Технологии Blogger.
RSS

Абай ауданы

Абай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғынан басталады. Ауданның алғашқы ірге тасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы, Шаған, Шыңғыс, Қызыладыр, Мұқыр болыстары біріктіріліп, 1928 жылдың қаңтар айында Заңды күшіне еніп Шыңғыстау ауданы деп аталған.
1928 жылы аудан орталығы Ақтанбұлақ елді-мекенінен тоғыз жолдың торабы болып есептелетін, құрылыс салуға, мал өсіруге қолайлы жер – Қарауыл ауылына көшірілген.
1930  жылдың қараша айынан бастап Шыңғыстау ауданы Голощекин ауданы болып ауыстырылып, осы жылдың желтоқсанында ауданға бұрынғы атауы қайтарылады. 
1939 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған Шыңғыстау ауданы Семей облысының құрамына кіреді.
1940 жылдың 5 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығы бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 95 жасқа толу мерейтойына орай Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертіледі.
1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енген.
Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысына орналасқан. Аумағы – 20 мың шаршы км. Ауданның әкімшілік орталығы – Қарауыл селосы. Аудан 20.9 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Халқы -15.7 мың адам. Құрамында 9 ауылдық округ бар: Қарауыл, Архат, Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс. Аудан экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.
Семей қаласын Қазақстанның мәдени орталығы деп санаса, Абай ауданы Шығыс Қазақстанның рухани астанасы, ұлылыр мекені.
Шыңғыс бөктері - қазақтың ойшыл ақыны ұлы Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың  отаны. Есімі ел тарихына алтын әріптермен жазылған батырлар мен сұңғыла ғалымдардың алтын ұясы.
Еңлік –Кебек мавзолейі ғашықтардың тәу етіп бас иетін қасиетті орны.  Жас жұбайлар қыр төсіндегі мәңгілік махаббаттың мазарына тағзым етпей өтпейді:
Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Осы жерде  ұлы Абайдың шығармашылығына арналған  республикалық Абай оқулары, көрмелер, шолулар, оқырмандар конференциясы  өткізіліп, Абай әндері шырқалады. 
Семей өңірінің халқы өздерінің атақты жерлестерінің әдеби мұраларын қорғаштап,  ерекше қастерлейді. Аудандық, ауылдық кітап дүкендерінен, кітапханалардан  Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларын кездестіресіз...
Ауданнан Абайдың шәкірті Көкбай Жанатайұлы, Мұхтар Әуезов, Шәкір Әбенов, Кәмен Оразалин, Рысхан Мусин, Роллан Сейсенбаев, Мерғали Ибраев, Жәнібек Кәрменов сияқты ақын-жазушылар, Серікқазы Бекбосынов, Закария Белібаев, Жанғазы Молдағалиев сияқты Совет Одағының Батырлары,  Болат Бағдатов, Шыңғыс Әзімбаев, Сұлтан Баелов, Оразғали Қазанбаев, Оразбек Табаев, Жәукен Садырбаев, Мұса Байсемізов, Қабдолла Өтемурзин, Жұмағайша Жакина, Жиенбай Екібаев, Шабдан Әлмағанбетов сияқты Социалистік Еңбек Ерлері шыққан.
Олардың ізін жалғастырушы қоғам қайраткері - Хафиз Матаев, әншілер - Баян Сағымбаева, халық әртісі Әмина Өмірзақова,  ақын – Тыныштықбек Әбдікәкімов, Төлеген Жанғалиев, жазушы-ғалым - Тұрсын Жұртпай т.б. Абай елінің мақтаныштары.




  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

0 коммент.:

Отправить комментарий

Back to TOP