Технологии Blogger.
RSS

Дулат ақын

Дулат Бабатайұлы 1802-1874 жылдары өмір сүрген. Ол қазіргі Аякөз ауданы Ақшатау кеңшары Сандықтас – Ақжайлау деген жерде туған. Ақынның жерленген жері де осы жер.
19 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын - Дулат. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таржыға салу, халықтың дербестігін бір жола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру  әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл да, мыршыл, күрескер ақын.
Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіп тізіп жүрген. Сондай-ақ, Дулат арқылы осы Аякөз өңірінен шыққан асқақ жырау Ақтамберді толғаулары халыққа жетіп, ақсақалдар жадында сақталып қалды.
Ақынның алғашқы жинағы «Өсиет - нама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. 1991 жылы ақынның бір топ шығармаларын құрастырып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.
Дулат халқымыздың Абайға дейінгі ұлы ақын жырауларының ішіндегі ерекше даралана көзге түсер шайыры, қазақ әдебиетінде белгілі, үлкен белес болған.

Қабдрахман А.Е., 
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы 
С. Ғаббасов орта мектебі 8 сынып оқушысы



  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

1 коммент.:

Unknown комментирует...

Сперва без ошибки пищи но так норм

Отправить комментарий

Back to TOP