Қасиетті өзенім... Осыдан жарты ғасырдай бұрынғы көрікті жағаңды, асау толқыныңды, ұйыса өріп жүрген балықтарыңды, әсіресе қыздардың тақиясындағы үкідей жел соқса ырғалып тұратын сары бас гүлді қурайларды, белімізден келетін жасыл шалғыныңды, алуан түсті гүлдеріңді көз алдыма елестетсем, бойымды сағыныш кернеп, жүрегім шымырлап кетеді.
Бірде мектепке бардым ба, бармадым ба білмеймін. Үйіміз тура өзеннің жағасында еді. Қыс ызғары қайта бастаған кез. Мұз жармен бірдей қатқан. Сол мұзда үйден сәл алыстау жерде ойық бар еді. Енді осы ойықтан түссеңіз, табаныңыз суға емес, мұзға тиетін, екі қабат мұздың арасында кішкентай бала жүрелеп отыратындай кеңістік болды. Шамасы баскетбол алаңындай еді. Бұрын ересектермен сан мәрте түсіп көргенбіз. Астыңғы жақтан судың ағыны естілетін.
Соған өзім жалғыз барып түсіп көрмек болдым. Түсуін түстім, біраз еңбектеп араладым, енді қайтып шығайын десем, өзім түскен ойықтың аузынан адасып қалыппын, ал шығып көр. Қанша шарладым, қанша шарқ ұрдым білмеймін. Әйтеуір өте қараңғы емес. Қалшылдап, бүрсеңдеп, жылап жүріп «есікті» тауып шықтым. Сүйретіліп үйге барғанымды еміс-еміс білемін... Келіп мұрттай ұштым.
Таң қалатыным, сондай үлкен бос кеңістік қалай пайда болғаны. Осы өзеннен табиғаттың осындай құпиясын да көргенбіз.

Серік Зейнетайұлы, Тарбағатай ауданы
0 коммент.:
Отправить комментарий