Технологии Blogger.
RSS

Спорт аңызы

Тұрсын Қалмақбаев
Қазақстанда спорттың әр түрінен спортшыларымыз жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленіп, қазағымыздың көк туын әлем елдерінің аспанында желбіретіп жүргелі қашан. Сондай сәттерді көргенде кеудеңді қуаныш сезімі кернеп кетеді. Басқасын айтпағанда Қазақстанның барыстары шырайлы Шығысымыздан шығып жатыр емеспе. Айбек, Шалқар, Мұхиттай ағаларымыз боз кілемде қарсыластарына бой бермей, жеңіске жетті.
Тарбағатай ауданынан да қаншама спортшыларымыз күрестен, самбодан, армрестлингтен әлемдік жарыстарғы қатысып, жеңіс туын желбіретіп жүргендері қаншама. Ауданымыздың тарихындағы  спорт туралы аңыздарды айтып тауыса алмаспыз. Соның ішінде самбо күресінен спорт ардагерлері арасында 2 дүркін әлем чемпионы Тұрсын ата жайында сөз қозғамақпын. Мен ол кісіні ең алғаш Боғастағы Қабанбай батыр ескерткішінің ашылуында көрдім. Жасы недауырға келіп қалса да екі иығыны екі жігіт мінгендей нар тұлғалы адам екен. Мойнында саудыраған медальдары, үстінде шапаны , қыран құстай қомданып отыр екен. Қасына барып қолын алып амандастым. Ішімнен мен де осы кісілердей болсам ғой деп бара жаттым.
Тұрсын Қалмақбаев
Қазақ халқы өзге елдің боданында бұғауланып жатқанда бойындағы бұла күшімен талайды бағындырған орыс балуандарының арасында «Қара жолбарыс» атанып, Моңғолдың түйе балуанын боз кілемге алып ұрған апайтөс, атан жілікті батырымыз Қалмақбаев Тұрсын Тайырұлы бүгінгі таңда сексен жастың сеңгіріне шығып отыр. Ол кісі Тарбағатай ауданының, Құмкөл ауылдық  округіне қарасты Қарғыба ауылында тұрады.  
Ол кісі жастайынан өз бетімен дайындалған. Бұла күші бойына сыймаған білекті де жүректі жас жігіт бапкері болмаса да алғаш боз кілемге 19 жасында шығып, қара күштің арқасында қарсыластарының барлығын жерге қадаған екен. Сол уақыттан бастап тәжірибе жинақтап жарыстарға қатыса бастаған екен. Балуан самбо күресінен өткен аудандық жарыстарда алдына жан салмай, республиканың он мәрте жеңімпазы атанды. Самбомен бірге аударыспақты да қоса алып жүрген. Қара күшті қажет ететін аударыспақтан еліміздің он екі дүркін жеңімпазы болған.
Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін құлашын кеңге сермеген балуын атамыз талай байрақты бәсекенің көркін қыздырып, қазақты шет елдерге танытқан. Соның бірі 1994 жылы Алматы қаласында өткен қара күштің піріне айналған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жарыста Моңғолия мемлекетінен келген түйе балуанды айқын басымдылықпен жеңіп , «Қажымұқан Мұңайтпасовтың інісі» деген атақ алған екен. 2004 жылы Тәжікстанға, 2005 жылы Чехияға барып, ардагелер арасында самбо күресінен алтын медаль мен кубокты жеңіп алып қайтыпты. 2006 жылы Өзбекстанға барып самбо күресінен тағыда алтын алып, кубокпен оралған.
Қазақтай қайсар жұрттың атағын аспандатып, абыройын өсіретін оғлан ұлдар осындай батырлардың жалғасы екені даусыз. Анадан бір ғасырда бір туатын жолбарыс жүректі, қапсағай денелі Тұрсын атадай қара нардың қайсарлығы келешек ұрпақтарға, біздерге дарыса екен дейміз. Біздің ұрпақ осындай батыр бабаларымен бақытты деп ойлаймын.

 Тарбағатай ауданы
Құмкөл ауылы
Сасан би атындағы орта мектептің
7 – сынып оқушысы
Искар Әли Серғазыұлы

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

0 коммент.:

Отправить комментарий

Back to TOP