірісінде жиені Жабайхан аға «Қажыды қайғымене қайран көңіл» атты ақын атамыздың жыр жинағын жарыққа шығарды. Бұл кітапқа М.О. Әуезов атындағы Семей Университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Р.М.Мұқажанова пікір жазған. Қазір бұл жинақ Науалы тұрғындарының, әр отбасының үйінің төрінде «Абай жолымен» қатар орын алады. 

Данабек Байсалханов атамыз бен жыр жинағы


Мен Данабек атаның бейнесін жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа ұқсатамын да «Науалының Жамбылы» деп бағалаймын. Менің жас жүрегім былай деп жырлайды: Қайран атам, «Науалымның Жамбылы»,
Әр қилы ғой әр адамның тағдыры.
Майданда боп, елің үшін шайқасқан,
Ерлігіңнің ұрпаққа бар тағылымы.
Сағынышпен елге жазған өлеңің,
Жатқа біледі артыңдағы өренің.
Жолыңызды қуар сіздің ақындар, 
Жыр кестелеп, сөзді өрнектеп өреді. 
Қайран атам, ақын атам, саңлағым,
Дана жанды сіздей қайдан табамын?
Топырағыңыз торқа болсын деймін де, 
Гүл шоғымен жыр-өлеңді сыйладым.
Біз, Науалы ауылының ұл қыздары, осындай ержүрек, ақын, дана, патриот атамыздың рухына тағзым етеміз. Жалынды жырларымен ел ауызында қалып, халық жадында мәңгі сақталатын атамызды мақтан етеміз. Оның есімін келер ұрпаққа да үлгі етіп жеткіземіз.
Отты майдан күркірінен алыстағы Қазақстанның қаршадай балалары да үлкендермен бірге тыл майданынының жасампаз ерлігін шыңдады. Олар қолдарына қару орнына кетпен мен күрек ұстады. Еңбек ерлігі, еңбек жеңісі жасөспірім балғындардың тыл майданындағы атқарған ұлан-ғайыр істерінен туындап жатты. Олардың әрқайсысы да ерлік жасау үшін еңбек еткен жоқ. Олар Отанға, Жеңіске берген қолғабыс көмегінен даңқ іздемеді. Ол кісілер – біздің ата-әжелеріміз еді.
Мыңдаған жас боздақтарымызы Жеңіс жолында құрбан болды. Олар жастық дәуренін Жеңіске сыйлады. Қазір, міне, біз де жастық дәуренді бастан кешудеміз. Егер біреу: «Жастығыңды аламын!» - десе, берер ме едік? Ол өмірдегі ең тәтті, ең ғажап, ең керемет шақ емес пе?! Үмітпен ұйықтап, үмітпен оянып, барша бақыт пен арман алда күтіп тұрғандай сезілетін шақ қой ол! Ал ардагерлер осы шақтарын Жеңіске арнады... Еңбектері еш кетпей, «Жеңіс» жалауы да желбіреді. Иә, бұл Жеңіс – осы ерліктің жемісі. Ендеше, ауылымыздағы күмәнсіз батырларды, Жеңіс күнін жақындатқан жандар – ардақты ата-әжелерімізді ардақтай білейік!
Адамзат өмір бойы ірілі-ұсақты көптеген соғыстарды басынан өткерген. Бүгінгі таңда да әлемде ашық, жасырын, саяси, экономикалық, әлеуметтік секілді соғыстардың түр-түрінің болып жатқаны белгілі. Басқа мемлекеттердегі соғыстың лебін сезіне отырып, «Жеріміздің шетін жау баспасын деп, елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз!» деген Қазыбек атамыздың даналық сөздері есіме түседі, сондықтан, Елімді, Отанымды осындай бүліктен Аллам аман сақтасын деп шын жүректен тілеймін!

Маратова Дана Қанатқызы,
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
                                               Науалы ауылы, «Науалы орта мектебі» КММ,
11 «А» сынып оқушысы

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

Ер есімі - ел есінде

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. 
Майданға Марқа-Күршімнен 9456 азамат аттанды. 2462 жерлесіміз хабарсыз кетті. 2673 адам қаза тапты. Ұлы Отан соғысының батыры атағын алғандар қатарында 4 жерлесіміз Павел Павлович Журба, Аркадий Петрович Кукин, Алексей Семенович Крахмаль, Василий Васильевич Бунтовских бар. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Бауыржан Момышұлы айтқандай жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, жетпеген арманда кетті. Олардың аттарын аузымыздан түсірмей халыққа айта берейік. Оларға біздің дұғамыз осы болсын!Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады.
Біздің  тәуелсіз елімізде, жайраңдап жүргеніміз-бәрі де аталарымыздың Жеңісінің жемісі.
Heгe жыламасын?!
Бәрісі де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. 
Түнек болып келе жатқан тажалға,
Аттануда, аттануда тірі адам.
Жылап жатыр. Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер.
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, 
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер. 
Боздақтарын аттандырған шақтарда, 
Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да. - деп ұлы ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бұрын адам баласы көріп білмеген шайқас халқымызға шексіз қиыншылық, өлшеусіз қайғы қасірет әкелді. Зұлмат соғыс тақсіретін қасіретін тартпаған, соғыс өрті шалмаған бірде-бір отбасы, бірде бір үй жоқ.
Туған ел үшін, туған жер үшін соғыста құрбан болған Алғабас ауылының боздақтары:
1.Күдерұлы Қабдығали Куйеубаев (Тапай), қатардағы жауынгер, 1921 жылы Күршім ауданында туған. Волокаламск тас жолындағы шайқаста жерлесі Жалмурзин көрген, хабарсыз кеткен.
2.Күдерұлы Әбілмәжін Күйеубаев,қатардағы жауынгер. Күршім ауданында туған. 1943 жылы наурыз айында хабарсыз кеткен.
3.Жалбағаев Назыр
4.Жалбағаев Әшімқан, қатардағы жауынгер. 1922 жылы Күршім ауданы, Тастоғам ауылында туған. 1943 жылы қаза тапқан. Гомель облысы, Житковск ауданы, Карпович ауылында жерленген.
5.Рахымбаев Сейітқұмар, қатардағы жауынгер. 1907 жылы Күршім ауданы Жаңадәуір ауылында туған. 1943 жылы мамырда хабарсыз кеткен.
6.Әбілбаев Ақат
7.Ибраев Мұхаметрахым,
8.Жақыпбаев Мұқаметқадыр
9.Әлімбетов Зейнеш
10.Нұрсадықов Әріп
11.Әбділдаұлы Қабыкен
12.Ақажанов Қалиолда
13.Ахметжанов Айтжан, қатардағы жауынгер. 1912 жылы Күршім ауданы, Камышинка ауылында туған. 1943 жылы желтоқсанда  майданда қаза тапқан. Витебск облысы, Заболотье ауылында жерленген. 
14.Аспандияров Оқас, қатардағы жауынгер. Күршім ауданында туған. 1942 жылы ақпанда хабарсыз кеткен.
15.Әпсәлемов Айтқали
16.Баяндин Жайлаубай, қатардағы жауынгер. Күршім ауданы, Сарыөлең ауылында туған. 1942 жылы қыркүйекте майданда қаза тапқан. Смоленск облысы, Велиж ауданы, Холопово ауылында жерленген.
17.Байсейітов Қабдуали,қатардағы жауынгер.1907 жылы Күршім ауданы,Сарыөлең ауылында туған.1943 жылы наурызда хабарсыз кеткен.
18.Бекенов Шәйзада
19.Жақыпов Мұқаметқадыр
20.Қыстаубаев Мұхаметжан
21.Қалиев Мүтәлап,қатардағы жауынгер,Күршім ауданында туған.1943жылы хабарсыз кеткен.
22.Исағожин Мұхит
23.Мырзатаев Әбілтай,1911 жылы Күршім ауданында туған.1944 жылы қарашада хабарсыз кеткен.
24.Мұқанов Қабдуәли,қатардағы жауынгер.1942 жылы хабарсыз кеткен.
25.Марданов Уәлхан
26.Мадияров Тоқтасын
27.Мұхамадиев Қамза,қатардағы жауынгер.1921 жылы Күршім ауданы,Тастоғам ауылында дүниеге келген.1944 жылы майданда қаза тапқан.Литвада Кальнишки ауылында жерленген.
28.Мертікбаев Қали,1906 жылы Күршім ауданында туған.1944 жылы хабарсыз кеткен.
29.Нүрпейісов Солтан,қатардағы жауынгер.1944 жылы шілдеде қаза тапқан.Орел облысы,Гузкое ауылында жерленген.
30.Нұғыманов Далабай,1904 жылы Күршім ауылы,Құйған ауылында туған.1943 жылы,тамызда хабарсыз кеткен.
31.Оспанов Алпысбай
32.Рамазанов Есімхан,кіші сержант.1925 жылы Күршім ауданы,Құйған ауылында туған.1945 жылы ақпанда майданда қаза тапқан.Шығыс Пруссияда ,Липпикин ауылында жерленген.
33.Смайылов Қабден
34.Сейсекенов Мәулен
35.Сегізбаев Құмарғазы
36.Тастанбеков Нығметолла
37.Тәукішбаев Қалиакпер
38.Тоқтыбаев Әубәкір
39.Тұрақжанов Байдолда,қатардағы жауынгер.Күршім ауданы,Сарөлең ауылында туған.1942 жылы желтоқсанда хабарсыз кеткен.
40.Пышақбаев Бисолтан,қатардағы жауынгер.Күршім ауданында туған.1942 жылы қазанда хабарсыз кеткен.
41.Үметбаев Сейілхан
42.Бәжеев Қайсар,қатардағы жауынгер.Күршім ауданы,Сарыөлең ауылында туған.1943 жылы қазанда хабарсыз кеткен.
43.Бәжеев Ақышбай 
Соғыс ардагерлері:
1.Саудагеров Ұрыққали
2.Дүңкебаев Қожақан
3.Әкімбаев
4.Құниязов
5.Мейірбаев
6.Байжанов
7.Семізбаев
8.Түселбаев Сләм
9.Темірбаев Қыстаубаев
10.Құйқашев Қалым
11.Айтбаев Ахметбек
12.Ерменов Мұқатай
13.Байғабылов Рамазан 
14.Тырнақбаев Секіш
15.Калитов Дүкен
16.Ибраев Ыдырышқан
17.Айтқұлов Серғазы
18.Ақшабаев Шөкен
19.Алшынбаев Сләм
20.Әпсәлемов Сыдық
21.Қалиев Сақан
22.Жалмурзин Әбетай
23.Ыхиев Рысқали
24.Тоқтыбаев Қалиқан
25.Шілдебаев Зәйнике
26.Пыштақов Әшімқан
27.Төлежанов Үркінші
28.Мұхаметжанов Зейнолда
29.Тастамбеков Қалиолда
30.Тоқаев Сейіткамал
31.Тоқаев Кәмалбек
32.Райысов Нұғымар
Соғыстың қара дауылы Қыстаубай Темірбаевтың да тыныш өмірінің ойран топырын шығарды.1942 жылы аттанып,1 Украина майданының 177 полкінің миномет батальонының байланыс бөліміне жіберілді.Сұрапыл жылдарда көптеген ерліктер жасап,бірнеше рет немістерді тірідей қолға түсіріп, штабқа тіл әкелу міндетін аброймен орындады.Қиян кескі соғыстың бірінде Қыстаубай ағай ауыр жараланып,майданнан 1 топтағы мүгедек болып оралды.Соғыстан кейін Темірбаевтың ұстаздық жолы басталды.Оқушыларға сапалы білім саналы тәрбие беруде тер төкті.Соғыс және еңбек ардагері  Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 2- дәрежелі Отан соғысы орденімен,мерейтойлық медальдармен марапатталды.Ұстаздық жолындағы еңбегі үшін Мақтау қағаздарымен әлденеше рет марапатталды.Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысты.
Құйқашев Қалым 1941 жылы тамыз айында майданға кетті.Алғашында Сталинград қаласындағы шайқасқа қатысып пулеметшы болды.Бұдан кейін Москвадан Берлинге дейінгі майдан жолын жүріп өтті.Майдангер аға Сталинград қаласындағы қиян кескі шайқастағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.Қалым аға атты әскер қатарында да,пулеметші де,мина іздеуші де болды.Берлин,Ленинград қалаларында мина іздеуші болды.Соғыстан кейін ауыл шаруашылығының әр саласында жемісті еңбек етіп,құрметті демалысқа шықты.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен,мерейтойлық медальдармен марапатталды.Соғыс және еңбек ардагері Қалым Құйқашевтың өнегелі өмірі міне осындай.
АйтбаевАхметбек  1942 жылы майданға аттанып,артиллерия дивизиясында  жорықтарға қатысты. 1942 жылы II Калинин майданында,II Украина майданында Харьковте,Киевте болды.Бұдан кейін Курск шайқасына қатысып,Венгрияға дейінгі қанды жорықтарынан өтті.1945 жылы Венгрияның Вена қаласында жараланып туған жеріне оралды.Құрметті демалысқа шыққанға дейін халық шаруашылығының әр саласында жемісті еңбек етті.Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «За Отвагу»медалімен,ордендермен,көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Ерменов Мұқатай 1941 жылы соғысқа аттанып,Украина майданында болды,Сталинград қаласындағы шайқасқа қатысты.Сұрапыл соғыста 4 рет жараланды.1943 Даманскіде қолынан жараланып туған еліне оралды.Ол I дәрежелі Отан соғысы орденімен,көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.Соғыстан кейін құрметті демалысқа шыққанша шопан болып еңбек етті.
Еліміздегі  қиын да қаһарлы кезең -Ұлы Отан соғысын бастан өткерген жандардың бірі Калитов Дүкен, 1942 жылы майданға аттанды.Ол Солтүстік майданында 13-ші әуе десанты бригадасында бөлімше командирі болды.Одан кейін Старая Русса,I Украина майданында қиян кескі соғыстарды бастан кешіріп,Бессарабия,Румыния, Венгрияға дейінгі майдан жорықтарын жүріп өтті. Корсунь- Шевченко,Яссы-Кишинев сияқты Германияның ең басты топтарына қарсы ұрысқа шықты.Соғыстан кейін есепші,ферма бастығы,қойма меңгерушісі,бригадир көмекшісі болып еңбек етті.
Соғыстағы ерлігі үшін 3-дәрежелі Даңқ,Қызыл ту ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Отан Соғысы», «Днестрден өткенде көрсеткен  ерлігі үшін», «Днепрден өткендегі ерлігі үшін», «Брно», «Прага», барлығы 12  медалі бар.
Күршім кеңшарында 47 жыл еңбек етіп, «Тың игергені үшін», «Тыңға 50 жыл», «Еңбек ардагері»,Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтің медалімен  марапатталды.
Ибраев Ыдырышқан 1943 жылы майданға аттанып, I Белоруссия майданында 13 полкте танк бригадасында десантшы болды.Майдангер Белоруссиядан бастап Берлиннің Одер өзеніне дейіегі майдан жолдарын жүріп өтті.Соғыстағы ерлігі үшін 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен мерейтойлық медальдармен марапатталды.Соғыстан кейін ауыл шаруашылығында үздік еңбек етіп медальдармен марапатталды.Зейнетке шыққанға дейін 15 жыл мектеп шаруашылық меңгерушісі болып еңбек етті. 
Біз өттік елу жеті Тескентаудан,
Ортасын ойып тұрып кескен таудан.
Совет жерін ешбір жау ала алмайды,
Отанды құтқарамыз зұлым жаудан,-деп жырлаған еді 40 жылғы комсомол Секіш Тырнақбаев.
Ел басына күн туды байтақ елдің,
Дұшпаннан тазалаймыз совет жерін.
Қолыма қару алып майдан кеттім,
Мен сонда он сегіз-ақ жаста едім-деп өзі айтқандай С. Тырнақбаев ол кезде 18-ақ жаста еді.1943 жылы 1-ақпанда қыстың қаһарына мінген қақаған аязында соғысқа аттанып,II Белоруссия майданы,17-ші Қызыл Тулы гвардиялық дивизиясында пулеметші болды.Ұрысқа кірген күні аяғынан,жағынан жаралы болып госпитальға түседі.Одан кейін Прибалтика майданы 333-ші Қызыл тулы Рослов атындағы дивизиясының,11-ші,54-ші Қызыл тулы полкіне жіберілді.Ардагер ағаның сұрапыл жылдардағы өмірбаянынан үзінді келтіре кеткім келеді.Таң ағарып ата бастайды.Жауынгерлер окоп қазу жұмысын аяқтап,шегінуге бұйрық алған кезде,кенеттен баспалап келіп қалған жау оқ ата бастады.Взводтағы 4 пулеметтың үшеуін топырақ басып қалған екен.Жалғыз С. Тырнақбаевтың пулеметі ғана аман.Барлық үміт осы  пулеметте еді.Жауынгер  жауға пулеметпен дүрсе қоя береді.Сөйтіп  жаудың бетін қайтарады.Сол   ерлігі үшін кіші сержант атағын алып,пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. «За Отвагу» медалімен марапатталады.Сондай-ақ Секіш аға Курляндия жеріндегі Ақ мектеп бекінісінде жанқиярлық ерлік көрсетеді.Сол үшін 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.Көптеген қанды жорықтарды бастан кешіріп,1948 жылы 29 қарашада туған еліне оралады.Соғыстан кейін зейнетке шыққанша әртүрлі салада еңбек етті.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.Қоғамдық жұмыстарға қатысып ,1948 жылдан лавочный комиссия төрағасы болды.
Тастанбеков Қалидолда 1938 жылы әскери борышын өтеуге шақырылады.Үш жылдан соң елге оралады.1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады.
Бірінші рет Курск-Орловск түбінде жаумен бетпе-бет шайқасады.Ол атақты қолбасшы Рокосовскийдің армиясында болып,II, III Белорусь майданына қатысады.152 миллиметрлік калибрлі зеңбіректің командирі болып тағайындалады.Ол өзінің бір қатты ұрыс кезінде жараланып,топыраққа көміліп қалғанын,достары аршып алғанын еске алады.Соғыстың ақырғы жылдары танк экипажының командирі болып,Балтық жағалауын азат етуге қатысады.Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып Берлинге дейін жеткен.
Соғыс біткеннен кейін қираған қалаларды қалпына келтіріп,1947 жылы мамырда елге оралады.Елі қуанышпен қарсы алып,ұстаздық қызмет береді.Еңбекке араласып жүріп оқуын Зайсан қаласындағы Педучилищеде жалғастырып,сырттай оқып бітіреді.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталған.Ұстаздық еңбегінде мақтау қағаздары баршылық.Күршім округі бойынша бірнеше мәрте депутаттыққа сайланған.Жас буынды тәрбиелеуге 35 жылын арнады.
Түселбаев Сләм 1939 жылы 15 наурызда Күршім ауданының комиссариатымен әскери қызметке шақырылып,719 атқыштар полкіне қызмет етуге жіберілді.Осы полктің құрамында 1940 жылы наурыз айында ақ финдермен болған соғысқа қатысты.
1943 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысып,132 атқыштар полкінің құрамында Волхов ГЭС-ін қорғауға,Киев,Белая Церковьті азат етуге ат салысты.
Отан алдындағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз»орденімен, «За боевые заслуги», «За победу над Германией»медальдарымен марапатталған.
1946 жылы елге қайтып,бейбіт өмірге белсене араласты.
Аудандық комсомол комитетінде істеді.1952 жылы Зайсан педагогикалық училищесін тәмамдағаннан кейін ұзақ уақытАлғабас ауылында география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Айтқұлов Серғазы Мақытұлы 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады.Қызметін Забайкалье әскери округінде, Дауран даласында ,құрылыс батальонының қызыл әскері болып бастайды.Автотранспорт батальонымен бірге Моңғол Халық Республикасында болды.Осында жүріп шофер мамандығын игерді.Ал запастағы 16-шы артиллерия полкімен Новосибирскіде тұрған кезінде жауынгер-артиллерияшы мамандығын үйренді.Әскери қызмет жолы Айтқұловты Батысқа алып келді.Ол алғаш рет жаумен 1942 жылдың қараша айында Курск облысының Мальархангельк қаласы үшін ұрыста беттеседі.Осы ұрыста ауыр зеңбіректер гитлершілердің қарсылығын тойтарып,көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталады.1945 жылы Одер өзенінен ойдағыдай  өткендегі операцияға қатысып,ерлік көрсеткені үшін III дәрежелі « Даңқ»орденін алады.Соғысты Берлинде I Беларуссия майданы әскерлерінің құрамында  жүріп аяқтайды.Бұл кезде ол кіші сержант ,2-ші дивизияның 89-шы гаубицалық артиллерия бригадасының зеңбірек командирі.1946 жылы ауылына взвод командирінің орынбасары ,аға сержант атағымен оралды.
Бранденбург қаласында оларды шығарып салу салтанатына  артиллерия маршалы Воронов пен әйгілі партизан қозғалысын ұйымдастырушы Ковпак келген. «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін медалі», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары,көптеген үкімет наградалары  щайқастарда танытқан батырлығының белгісі еді.
Бейбіт күнде Күршім кеңшарында шикізат дайындаушы болып көп жылдар жұмыс істеді.Еңбек озаты болды.8 қаңтар 2009 жылы 90 жасында дүниеден өтті.   
Саудагеров Ұрыққали 1938 жылы әскер қатарына шақырылып,Фин соғысына қатысады,1940 жылы аман-есен оралады.1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады.Сталинград маңында болған ауыр шайқаста жараланып,ес-түссіз окопта көміліп қалғанда ,өз солдаттармыз екі күннен кейін қазып алып,тірі қалады.
1944 жылы Берлин маңындағы соғыста ауыр жараланып,ессіз немістердің қолына пленге түседі.
Колоннада айдауда кетіп бара жатқанда иығындағы жара құрттап,әлсіреп құлап қалғанда ,екі жолдасы қолтықтап колоннаның  ортасына алып кіреді.Құлап қалғандарды немістер бірден атып тастап кете береді екен.Сөйтіп екінші рет ажалдан аман қалыпты.
Сол жылы майданнан «Ұлдарыңыз  Отан алдындағы борышын өтеуде ерлікпен қаза тапты»-деген қаралы қағаз келді.Тек,1946 жылы көп азап көріп,Отандастарымен бірге пленнен қашып,емделіп,аман-есен ауылына оралады.Шындығын дәлелдегенше заңң орындары қанша кинау көрсетті.Сол қиындықтарды жеңіп шықты.Тастоғам ауылында қойшы,қой фермасының меңгерушісі,жылқышы болып жұмыс істеді.1964 жылдан Күршім кеңшарында шопан болып еңбек етіп,1973 жылы социалистік жарыстың үздігі болып Мәскеуге,халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне барды.1978 жылы тағы үздік аталып,сыйлыққа  кілем алды.
Шілдебаев Зәйніке 1939 жылы әскерге шақырылып,Хабаровск қаласында әскери борышын өтейді.Ұлы Отан соғысы басталғанда сол жерден майданға аттанады.1943 жылы бүкіл Армия қоршауға алынып,қарсы шабуыл кезінде көбі қырылып,қалғаны тұтқынға түскен.Сол кеткеннен Германия,Италия т.б. мемлекеттерде болады.1945 жылы Америка әскерінің құтқаруымен Кеңес үкіметіне қайтарылады.1946 жылы қираған қалаларды қалпына келтіруге қатысады.Еліне оралған соң бұрынғы мамандығы бойынша тракторшы болып жұмыс істейді.Кеңшардың партком мүшесі,ауылдық кеңес депутаты болды.Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың  медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Жеңіске 40 жыл», «Ұлы Отан соғысына 50 жыл» т.б. медальдармен, «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр.Қайран біздің ардагер ағалар!Бұл күнде Алғабаста олардың бірі де жоқ ,көзі тірі Калитов Дүкен атамыз да биыл дүниеден өтті.  Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
Ей,бүгінгі жас қауым,бейтаныс арғы ұрпақ!
Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп біз сендерге  бақыт әпердік,жас ұрпақ.Ол-қазіргі кең жазира Отаның сенің.Отансыз өмір,онсыз қуаныш жоқ.Соны көздің қарашығындай сақтаңдар.Жастарымыз отаншыл болсын,отаншылдық ең ұлы қасиет.
Отанды сүйіңдер ,қорғаңдар,оған қызмет етіңдер!
Ей,жүз жылдан кейінгі,мың жылдың арғы жағындағы үрім-бұтақ!Естисің бе менің үнімді,жете ме саған менің даусым-деп өсиет еткен Бауыржан батырдың үні,аға ұрпақ ерлігі өскелең ұрпағы үшін тәрбие мектебіндей,өткен өмірі бізге  өнеге.


Манапова Арай Белимбекқызы,
Күршім ауданы,Алғабас ауылы

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS
Back to TOP