Халық бостандығы жолындағы батырларымыздың есімі тәуелсіздік алып, егенмен ел атанған шақтан бері өшкеніміз жанып, келер ұрпақ алдында халық ұлдарының есімі асқақтап, ұлықталып келеді. Яғни, ел болып қалыптасқан шақтан бастап алаш азаматтары бас түйістіріп, елім деген ерлердің есімін қайта жаңғыртуда. Осындай игілігі мен өнегесі мол іс бірлігі мен тірлігі, ынтымағы мен берекесі артқан Жарма жерінде де бастау алып, ел ерінің есімі жаңғырды. Яғни, жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресінің Абылайхан заманындағы сөз бастаған шешені, ел ұйтқысы, қол бастаған батыры алты арысқа танылған Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығы қарсаңында басына кесене орнатып, әлем қазақтарының назарын киелі Жарма өңіріне бұрған болатын. Ал үстіміздегі жылы даңқта қолбасшының туғанына 300 жыл толуына орай елімізден бөлек алысты- жақынды шет елдерден алаш азаматтарының басы тағы бір мәрте Жарма жерінде тоғысып, қазақ даласы батыр ұлының есімін тағы бір мәрте асқақтатты.
Қазақтың маңдайына біткен батыр ұлдарының бірі – Жәнібек Бердәулетұлы батыр әрі шешен ретінде халқына танылған. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысып, есімі абақ керейдің ұранына айналған.
Жәнібек Бердәулетұлы 1714 жылы Сыр өзені мен Шу өзені маңындағы Қаратауда дүниеге келді. Он екі ата Абақ Керейдің Жәнтекей руынан шыққан.
1723 жылы «Ақтабан шұбырындыда» әкесі Бердәулет жау қолынан қаза болып, Жәнібек 9 жасында жетім қалады. Ол өз нағашысы үйсін Досымбек бидің және әкесінің нағашысы әйгілі Қазыбек бидің тәрбиесінде болады. Кейбір деректерде Жәнібек Қабанбай батырдың жиені деп айтылады. Өйткені әкесі Бердәулеттің әуелгі қалыңдығы Қабанбайдың апайы Меруерт болған екен.
Жәнібек батырдың атағы 17 жасынан бастап шыққан көрінеді. Бір шайқаста аты жараланып қалған, Абылай ханға астындағы «Көк Дөнен» деген атын түсіріп беріп, құтқарып қалады. Осы оқиғадан кейін Абылай оны Керейдің бас қолбасшысы етіп тағайындап, жеке ту тапсырады. Және Керейдің басшы адамдарын Хан кеңесіне алдырады.
Ер Жәнібек туралы халық арсында көптеген аңыздар, әңгімелер және дастандар сақталып қалған. Олардың көбінде батырды «Ақыр Жәнібек» деп атайды. Бұл есім ол кісіге асқан ержүректілігі үшін берілген екен. Өйткені ешқашан тайсалмай ұрыстарға кіріп, ылғи да жауларын жекпе-жекте жеңіп отырған.
Ер жәнібек батырлығымен қоса асқан шешен адам болған екен. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзіне дарыған ақындықты нағашы жұртынан деп есептеген. Өйткені Ұлы атасы Ырғызбай Ер Жәнібектің жалғыз қарындасы Ермекке уйленген екен.
Ал Ыбырай Алтынсариннің анасы Әймен Жәнібек батырдың туған қызы екен. Халқымыздың данасы Ыбырайға ақындық пен парасаттылық осы нағашыларынан берілген болу керек.
Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылының шығысында Ер Жәнібек кешені алыстан көрінеді. Батырдың зиратына қатар салынған бұл кешен адамдардың ең көп баратын қасиетті орынға айналған. Әсіресе мектеп оқушылары үшін ол - тәрбие орталығы.
Өзінің киесі- қос бөріні екі жағына алған Ер Жәнібектің мүсіні жастарды өзінің жерін, елін сүюге , оны қорғауға әрқашан шақырып тұрады.
Әсет Бекенов, 10-сынып оқушысы,
Қалбатау ауылы
0 коммент.:
Отправить комментарий