Технологии Blogger.
RSS

Шыңғожа батыр

Шынғожа Базарқұлұлы - 1706 – 1768 жылдар аралығында өмір сүрген. 
18 ғасырдағы Жонғар шапқыншылығына қарсы соғыстарда ерен ерліктер жасап, қазаққа даңқы жайылған  батыр, қазақ жасақтарының қолбасылырының бірі. Аякөз, Аңырықай, Қалба, Алакөл, шайқастарында Қабанбай батыр жасақтарымен бірге жеңістерге жетіп, есімі Тума руының ұранына айналған батыр.
Шынқожаның батыр атағы алғаш шыққаны - Жонғардың «Аюқара» атанған Доба деген батырымен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген кезі, ол кезде батыр 21 жаста екен. Осындан бастап талай шайқастарда ерен ерлігімен көзге түскен батырдың даңқы ел арасына кетеді.
Шынғожа батыр ескерткіші бұрынғы Семей облысының Аякөз ауданының Шынғожа ауылыда, Алматы - Өскемен автомобиль жолы бойында орналасқан. Шынғожа ауылының аты да - батырдың есімімен тікелей байланысты.

Қабдрахман А.Е., 
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы 
С. Ғаббасов орта мектебі 8 сынып оқушысы


  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

0 коммент.:

Отправить комментарий

Back to TOP