Технологии Blogger.
RSS

Байғара би

Байғара Құттыбайұлы - 1699-1775 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сыр бойы, Шығыс қазақсатан облысы Аякөз ауданының Сарарқа ауылында Найманның Сыбан руынан. Атасы Нарымбай би Ташкентке бек болса, әкесі Қудауысты Құттыбай шешен атанған. Зиялы ортада тәрбиеленген Байғара 16 жасында оңтүстіктегі әулиелердің өлісіне зиярат, тірісіне қол берген. Тауарихтық жолға ерген. Ата-бабасының жолын үлгі етіп, билікке ерте араласқан. Жетім-жесірге пана болған Байғара бидің әділдігін, шешендігін Дулат, Әсет ақындар жырға қосса, Біржан менСара айтысында оның өз заманының айтулы адамы болғандығы тілге тиек етіледі. Баласы Ақтайлақ би ақын, жырау Байғараның мектебінен шыққан 17  ақынның бірі.
Байғара би кезінде ел басқарған көсем, жұрт аузында сөзі жатталған шешен ғана емес, «қыдыр дарып, бақ қонған» қасиетті әулие адам болған.
Жерленген жері «Ақши» кеншарының орталығы Сарарқадан 4 шақырым солтүстігінде. Жергілікті халық коріпкел әулие ретінде зиратына мінәжат етеді.

Қабдрахман А.Е., 
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы 
С. Ғаббасов орта мектебі 8 сынып оқушысы



  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

0 коммент.:

Отправить комментарий

Back to TOP