Марқа өңірі тұнған шежіре. Теректі өзенін жағалай орын тепкен біздің елді Марқа елі деп атайды. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойладым. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.
Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.
Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ қана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады.
Марқакөл ауданың құрылуы
Марқакөл ауданның тарихының жеке әкімшілік территория ретінде өз тарихы бар .
1928жылы қаңтар айында әкімшілік территориялық реформаға байланысты алғаш құрылған.
1939жылы 16 қазанда Қазақ ССР-нің жоғарғы кеңесінің шешімі бойынша жаңадан аудандарды құру туралы жарлығы шығады.Марқакөл ауданы қайта құрылып,орталығы Алексеевка ауылы болды.Территориясының көлемі 12,2 мың шаршы шақырым.
1963жылдың қаңтарында ауданды қайта Күршім ауданына қосып,біріккен бір аудан болды.
1965жылы 1қаңтарында Марқакөл ауданы қайта құрылып,орталығы Алексеевка ауылы болды .Еліміздің тәуелсіздігі жарияланған соң көптеген ауылдардағы тарихи аттары қайтарылды.Алексеевка ауылының атауы Теректі болды.1997 жылы әкімшілік территориялық реформаға байланысты Марқа ауданы Күршім ауданына біріктіріліп, орталығы Күршімге ауысты.
Аумағы
Аудан көлемі 23,2 мың кв.км.
Ауданың әкімшілік орталығы – Күршім ауылы.
12 ауылдық округтерге бөлінеді:
– Күршім;
– Теректі;
– Абай;
– Ақбұлақ;
– Балықшы;
– Боран;
– Қалғұты;
– Қалжыр;
– Құйған;
– Маралды;
– Сарыөлең;
– Төсқайың.
Тарих беттерінен Теректі ауылы (Бұрынғы Алексеева) 1997 жылға дейін ірі Марқакөл ауданының орталығы болып табылды.
1928 жылы Зайсан үезінің Дарственный және Пограничный болыстықтарының негізінде, дербес Марқакөл ауданыны құрылып, құрамына: Боран,Черняевский, Горный, Успенский, Шүмек, Алексеевский,Архиповский селолық кеңестері кірді. 1930 жылдың 23 шілдесінде Марқакөл ауданы таратылып,құрамына кірген селолық, ауылдық кеңестер Зайсан және Катон-Қарағай аудандарының құрамына кірді.1939 жылдың 26-қазанында ауданды бөлуге байланысты саясат негізінде Марқакөл ауданы қайта ұйымдастырылып, құрамына: Алексеевский, Архиповский,Горный, Қалжыр, Чигировский-Чигировский селолық кеңестері біріктірілді. 1954 жылдың 13-тамызында Успенский және Алексеевский селолық кеңестері Алексеевскийге, Бұғымүйіз, Орловский-Орловскийге, Қалжыр, Чигировский-Чигировский селолық кеңестеріне біріктірілді. 1957 жылдың 26-қыркүйегінде Бобровский, Орловский,Пролетарский селолық кеңестеріне біріктірілді. 1963 жылдың 2-қаңтарында Марқакөл ауданы таратылып, құрамындағы жерлер Күршім ауылшаруашылық және өнеркәсіп аудандарға бөліну жүйесі жойылып, Алексеевский, Бобровский, Боран, Горновский селолық кеңестерінің негізінде Марқакөл ауданы қалпына келтірілді. 1967 жылдың 12 шілдесінде Черняевский селолық кеңесі, 1972 жылдың 28-шілдесінде Қарой селолық кеңесі құрылды. 1997 жылдың 23-мамыр күні Марқакөл ауданының жері Күршім ауданына біріктірілді.
Марқакөл ауданында Куйбышев, Комитерн, Тельман, Ленин, Киров, Комаров, Жданов, Калинин, Воршилов, Казахстан, Талапкер, Тегістік, Свобода Востока, Красная новь, Красный скотовод, Горный скотовод, Красный партизан, Заветы Ильича, Алтай, III пятилетка, Голощекин атындағы ірі колхоздар жұмыс істеді.Аудан өнеркәсібінің негізін Алқабек, Қалжыр кен басқармаларына және «Чапаев атындағы» артелге біріккен «Алтайзолото тресінің» Алқабек комбинаты құрды. 1940 жылдың 4 қаңтарында еңбекшілер депутаттарының аудангдық кеңесінің бірінші сессиясы басталды. Кеңес құрамына 25 депутат кіріп, ауданның мемлекеттік билік органының ұйымдастырушылық мәселелерін қарастырды. Атқару комитетінің құрамына Кочкарев, К.Н.Премин, И.П. Козырев, В.Л. Теряев, К.С. Усачев А.И. Костика, Б. Мықтыбаева, Ф.И Романов, Ғ.С. Манасов, А.К. Дурновтар кірді. Атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып Григорий Николаевич Кочкарев сайланды.
Ауданның 22 колхозында 46 бригада, 129 егіншілік звеносы 8283 гектар жерде қарқынды жұмыс істеді. Мал басының саны сол жылдарда төмендегідей: 8800 бас ірі қара мал, 64700 бас қой, 5500 жылқы, 2100 шошқа,100 түйе.
Соғыс жылдарында аудан еңбекшілері мал басын өсірудің мемлекеттік жоспарын орындап республикалық құрмет тақтасына ілінді. «Куйбышев атындағы» колхоз сауыншы Огнева, «Красный скотовод» колхозының шопаны С.Аманжолов, «Заветы Ильича» колхозының жылқышысы Б.Дәрібаев тәрізді 39 озат еңбекшілер социалистік жарыс жеңімпаздары атанды. 1963 жылдан бастап аудан жері Зайсан, Күршім аудандарының құрамына кірді.1964 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің жарлығына сәйкес аудан қалпына келтірілді.
Марқакөл ауданының кеңшар өндірісін ұйымдастырушылар қатарында Қаба, Марқакөл,Боран кеңшарларының директоры болған Асқаров Айтмұхамбет Асқарұлын, Марқакөл кеңшарын Михаил Григорьевич Капустин, Корнев Иван Петрович, Гайламазян ХачехпарКарапетович,Қизатов, Төлеген Есельбаевичты т.б көптеген еңбегі сіңген тұлғаларды айтамыз. 1962 жылы Боран кеңшарынан Қалжыр кеңшары бөлініп, құрылады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Қалжыр кеңшарын Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград қаласының құрметті азаматы Қ.Қ Көшкіншінов басқарды. 1980-1990 жылдар аралығында Т.А Жұмақанов, 1990-1994 жж. Б.С. Шериязданов,1994 жылдан М.С. Нұрмаханов басқарды.
«Пограничник» колхозының төрағасы Иль Симонович Стеценко «Горный» кеңшарын құрылған мезеттен бастап басқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
«Боран» кеңшарының бас зоотехнигі болып жұмысын бастаған Зарыпхан Бұлғымбайұлы Даукеев кейіннен Қарой кеңшарын басқарды. Тарбағатай ауданының партия ұйымының бірінші хатшысы,ауыл шаруашылық саласы бойынша облыстық партия комитетінің хатшысы жұмыстарын атқарып, КОКП-ның (КПСС) сьезінің делегаты болды. Кейінгі директорлар Қ.Б. Шұлғаубаев, Ә. Юсупжанов.
Боран кеңшарын Қазақ КСP-ң еңбегі сіңген зоотехнигі, кейіннен Күршім аудандық атқару комитетінің төрағасы болған Иван Иванович Кавелькин басқарды.
Марқа өңірінен Қазақ КСР-ң Жоғарғы кеңесінің депутаттығына Қалжыр кеңшарының шопаны К.Бостеков, Марқакөл кеңшарының шопаны Қ. Доланов, Қаба кеңшарынан Г.Шаймарданова, Боран кеңшарының озат механизаторы З. Демеубаева сайланды. З.Демеубаева сондай-ақ бүкіл одақтық Лениндік коммунистік жастар одағының (ВЛКСМ) бүкілодақтық сьезінің делегаты болды.
Марқакөл ауданының атқару комитетінің төрағалары болып: Б.И. Ильин, Н.Т Носиков, Я.Я. Май, Е.А. Лаптев, А.Ф. Мильц, аудандық кеңес басшылары болып К.Б. Бидашев, Қ.Д Әбілмәжіновтар жұмыс істеді.
Аудандық партия коммитетінің басшылары: Саликов, А.И. Сколобан, О. Сатыбалдин, К.Б. Бидашев, Б.Қ. Молғабылов, Марқакөл аудандық әкімшілігі құрылған кезде басшысы болып К.Б. Бидашев тағайындалды, қайта құрылғаннан кейін Марқакөл ауданын Б.С. Слямов басқарды.
Аудандық комсомол ұйымын Р.И. Алибеков, К.Б. Бидашев, З.Н. Нұрпейісов, Н.И. Стеценко, Ғ.Ж. Смаилова, Ш.Т. Демеубаева, Ж.Н. Манақов, М. Қалынов, Б. Шакиров сынды арынды азаматтар мен азаматшалар басқарды. Бүгінгі күні «Жас Отан» қанатының бастауыш ұйымын Баймурзин Қаршыға басқарады.Партия комитетінің I-II хатшылары қатарында Е.А. Ретивых, С. Сегізбаевты, А.П. Демьяненконы, Ф.Ғ. Манасованы, А.Ф. Мильцты, А.Б. Тлеубергеневты, Қ.Д. Әбілмәжіновты, М.Д. Дүнгеновты т.б атаймыз. Аудандық атқару комитеті төрағаларының орынбасарлары болып Қ.Х. Сайкенов, Ф.Ғ. Манасова, С.Т. Ақтанов, А.Ж. Дүйсекенов, Э.В. Ниетбаева сынды көптеген азаматтар жұмыс істеді. Ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын басқарған азаматттар: Р.И .Әлибеков, Ш. Ақбұзауов, Б. Кәріпбаев,З.Т. Жукушев, С. Дәулетов, М.Д. Дүнгенов.
1932 жылы ауданда тұтынушылар одағы құрыла бастады. Сол кездері кішігірім сауда нүктелері арқылы тұрғындар қажеті өтелді. 1939 жылы аудан аумағында Алексеевка, Боран, Қаба, Горный ауылдық тұтынушылар одақтары құрылды.50-жылдарда өткізілген ірілендіру шараларының нәтижесінде Марқакөл, Қаба, және Горный кеңшар жұмысы кооперациясы (совхозрабкооп) құрылды.
1963 жылы аудан Күршім ауданымен біріккен кезде Марқакөл аудандық тұтынушылар одағы Күршім аудандық тұтынушылар одағымен біріктірілді.
1965 жылы жүргізілген қайта құрылу нәтижесінде 4 кеңшар жұмысшысы кооперативін, көтерме сауда базасын, аудандық дайындау кеңесін біріктірген Марқакөл тұтыну одағы құрылды. 1968 жылы қоғамдық тамақтану орындары дербес бөлімше түрінде құрылды. Аудандық тұтынушылар одағын А. Жуков, Н. Балтаев, А.Н. Сағатова, Ә.К. Қабдолданов т.б. басқарды. 1970 жылдан көлік қоймасы (автобаза) дербес бөлімшесі қосылды. Марқакөл автокөлік кәсіпорынын (АТП) К. Ноғайбаев, Ж. Серікбаев, Т. Нұғыманов т.б басқарды. АТП құрамында 80-ге автокөлік техникасы жұмыс істеді.
ДЭУ кәсіпорынын И.М. Поляков, А. Иқанбаев т.б. басқарды. Сельхоз химия мекемесін Ш. Майтбасов т.б. басқарды.
Теректі ауылында орналасқан май зауытын зейнеткерлікке шыққанға дейін А. Кәріпшалов, А. Аубакиров т.б. азаматтар басқарды. Боран ауылында орналасқан Казсельхозтехника мекемесін көп жылдар бойы Ш. Майтпасов, В.Ф. Лобзин басқарды. Аудандық халық бақылау комитетін З. Әкпебаев, М. Қасымов, Б. Аубакиров, Аудандық байланыс торабын С.И. Абакумов, К. Балтаев т.б. басқарды.
Марқакөл кеңшары 1957 жылы ірілендірілен «Куйбышев» атындағы ұжымшар негізінде құрылып, алдыңғы қатарлы шаруашылық саналды. Кеңшар құрамында үш:Қарашілік, Жырақұдық, Қаба бөлімшелері жұмыс істеді.Кеңшар директоры, аудандық ауылшаруашылық басқармасын басқарған Т.Е. Қизатов өмірбаянында көрсетілгендей Қарашілік бөлімшесінің шопандары 100-170 қозы алуға қол жеткізген. Мал тұқымын асылдандыруға байланысты жұмыс қарқынды жүрді. Кеңшар рентабелді шаруашылық қатарына кірді. Кеңшар директорлары: А.М. Капустин, И.П. Корнев, Ж.М. Мустафин, Х.К. Гайламазян, А. Асқаров, Т.Е. Қизатов, Қ. Нұғыманов, Қ.Т. Толықпаев, Қ. Піржанов,С.А. Ақсартов, партком хатшылары: У. Мамажанов, Ж. Рахымжанов, Б. Аубакиров, А. Ващенко, М. Оекенов, Б. Молғабылов. 1991 жылы кеңшардың рентабелдігі 130 пайызды құрады.Марқа өңірінде бірінші болып қой саулығын қыста ұрықтандыру әдісін қолданды. Гранулар дайындалып, қысқы жем цехы салынды. Өңір бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өткізуден түскен табыс 1991 жылы 3 млн. 200 мың сомды құрады. Өткізілген жүннен түскен таза пайда 8207 сомға жетті.
Қарой кезінде Айнабұлақ ұжымшары атымен мәлім болды. Басқарма төрағасы Ибақ Дөненбаев. Ұжымшарларды ірілендіру барысында Комитерн ұжымшарының құрамына кірді. 1950 жылы «Куйбышев атындағы» ұжымшар құрамына кіреді. Алғаш сауын фермасы құрылып, Д. Бекбаева, Б. Босынова, К. Түйірбаева сынды озат сауыншылар жұмыс істеді. 1957 жылы Марқакөл кеңшарының бөлімшесі ретінде қайта құрылады.
Қарой кеңшары 1965 жылдары құрылды. Кеңшар директорлары: З.Б. Дәукеев, М.Б. Көксегенов, Қ.Б. Шылғаубаев, Ә.Қ. Юсупжанов. Партком хатшылары: К. Омаров, Н.Қ. Сәйкенов, З.Т. Жукушев, Қ.Д. Әбілмәжінов, Е.Қ. Құрманғалиев. Жұмысшы комитетін басқарғандар: Н.Қ. Сәйкенов, Қ. Сағиев, Қ.Д. Әбілмәжінов, Ш. Нұрмұхамбетов, З.Д. Асанов. Мамандар: Б. Мамыров, Қ. Аманжолов, Д. Бәкетаев, С. Ишкебаев, т.б. Архиповка (Қайнарлы) бөлімшесін көп жыл бойы Қ. Жаманбаев, Қарой бөлімшесін Қ.Т. Еңсебаев, А. Мұздыбаев т.б. басқарды. Қызылтас бөлімшесін Қ.Аманжолов, Қ.Сағиев, У.Кушеров, Ә.Темірбаев басқарды.Еңбек озаттары қатарында, қойшылар: С.Отарбаев,Т.Сағатов, К.Юсупжанов, Қ.Отарбаев, Т.Нұрдыбаева есімдаерін; бақташылар: К.Бикенов, Ш.Отарбаев,Ә.Ашуов,жылқышы Д.Тоқпатаев, дояркалар: Б.Қарағызова, А.Қарағызова, Қ.Түменбаева,Н.Қыстаубаева, Ж.Райымбекова, Қ.Сабитова, Ф.Майшынова т.б атаймыз. Озат механизаторлар мен жүргізушілер:Д.Рапьянов,Ч.Самбаев,Ә.Ильясов,Т.Бекбаев,К.Ешкібаев т.б.1972 жылы құрылған «Аққайнар» комсомол-жастар бригадасы озат еңбегімен көзге түсті. Бригада құрамындағы сауыншы, комсомол жастар туралы ақпарат жергілікті және орталық газет-журналдарда жарияланды.
ОТТЫ ЖЫЛДАРДА ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНАН ҚАТЫСҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ
Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихында мәңгі өшпестей із қалдырды. Марқа өңірінің ұландары фашизмді жеңуге үлкен үлес қосты. Ұлы отан соғысы батыры атағын алғандар қатарында 3 жерлесіміз Павел Павлович Журба, Аркадий Петрович Кукин, Алексей Семенович Крахмаль бар.
Алексей Семенович Крахмаль 1911 жылы бұрынғы Марқакөл ауданының Алексеевка селосында дүниеге келді. Майданға аттанып Брянск, 2-ші Украин, 1-ші Белорусс майданында соғысып , Корсунь-Шевченковский операциясына қатысты. 1944 жылы тамыз айында көрсеткен ерлігі үшін «Кеңестер Одағының батыры» атағы берілді. Соғыстан кейін Москва каласында тұрды.
Аркадий Петрович Кукин үлкен кедей отбасында дуниеге келді. Әскер катарына шақырылып шекара әскерлерінде қызмет етті. Әскер борышын өтеген соң кен орындарында жұмыс істеді. 1941 жылы майданға аттанады. 1944 жылдың күзінде Венгрияны азат ету кезінде дұшпанның 40 танкісіне қарсы ұрыста көзсіз ерлік танытты. 1945 жылы 24 наурызда А.П Кукинге «Кеңестер Одағының батыры» атағы берілді.
Ұлы Отан соғысының батыры Журба Павел Павлович 1916 жылы Дарственное селосында дүниеге келді соғыс басталасымен майданға шақырылып, Москва, Ленинград, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. Белоруссия, Украина, Молдавия, т.б жерлерді азат етуге қатысты. Днепр өзенін өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін, «Совет Одағының батыры» атағы берілді.
Жерлестеріміз туған жерін аяусыз жау қолынан тазарту үшін аянбай шайқасты. Жерлестеріміз 2,3 дәрежелі Данқ орденің иесі олар: Бабенко Сергей Петрович, Смагулов Зайнолда, 1911 жылы туды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 4 гвардиялық механикалық полкта 2-ші механикалық дивизия құрамында 1943-1945 жылдар аралығында ерлікпен шайқасты, 2,3 дәрежелі «Данқ орденімен» қатар, «Қызыл жұлдыз», «За отвагу» ордендерімен, «КСРО қарулы күштеріне 50 жыл медалімен» марапатталады. 3 –дәрежелі
Данқ орденінің иелері И.О Кирспу, Д.Амренев, З.Смагулов. Майданға аттанған азаматтар орнын тылда жасөспірімдер мен әйелдер басты. Жауынгерлерге аналар қолымен тоқылған жылы киімдер, «СА» Кеңестік армиясына деген таңба соғылған жылқы малын, зергерлік бұйамдарын жолдады. Маңқан рудникте, колхоз алқабында ауыл турғындары бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген ұранмен күндіз-түні жұмыс істеді.
Теректі ауылының тұрғындары М.И Васильев, Б.Қоныспаев, И.О Кирспу, Қ.Р Бояубаев барлығы мемлекет және жерлестері тарапынан қамқорлыққа, мейрімді шапағатқа бөленген.
Ұлы Жеңістін 67 жылдық мерейтойына орай өтқізілген салтанатты митингіде ауыл әкімі С.Ақсартов ардагерлерге өз құттықтауын жолдап. Сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіс бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалады. Отан үшін от кешкен ардагерлер ерліктігі ешқашан ұмытылмайды, жүрегімізде мәңгі сақталады.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай арамызда санаулы ғана қалған ардагерлер мен ұрыс даласында қаза тапқан майдангерлердің жесірлеріне құрмет-қошемет көрсетіліп тұрады. Тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан аналарымыз: Атаманова Бибатыш, Архипова Наталья Тимофеевна, Жапарова Зәйнеш.
Аналарымыздың бір ғана тілегі: «Бүгін ұрпақ біз көрген қиындықты көрмесін»-лайым ашық аспанымызды соғыс бұлты ешқашан торламасын!
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ
Ұлы Отан соғысы жылдарда майданға аттанған азаматтар орнын тылда Теректі ауылының жасөспірімдері: Кәріпшалов Аязбек Өміртайұлы, 1927 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы», «Еңбек қызыл ту» орденінің иегері. «1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы ардагері» құрмет белгісі тапсырылған. 1999 жылдан Күршім ауданының Құрметті азаматы.
Дукеева Нұржамал Маяузқызы 1929 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. 1942 жылдан, яғни 13 жастан еңбекке араласқан. Соғыстың қиын қыстау кезінде аянбай еңбек етіп, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосты.
Түйірбаев Қабылқақ Ниғметұлы 1934 жылы 10 қарашада дүниеге келген. 1939 жылы шешесі қайтыс болды. 1942 жылы Ниғмет соғысқа кеткен. Өгіз жегіп, «погонщик», бірнеше жыл «Марқакөл» совхозында шопан болып қызмет атқарды.
Шпекбаев Алтынбек Мұсанайұлы 1932 жылы 10 қазанда Алқабек өндірмесінде дүниеге келген. Соғыс жылдарында 13 жасынан бастап еңбекке араласқан. 1957-1993 жылдары Марқакөл совхозында жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай арнайы орденмен марапатталды.
ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНЫҢ «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІ
Әйел деген ең алдымен ойымызға «сұлулық», «мейірімділік», «нәзіктік» ұғымдары оралады. Себебі, әйел-ол Ана. Қазақта «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана тілі» сынды текті теңеулер бар. Бұлардың барлығы да адам баласы үшін ең ұлы ұғымдар. Біздің ұлттық дінімізді халқымыз ежелден әйел затын әлпештеп, қыздарын құрметтеп, анасын ардақ тұтқан халық, осынау үлгілі үрдіс заман талабына сай өз сабақтастығын бүгінгі күнде жоғалтқан жоқ. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еселі еңбегін ешкімде ешуақытта өтеуі алмасы хақ. Алайда, оның есімін ұлықтап, құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы. Ананың орнын ешкім баса алмас. Ананың аялы алақанын ешбір дүние алмастыра алмас.
Марқа өңірінде Теректі ауылында «Алтын алқа» иегері Аманжолова Зағиза 1939 жылы 10 тамызда қазіргі Теректі ауылында дүниеге келген. Жолдасы Құмарбекпен отбасын құрып, 8 баланың анасы болады, бірнеше немеренің сүйікті әжесі. Еңбекте де алда отбасы ел мақтанышына айналды.
Тююрбаева Бошан Тоянқызы 1941жылы 4 наурызда дүниеге келген. Өзінің отбасында 10 бала болған. 1959 жылы отбасын құрды. Жолдасы Қабылқақ екеуі 10 баланың ата-анасы. Қазірде 24 немере, 9 шөберені сүйіп бақытты өмір кешуде.
Амренева Мағапия Сарықызы 1935 жылы Теректі ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан 15 жасында айырылды. 1956 жылы Жанәділмен кезігіп, отау құрады. 2002 жылға дейін жұптары жазылмаған отбасы өмірге 9 бала алып келеді. Осы кезде 23 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. 2011 жылы «Алтын алқамен» марапатталды.
Саменова Мария Қалиахметқызы 1956 жылы 5 мамырда қазіргі Қайнарлы ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтап, өмірін еңбекпен бастаған Мария өмірлік жарын тауып, 1973 жылы отбасын құрды. Өмірге 7 бала әкеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты жандар. Бүгінде немерелерін тәрбиелеуде.
Бір сөзбен айтқанда қазіргі жеткен жетістіктері мен бағындырған биіктеріне қол жеткізудегі әйел-аналардың орны ерекше, үлестерін өлшеусіз екені ақиқат. Олай болса, жүрегінде мейірім, көңілде көктем орнаған асыл жанды аналар, ізгі пейілді әйел азаматтар барда өмірімізде, қоғамымызға да серпінді түрде алға баса беретін болады.
Марқа аймағы
Марқакөл Қазақстанның шығысында орналасқан.Оның ұзындығы 38 км,ені 19 км,көлемі 1455 шаршы км.Көл теңіз деңгейінен 1493метр биіктікте орналасқан.Көл тереңдігі 24метр.Марқакөл қорығы республикамыздағы жаңадан құрылған 6-шы мемлекеттік қорық.1976жылы тамызда қазақ ССР министерлігі советінің осы қорықты ұйымдастыру жөніндегі қаулысы шықты.Үстіміздегі ғасырдың басында Марқакөлде 700-дей балықшылар кәсіп жасапты.Міне осылайша көл балығын себепсіз аулау оның қорын мүлдем азайтып жіберді.Сонымен бірге көл төңірегіндегі беткейлерден орман ағаштарын жаппай кесу етек алғандықтан тау жоталары сыйдыйып қалды.Бұрын тіршілік еткен өзен кәмшәті мүлдем жойылып кетсе марал,тиін,суырды,бұлғынды көру сирей түсті.
Марқакөл төңірегіндегі табиғи ресурстардың азая беруі жұртшылықты барынша ойландырады.Осыдан келіп 1947жылы орман алабын қорғайтын орман шаруашылығы құрылды.1970жылы көл жағалауын қорғайтын орман қорғау аймағы пайда болды. Марқакөл мемлекеттік қорығы 1976жылы құрылған.71.4 мың гектар жері бар,оның 43.9 мың гектары су айдыны.Күршім және Азутау жоталарының ортасында орналасқан.Қорықтың материалдық базасының нығайып келе жатқаны байқалады.Зерттеу орталығының құрылысы аяқталып,жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде.Қорықта қазірдің өзінде ғылыми лаборатория жұмыс істейді.Табиғат музейі құрылды.Қорыққа алынған жерлердің фаунасы мен флорарасы комплексті түрде кеннен зерттеліп,бұл ауданның физикалық –географиялық ерекшеліктері тексерілуде.Орманда-Сібір балқарағайы,шырша,қайың көктерек көп .Қорықта балықтың 4 түрі,қосмекенділердің 3,бауырменжорғалаушылардың 6,құстың 200,сутқоректілердің 39түрі бар.Мұндағы балықтың 2 түрі(қарабалық және хоркус)қорғауға алынған.Орманда елік,марал,аю,сілеусін,борша тышқан тіршілік етеді.Қорықта саңырау құр,шіл,жапалақ,тундра киелі сияқты құстары бар.Марқакөл қорығының фаунасы мен флорасын жақсарту барысында әлі де көптеген іс шаралар белгіленіп отыр.Қорыққа бөлінген жердің топшылығы қынжылыс білдіреді.Қорықтың қорғау аймағы кей тұста да көлдің кернеуімен өтеді,ал мұның өзі,әрине,оның шекарасы үшін мүлдем тарлық етеді.балық уылдырық шашатын негізгі өзен-Токлевканың ағысының орта тұсының көлге барып құйылып жатыр.Жалпы алғанда қорықпен жатқан жерлерде артық км ұстауға болмайды,ұстаған күнде байлап ұстау қажет.Бірақ бұл ереже сақталмайды.
Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Теректі тарихы, Марқа өңірінің тарихы туралы мәліметтер жоқ болғандықтан қарт адамдардың айтқан әңгімелерін, мұрағат деректерін пайдаланып, тың деректер жинақтап, оқушыларға, студенттерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады деп есептеймін.Аймағымыздың «тәй-тәй» басқан, елді есеңгіреткен ауыр кезең артта қалды.Аталар көрген бейнетті ұрпағының басына бермесін, сол үшін де баршамызға барынша қажырлы қызмет ету қажет.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, еліміздің, ауылымыздың гүлденуі болашақ, келешек жастардың қолында. «Елім, жерім» деп соққан жүрегі бар жас ұрпақ, яғни біздер білімді, ақылды, саналы азамат болып өсіп, халқымызға пайдасы тиетін ұлтжанды азамат болып тәрбиеленуіміз қажет.
«Құлпыра бер Теректі»
Жері құтты қазық қақсаң тал шығар,
Қойтастарға аузыңды ашсаң ән шығар.
Теректінің бау-бақшасы жайқалып,
Гүлдеріне ара қонбай бал шығар.
Елі өнерлі аспанда ұшқан әні бар,
Жеміс-жидек не іздесең табылар.
Теректері самал желге билеген,
Сонда тұрған адамдардың бағы бар.
Өзеніне жас пен кәрі шомылған,
Шекарамыз тас қамалдай жабылған.
Күн сәулесін алғаш шыққан көрем деп,
Теректіге сан жолаушы ағылған.
Қыздары бар айдау сұлу жүректі,
Ұлдары бар айбынды ер білекті.
Әлемдегі, әсем ауыл Марқада,
Құлпыра бер, гүлдене бер Теректі.
Құлпыра бер, жаным Теректі.
Жеңіс Айбол,
Күршім ауданы, Теректі ауылы,
«№2 Теректі орта мектебі» КММ,
10-сынып оқушысы
0 коммент.:
Отправить комментарий