Технологии Blogger.
RSS

Отаным менің – туған жер

Аяулы Отаным – Қазақстан. Қазақстан – біздің туған жеріміз, біздің анамыз.Мұхтар Шахановтың өлеңінде жазылғандай:
Әр адамда өз анасынан басқа,
Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт – санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі. – дегендей, біз Отанымызды, Тілімізді, 
Тарихымызды, Салт – дәстүрімізді білуге тиіспіз. Ұлы – Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен басталады.
Отаныз бақыт жоқ, кім – кімнің де тамыр жаяр топырағы –туған жері. И.С.Тургенов. 
«Дүниеде бізді біздің елден де басқа елдер көп,әр түрлі мемлекеттер мен жерлер бар,бірақ адамның туған анасы да жалғыз,Отаны да жалғыз»К.Д.Ушинский.
Ия,ұлылар айтқандай Отан!-деген сөз қандай әдемі!Отаншылдық әр адамға керекті ең ұлы қасиет Отаншылдық өз үйіңнен басталады.Кімде-кім ата –анасынардақтаса,бірге туған бауырлары тату болса,өзінің өскен ауыл,қаласын,туған ұлтын сыйлап қадірлесе,сол адам Отаншыл болады.Өйткені,өз әке-шешесін ардақтамаған,өзгенің өз ата-анасын құрметтейді.Өз ауылының тасын сыйламаган ,өзге ауылдың тауын қадірлемейді.Өз ұлтын жақсы көрмеген ,өзге ұлттарды ұнатпайды.Мұны ұлтшылдықпен  шатастырмау керек.Екеуі аспан мен жердей.
«Намыс азаматтың алтын туы.Әке-шешесін сыйлаған ,Отанын суйген балада ғана намыс болады.Ер жігіттің елі-ата-анасы,Отаны-өз үйі.
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата – анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібі дұрыс, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген осы Патриотизм осыдан басталады». ( Бауыржан Момышұлы)
Отан! Деген жылы сөзден, көзге бүкіл қазақ әлемі, жан – жағын таңдандырған бай өлке, қарапайым, кең дастарханы, өзіндік әдебі бар елімді айтар едім.
Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасам, ата – бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірбиесінен өткен өнегелі істері – елін,жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиеті ұрпақтан – ұраққа дарыса деген асыл арманы ғой.
Аяулы Отаным – Қазақстан жерін бабаларымыз қалай ерлікпен қорғап, бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма « асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай– жанбай, ауыр азап, қиын –қыстау кезеңдері бастарынан өткізген екен.
Зұлмат ашаршылық, зиялы қауымды жоқ қылған тоталитарлық қысым, қаншама боздақтардан айрылған 1941 – 1945 жылғы қырғын соғыс, 1986 жылғы желтоқсандағы қазақтың қыз – жігіттерін бульдозермен сырып тастаған ауыр апат– осының бәрінде айбатынан жау жасқанған дұшпандарын жеңіп шыққан – қазақтың жауынгер батыр ұлдары, өмірдің ащысы мен тұшысына төзе білетін қазақ халқы.
«Қазақ халқының ерлері де батыр, қыздары да батыр» , - дейді екен түрік халықтары. Түріктер өздерінің жауынгер – патриот ұлдарын мадақтағанда: « Бұл – нағыз қазақ» деген аңыз осы күнге дейін сақталған.Сол сияқты бейіште тыныш жатып, жұмақта еркін болуын, фәнидегі ерлердің ғаламттығын айқындаған Мәлік Ғабдуллин ағамыздың ерлігін:
«Сонда саған тиген атақ,
Жыр болар да сақталар.
Дүниеге атам қазақ –
Ер туғыздым деп мақтанар.
Дүниеге атам қазақ,
Мен батырмын, ермін дер.
Мен де иесі – болған азат,
Жаңа дүние, жаңа елдің дер», - деген екен Қалижан Бекхожин. Аяулы Отаным, туған Көкше жерінің төл перзенті Мәлік Ғабдулиннің ерлігін атам қазаққа әлем алдында осылай әйгілеген екен.
Отаным – Қазақстан туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп –ақ!
Ендеше, аяулы Отаным – Қазақстанды көркейтетін, байытатын, өз бақытының иесі болуына қол жеткізетін халқым, біз сияқты ұрпақтары екен.
Еліме, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі үлкен ықылас бөлгізіп, зерттеуді қажет етеді.
ЖАРМА АУДАНЫ
1928 жылы кұрылған.Жер көлемі – 13 мың шаршы шакырым.Халқының саны 1990 жылғы есеп бойынша  43,4 мың адам. Мал басы: ірі қара 48,6 мың, қой 231 мың, шошқа 7мың. Мемлекетке жылына 42 мың тонна астық өткізген.
Жарма өңірінде Сыбан,Матай,Бура рулары тұрады.Жарма өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштер баршылық.Есепке алынған, зерттелген 17 мәдени,51археологиялық ескерткиштер бар.Кейінгі жылдарда аудан өңіріндегі бұрыннан белгісіз болған,белгілі болса да насихатталмаған ірі тарихи тұлғалар:батырлар,ақындар,әділ билер,қажылар,әулиелер,молдалар,ғалымдардың еңбектері шығарыла бастап, насихатталуда. Аудан орталығында және <<Үш биік>> ауылында мұражай ашылып,тарихи естеліктер,мағлұматтар жинақталып,жас ұрпақтарға насихатталуда.
Жарма өңірінде Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ерліктері ұрпақтан-ұрпаққа тараған би Боранбай батыр,Нарбота батыр,Қарақожа,Шөңкей,Жәнібек,Алтыбай батырлар жерленген.Әйгілі он жетә ақын шыққан жер.
Олар:Әріп,Дулат,Ақтайлақ,Сабырбай,Қуандық,Түбек,Омар,Сәдір,Байбала,Толымхан,Ақылтай,Шалбай,Рухия,Нұрлыбай,Ғаббас,Бәдіхан және бәрінің атасы Ақтамберді жырау.
Сыбан руы. Байыстың үшінші әйелінен-Ақымбет,Сыбанқұл.Ақымбет өспеген аз ел-әр жерге тарап кеткен.Ақымбет өте сері жігіт болған.Бір желі (15-20) ыңғай құндыздай қара құлындарды тайжақы (пальто) тіккізем деп,қырғызып (сойғызып) алған екен.Сол үшін Байыс баба теріс бата берген.Ақымбет ұрпақтары Архат (Абай ауданы), Скотовод,Михайловка (Жарма) және Аягөз ауданының әр жерінде тұрады.
Сыбанқұлдан – Бәйкөбек,Жанкөбек,Еркөбек,Нұркөбек және Біркөбек.Бәйкөбектен – Құлмамбет,Төкі.Төкіден Тойғұлы, одан Қапан,Қамбар,Қаратай.Жанкөбектен – Нарымбай,Мелібай.Нарымбай жұртқа жайлы би болған адам.Ташкентте XVII ғасырда бек болған.
Еркөбектен – Жарасқұл.
Нұркөбектен – Сақадам ,Сапы.
Біркөбектен – Сары.
Құлмамбеттен алты бала:Бірәлі,Сатыбалды,Сақа,Марқа,Төленді,Жәдігер.
Нарымбайдан-Сақай,Құрман,Барат.Сақайдан-Мәнеке,одан Бектас,Қарабат.Бектастан-Байжігіт,одан Кәмет,Тұржігіт,Жетімек.
Кәметтен-Мұсағали,Исақ.Мұсағалидан-Аманжол,Алтынхан,Аманжолдан-Сабыржан.Исақтан-Сағынхан одан Ботагөз.Сағынхан-1Май кеңшарының директоры.Жанкөбектің бір баласы Құдайбердіде-Мамыт,одан Тінен,одан Есқожа,Тілеміс,Қарақұла,Лау,Жеке.Бұлар<<Тіненнің бес сарысы>>атанған батырлар.Тілемістен-Көбей,одан Байқұл,Айтқұл.Айтқұлдан-Жанқұл,Рахан,Айнақұл,Ұрықжан,Мұхаметжан,одан Бекмұхамет,Жармұхамет,Нұрмұхамет,Ермұхамет,Мұхтархан,Айтмұхамет.Айтмұхамет КСРО ішкі әскеріне еңбек сіңірген қызметкер,қоғамдық ғылым академиясын бітірген.Айтмұхаметтен – Сакен,Серік.Ермұхаметтен – Болатхан,Сәтбек,Жанат.
Матай.Ұраны – қаптағай
Найманнан Сүгірше,одан Төлегетай,одан Ұлан батыр,одан Қарабек,Сармантай.Қарабектен – Саржомарт,одан Матай.Матайдан – Аталық Қаптағай кенже.Аталықтан – Құттыболат,Тәттіболат,Сүттіболат.
Құттыболаттан – Құтым, Шағыр (әйелі Қызай). Құтымнан – Шеру, Шеруші, Еменәлі, Қайнар. Шағырдан – Итемген, Меңіс, Бегімбет, Дербіс. Еменәлінің екінші әйелі Ұлы жүз Төбе бидің қызы екен.Ел шетіне жау шапқанда ерлермен бірге атқа мініп,қолына қару алып, ел қорғауға шыққан. Сонда жау жағы «Ойпырмай мына қыз – ай» деп таң қалған.Осы батыр анадан туған ұрпақтар «Қызай» елі атанып, ертеде 24 болыс ел болған. Бұлардың көбі Қытай елінде.
Тәттіболаттан – Есболай, Емеле, Қайнар, Көшек.
Сүттіболаттан – Қоңырбай, одан Ажығұл.
Қаптағайдан- Жолдас, Қиас, Қарауыл, Жасық. Жолдастан – Есенкелді, одан Жарылқамыс, Төртқара, Жалан, одан Алакүшік, одан Асан, Жалтыр. Асаннан – Жақсылық, Бөрке, Қаржау, Сары. Сарыдан – Қара, одан Бөрібай, одан Құлшан, Қыдырәлі. Қиастан – Көлдей, Жұмай. Бұлар ертеде сегіз болыс ел болған. Олар Талдықорған обылысын мекендейді. Атақты Сара ақын – осы елдің қызы.Бұл елдің соңғы болысы атақты Маман Тұрысбек.Қарауыл,Жасық ұрпақтары Семей,Шығыс Қазақстан обылыстарын мекендейді.
Кенжеден – Мәмбет, Үмбет. Мәмбеттен – Тортай, Бозтай, Сұртай. Сұртайдан – Есіркеп, Шөпшіме.Үмбеттен – Бұланбай, Қартқұл. Қартқұлдан – Болат, Сақай. Бұланбайдан – Ендіш, Садыр. Ұраны – Алдияр. Садырдан – Тоң, Шүйе, Шаржетім. Тоңнан – Есенқұл, Түгелбай, Өзбек. Есенқұлдан – Байтоғым, Ақшабек. Түгелбайдан – Жаңатай, Жәдік. Өзбектен – Сартай, одан Сасық. Жәдіктен – Ақкеліс, Бигеліс. Шүйеден – Итемген, Дегенші, Шағыр. Итемгеннен – Жайқожа одан Қоғалы, Мөліш. Дегеншіден – саржомарт одан Жапы. Шағырдан – Құланшы, одан Болат. Шаржетімнен – Қарт, Аманкелді. Садыр ұрпақтары Талдықорған обылысының Андреевка, Бөрлітөбе, Сарқан аудандарын мекендейді.
АҚТАМБЕРДІ БАТЫР – ЖЫРАУ
Ақтамберді Сарыұлы 1675-1768 жылдар аралығында өмір сүрген.Туған жері оңтүстік Қазақстан обылысы,Қаратау бойы.Жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі.
Ақтамберді батыр – жырау сол кездегі Жоңғарлармен соғыста толық жеңіске жетуді,әр ауылдың молшылық өмірге кенелуін армандайды және сол арманға жету жолында өзі құдіретті жырымен де,соғыстағы ерлігімен де күресе білген.Жыраудың толғаулары «Бес ғасыр жырлайдыға», Сәбит Мұқанов 1942 жылы құрастырып шығарған «Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы әдебиет тарихынан очерктеріне» енгізілген.Бұл тұрғыда жыраудың азды-көпті туындыларын жадына сақтап, тапсырған Семей қаласының тұрғыны Кенжехан Боқасов, Баршатас селосындағы жырышы Сердәлі Әлібаев,Аягөздік Сәрсенбек Нұрпейісов деген азаматтар.
Ақтамберді Найман тайпасының Сыбан руынан шыққан, 10-11 жаста жыраулығын таныта бастаған.17 жаста соғысқа араласқан.Жоңғар мемлекеті күйреп,Орта жүз Сарыарқаға орныққан соң, руластарына арық-атыз қаздырып, егіншілікке баули бастаған.Оның бұл әрекеті Қазақ Кеңес энциклопедиясында атап көрсетілген.
Өнер зерттеушісі Жарқын Шәкәрімовтың айтуынша, бүгінгі Таскескен селосы атырабының Таскескен атаулы Ақтамбердінің тастақ жерді қопартып,бұлақ ағызып,арық тартқызуына байланысты шыққан көрінеді.
Қаракерей Қабанбаймен бірге жорыққа көп шыққан.Күміс көмей жырау, қоңыраулы найза алған Ақтамберді Сарыұлы 93 жасында дүниеден қайтқан.Зираты Абай ауданының «Құндызды» кеңшарының «Жүрекадыр» деген жотасында.1991 жылы кеңшар ұжымы, ұрпақтары көрнекті мазар тұрғызды.Мазардың архитекторы Болат Нұрбекұлы Қонысбаев.
Әйгілі батыр төсек тартып жатқанда көңілін сұрай келген тұрғыластары: «Ұрпағыңыз бар.Дәулет жеткілікті.Ұзақ жасадыңыз.Батыр, сізде де арман бар ма?» - деп сыр тартыпты.Сонда Ақтамберді : «Батырлардың салтымен қан майданда жан тапсырмадым, жаман шалдарша төсек үстінде өлгелі жатырмын,арманым – сол» деген екен.
Жоңғарлардан жерімізді азат етіскен әрі батыр, әрі жырау Ақтамберді Сарыұлы – кейінгі ұрпаққа ұмытылмас тұлға.
Ақтайлақ би – ақын
Ақтайлақ Байғараұлы 1720 – 1816 жылдары өмір сүрген қазақ ақыны.Найман руының Сыбан табынан шыққан.Ақтайлақ озық ойлы шешендік толғау өлеңдерімен,парасатты биліктерімен «Қазақтың қара тілдісі», «Қара тілдің шешені», «Халық тасы» атанған.Алқалы топты ауызына қаратқан білгір би, ақиық ақын болған адам.Шамамен Семей обылысының Абай,Жарма аудандары арасындағы «Құндызды» өңірінде туған,жүзге қараған шағында дүние салған. Ұрпақтары және жұртшылық (1990 жылы) жаңа мазар тұрғызды.
Ақтайлақ биден төрт ұл өрбіген.Олар:Әкімбаә ,Кеңесбай,Жарасбай және Сабырбай.
Кеңесбайдан – Түгелбай, одан Өзбахан, одан Серғазы.Серғазыдан Айтқазы,Айтқазыдан Мұхтар.Мұхтар – қазір адам дәрігері.Ақтайлақ ақынның өлең-сөздерін жинақтайтын ертеде адам болған жоқ.Себебі 30-шы жылдардан бастап «Ақтайлақтың ұрпағына балта шабу керек» деген кейбір белсенді атқа мінгендердің дүмпуі көпшілікті үркітіп тастаған еді.Бас сауғалап, жан – жаққа тарап кеткен ұлы атаның ұрпақтары,ағайын – тума Ғәбділахмет Шәкеров,Сләмшайық Имаммұсаұлы,Үшбиік ауылында тұратын Жұмағұлов Еркін деген азамат қаражат тауып кітап етіп шығарды.


Үшбиіктегі кеңшар директоры Сағыгхан Кәметов ерекше еңбек сіңірді.
Кітаптан оның адал билігі,ақыныдығы,сөз маржынын ақ жауындай төпелеп,төгіп айтатын шешендігінің үстіне өлеінің әр жолы нақыл,әр шумағы ақыл болып келетін кемеңгерлігі ,қоғамдық өмірдегі әділетсіздік,озбырлық,оңбағандықты аяусыз әшкерелейтін батырлығы көрінеді.Сыбан елінің ертедегі мекені Абай еліне жапсарлас.
Кезінде Абай Құндыздыға келіп,Ақтайлақтың шөбересі ақын Қуандық қызбен кездескен.
Ақтайлақ Ақши кеңшарының жерінде жерленген.
Жауға найзасы,халыққа пайдасы тиген Ақтайлаққа академик жазушы М.Әуезов сонау жиырмасыншы жылдың өзінде-ақ жоғары баға берген.Ол «Тыныштық заманда қиюы қашып,арасы ашылған қарындасты табыстырып,қысылшаң заманда сасқан елге жол табатын,бет нұсқайтын кемеңгер көреген болған»,-деп өте әділ айтқан. Мұқаң айтқандай жақынын  жараламай,алысын қараламай,ел татулығын сақтаған,туғанына тартпаған тура би болған адам.
Озық ойлы,орамды тілді атақты «он жетіге» кіретін Ақтайлақтың балалары-Сабырбай,Кеңесбай,Әкімбай,Жарасбай,Ақтайлақтың тәрбиесінде болған Қошқарбайұлы Түбек,Жайсаңбекқызы Байбала және Сәметтің бес ұлы-Уәйіс,Нұрбай,Орынбай,Тәшкен,Базарбай,апалы-міңлілі Айсара және Көкендер,бұған қоса осы әулиеттен өрбіген әйгілі Дулат,Әріп, «Абай жолы»романының кейіпкері Қуандық ақын.Сабырбайұлы Төлепхан,Жәпекұлы Сәдір,Уатайұлы Омар,Уәйісұлы Жұмабай,Орынбайұлы Қаумет,сталиндік репрессияның құрбаны болған Қауметұлы Шұғыбан,Әріпұлы Ақматайлар сөз маржанын туындатқандар.Ақтайлақ бидің арғы атасы Қу дауысты Құттыбай.Құттыбай-Қаз дауысты Қазыбек тұғырдан тайған соң, ұлы бидің орнын басып,Қу дауысты  Құттыбай атанған.Құттыбай 1760 жылы Абылайхан атынан Пекинге елші боп барған адам.Қабанбаймен үзеңгілескен.
Бөгенбай батырдың қазасын Абылай ханға естірткен Үмбетей жыраудың  тарихи жырында:
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан.
Қашпаған қандай ұрыстан,
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Абылай, сенің тұсыңда,
Сол бесеуі болыпты-ай!
Кейі батыр,кейі би,
Тәңірім берген сондай сый
Ұмыттың ба соны,Абылай!-деп, қазақтан шыққан атақты бесеудің бірі ретінде жоғары бағалаған.1670 жылы елшілікпен Қытайға барған Құттыбай бидің немересі,әулие би атанған дуалы ауыз Байғараның туған ұлы Ақтайлақ би Байыс шежіресін жақсы білген.
Ақтайлақ би айтқан екен:
Жапалақ құс мақтанса,
Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса,
Жақсыны аяқтан шалдым дер.

САБЫРБАЙ АҚЫН

Ақтайлақтың төрт ұлы бірдей ақын болған.Соның ішінде Сабырбайдың ақындығы ірі болған.Ол – Ақтайлақтың ең кенжесі.
1775-1780 жылдары дүниеге келген  Сабырбай ұзақ жасап, 90 жасында дүниеден өткен.
Сабырбайдың ақындығы әкесінен кем болмаған. Қазақ Кеңес энциклопедиясында Сабырбайдың белгілі айтыс ақыны Жайсаңбекқызы Байбаламен айтысы сақталған.Ақынның «Хан Шығыс», «Қарашоқы», «Үш қаражал», «Үш қызыл»,» «Солтабайға айтқаны», «Қыз Қуандық ақынмен қоштасуы» және басқа туындылары бар.
Сабырбайдың 12 жасында атақты Жанақ ақынмен сөз қағысы былай болған. 
Ақтайлақ би кешқұрым ауыл сыртындағы төбенің басында балаларымен әңгіме-дүкен құрып отырыпты.Сол кезде жылқы жетелеген біреу атының жүрісін аяңнан асырмай,ілбіген бойда бұлардың қасына келіп тоқтапты.Сөйтсе ол Жанақ ақын екен.Аман-сәлемнен соң Ақтайлақ би Жанақтан: - Жәке қайдан келесің?Жетелегенің не?-деп сұрайды.Жанақ өлеңдетіп:
Жалаулыдан келемін Ертісті өрлеп,
Үш жүзді ақынына келсең кел деп.
Атан да алдым айтыста,жамбы да алдым,
Бие де алдым,бұл жолы ырыздық көп, - деп, мақтаныш сезімін жасырмай айтыпты.
Сол сәт әкесі Ақтайлақтың жанында отырған бала (12 жасар).Сабырбай ақын жетегіндегі буаз биені және оның үстінде бөктерулі тұрған қобызды көріп былай деген екен:
Жалаулыдан шығыпсың Ертісті өрлеп,
Болдырыпты титықтап,атың терлеп.
Байқұс-ау, сонша жерден қалай жеттің?
Ауыр аяқ шешеңе қобыз теңдеп.
Баланың  мірдің оғындай  уытты сөздері шымбайына қатты батқан Жанақ табан астында сасқалақтап қалып:
Аттың басын бұрып ем,әдейілеп,
Ақтайлақ би ауылы осыма деп.
Қарым айтар бір ауыз ақын жоқтай,
Мынау неме қайтеді шәуелеңдеп, - дейді.Сонда Жанақ ақын екенін түсінген Сабырбай ақынның басындағы шарта буған шытына көзі түсіп:
Бақсы екен деп калып ем басын тартқан,
Ақын Жәкем екен ғой сөзін сатқан.
Бәрекелді,көшінің сәндісін –ай!Қараша інген секілді биеге артқан, - деп көмейіне келіп қалған өлең жолдарын ақтара салыпты. Ендігі сөз  сайысының  ақыры насырға соғарын сезген  Ақтайлақ би Сабырбайға: - Балам, сен ауылға бар да, Жәкеңе арнап үй тіккізіп, қонақасыға мал дайындата бер, - депті.
Шынашақтай баланың өжеттігі мен ақындығына сүйсінген Жанақ қолын жайып:
Айналайын,балапан – жас талабым,
Айтысуға мен сенен жасқанамын.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»деген осы,
Өрге өрлеп, ілгері бас, қарағым! – деп игі тілекпен Сабырбайға  бата беріпті.
Сабырбай «Дүт» ұрпағына жатады.
Жеті атаға дейін, тіпті одан да әрі жалғасқан билік ұстаған «Жеті атасынан қаракөк арылмаған» ұрпақты «Дүт» деп атаған.
Мысалы,Бес Байыс руында «Дүт» екі-ақ жерде:
1) Сыбанда Нарынбай, одан Қу дауысты Құттыбай , одан Ақтайлақ , одан Сабырбай.Бұлар осылай жалғаса береді.
2) Мұрында Қарымсақұлы Төле , одан Ермек , одан Ағыс , одан Байдалы , одан Смайыл , одан Райымбет , одан Жүніс -  жеті  атаға ұласқан билік (яғни «Дүт»). Бұлар елдің шексіз сеніміне ие болып , өле – өлгенше билік жүргізген.Ал олар қартайған шағында  өзінің балалары мен інілеріне елді өзіндей тең, әділ ұстай алатын би болуға бата берген.

ӘРІП ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ
(1856-1924)
Әріптің азан шақырып қойған шын аты – Мұхаметғарып Тәңірбергенұлы,1856 жылы қазіргі Семей облысының Жарма ауданындағы  1 Май кеңшарындағы Еңірекей бекетінде туып,сол жерде 1924 жылы күзде қайтыс болған.Әріптің арғы атасы Найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек деген атасынан  тарайды. Әріптің әкесі  кедей, момын шаруа болған. Әріп жасында өз елінде ескіше оқып , хат таныған.Николай патша ауқатты  қазақ балаларын орыс мектептерінде оқытып үйрету туралы бұйрық шығарған.Байлар , елдің игі  жақсылары өз балаларын орысша оқуға беруге қорқады.Орталарынан Әріпті Семей қаласындағы орысша діни мектепке оқуға береді. Осы мектепте оқып жүргенде Әріп өз бетімен қытай , араб , парсы , орыс тілдерін де үйренеді.Семей қаласындағы медресені бітіргеннен кейін алғашқы кездерде ауылында бала оқытады.
Сонан соң Қытайда, Шәуешекте бірнеше жыл тілмаш қызметін атқарады.  Ұлы Қазан революциясынан кейін Әріп өмірінің соңғы жылдарына дейін заң саласында тергеуші- адвокат болып қызмет атқарады.1924 жылы 68 жасында қайтыс болған , өзінің туған атамекенінде жерленеді.Әріп ақын суретке түспеген көрінеді. М.Әуезов өзінің «Абай жолы»  романында Әріп ақынның суретін былай бейнелейді: «Жұрт көңілін көтерер  «жас пері» - Сыбанның жас ақыны Әріп те ба. Алтын сары сақалды , кең қызыл жүзді , келбетті жігіт Әріп , бүгін түстен бері отырыста арғы – бергіден көп – көп өлеңді жосыта айтқан.Жас шағында қалада орысша оқыған , бұл кезде ел мырзасы болып, ән түзейтін, өлең жазатын сылқым сері жігіттің өзі – осы Әріп».
Әріп , Көкбай  ақынмен сыйластықта болған. Әріп ауырып жатыр дегенді естіп , күзде 1924 жылы Бақанас өзінің бойындағы жайлаудан әдейі іздеп Көкбай Жанатайұлы келеді.Хәл үстінде жатқан құрдасының көңілін сұрап былай дейді:
Қалыңды келіп едім білейін деп ,
Азырақ әзіл айтып күлейін деп.
Сен – дағы асыл туған адам едің ,
Жатырмысың о дүниеге жүрейін деп ? – дегенде ,
Әріп жастықтан басын көтеріп алып, ойланбастан :
Көңілімді  сұрай келген Көкбаймысың?
Өліп кетсем сен мені жоқтаймысың?
Немесе ісім менің қате болса ,
Еріп барып артымнан соттаймысың?
Шырағым , бүгін тірі жүргеніңмен ,
Түбінде о дүниеге соқпаймысың?
Мен дағы топты жарған жүйрік едім...
Көкбай – ау , осыменен тоқтаймысың? – деп , жастыққа қисая кетіпті.
Әріп суырып салатын отты тілді ақын болатын.Ақынның  өлеңдері мен дастандары  1972 жылы жинаққа енгізіліп , «Ұмытпаңдар мені» деген атпен жеке кітап болып шықты.
Зерттеушілердің пікірінше, Біржан мен Сара кездесіп айтыспаған , олардың айтысын Әріп ақын шығарғандығы дәлелденіп отыр.(Дәлелдеген – Қабдеш Жұмәділов , Қайым Мұхаметханов).
ӘРІПТІҢ  АЙТҚАНДАРЫ
Ақын Әріп Омбы жағында бір ауылда қонақ болып аттаныпты, таңертең қолтығынан сүйеп, атқа мінгізіп,аттандырып жатқан үй иесі келіншек былай депті:
Қош сау бол, әріптесім ақын Әріп ,
Адамсың қарап тұрсам нағыз хәріп.
Малың жоқ, дәулетің аз , балаң нашар ,
Қартайсаң , күн көресің қайда барып.
Сонда Әріп:
Ол рас – кеудемдегі жүрген жарам ,
Малым жоқ , дәулетім аз, баста панам.
Артыма үлгі аларлық сөз қалдырсам ,
Баласы Арғын, Найман – менің балам , - деген екен.
Әріп ақынның көркем шығармасының құнды адеби мұрасының бірі – «Тәуке мен Ұрқия айтысы» , бұл шығармада Әріп өмірде шын болған оқиғаны айтыс түрінде жазған ( « Біржан – Сара» сияқты ).
Әріп өлгенде Шұғыбан Қауметов ақын жоқтауында:
Абайдың ізін басқан данышпаным,
Аянбай арамдықпен алысқаным.
Орыс,қытай,арабтың тілін біліп,
Ғылымның шыңына өрлеп қарыштадың... – десе , Боранбай Отынбаев:
Ойласам жок екен – ау қазақта көз,
Қазаққа келіп кеткен сан асыл сөз.
Бағасын қола ғүрен біле алмаған,
Қолына анық алтын болса да кез.
Шәкер Әбенов:
Шөктің бе Бес Байыстың шөңгел нары,
Қайғыңа ортақ болды жас пен кәрі.
Орны толмас ортасы ойылғандай,
Жанкөбек, әсіресе Салпы, Сары.
Ғылымнан он екі пән хабардар боп,
Кеудеңе түсіп еді күн дидары,
Қисайғанды түзеген қайран сабаз,
Нашардың дертіне ем, сөзің дәрі.
Қапыда қолдан ұшты ғарыш құсы,
Халықтың жібек баулы ақсұңқары... – деп, Әріптің өткір тілді, терең ойлы, табиғи дарынды, білімді, мәдениетті ақын екендігін дәл сипаттаған.
БАТЫР ӘРІ БИ ЕСПЕНБЕТ
XVIII ғасырдағы халқымыздың тәуелсіздігі мен азаттығы жолында, еліміздің елдігін, жеріміздің кендігін қорғаудағы ата – бабамызды, батырларымызды айтсақ, Абылай бастаған, аты аңызға айналған ондаған қаһармандарымыздың бірі батыр әрі би болған Еспенбет тілге оралады. Ол туралы Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында:
Ер Еспенбет кешегі
Ерекше ер деседі.
Тіл біткеннің шешені,
Топаты бермес есені,
Үлгі айтса көшелі,
Жауға  шапса – көсемі» , - делінген.
Еспенбет Жоңғарларға қарсы күресте Қаракерей Қабанбай бастаған батырлармен бірге батырлығымен және мәселелер шешуде білгірлігімен көзге түскен. Олармен бірге талай соғыстарға қатысқан.
Қабанбай қандай болып ардақталды?
Абылай Қабанбайды «Хан» деп қақты,
Қымбатты Еспенбетке алтын тонын жапты, - деп батырлығы ерекше дәріптеледі.
Қас батырлардың нақ ортасында Еспенбетке батырлығы үшін Абылай алтындаған тон жауып, тапқырлығы үшін «Адақ» деп атақ беріп, «Тапқырлығы өзінікі , пайдасы мен даңқы қазақ халқыныкі емес пе ?» - деген.Барлық жас батырларымыз Еспенбеттей әрі шешен, әрі кешірімді, әрі мерген, әрі жомарт болсын деп үлгі еткен екен хан Абылай.
Батырлықтары, тапқырлығы туралы толық мағлұматтар «Қаракерей Қабанбай» деген кітапта («Жазушы» баспасы, 1991 ж.).
«Еспенбеттің батырлығы, Адақ  аталуы, Маржанқыз оқиғасы», Дулат Бабатайұлының «Еспенбет», «Есенгелді батыр» дастандарыңда («Жалын» баспасы, «Алмас қылыш» батырлар жыры) жазылған.
ТҮБЕК БАЙҚОШҚАРҰЛЫ
Түбек ақын 1780 жылы қазіргі Жарма ауданы  « 1 май » кеңшары орталығынан  40 шақырым  қашықтықтағы «Қарабұжыр» деп аталатын ата қоныс қыстауында дүниеге келген. Бүгінде ірі қара орналасқан сол жер «Түбек базы» аталады.Ақын 1870  жылы жүзге жетіп , қартайып өлген.
Шөбере ұрпағы  Серіктөлеу Атабаев « 1 май» кеңшарының орталығы Үшбиікте  тұрады.
Түбек – қазақтың әйгілі  айтыс  ақыны. Өз дәуірінің  ең бір аты шулы, бүкіл Арқа мен Жетісу өңірін ән мен жырға бөлеген, талай алқалы тойлардың сөз сайысында тыңдаушысының  жүрегіне нұр құя білген арқалы өнер иесі болған. Жас өспірім кезінде  Түбектің ең алғаш әйгілі  Жанақ Сағындықұлымен  айтысы арқылы даңқы жайылған. Сыбан елінің Байғара тобынан бір мезгілде он жеті ақын шыққан. Солардың ішінен  Көкдауыл Жанақпен  белдесе бәсекелесіп, көсіле сайысқаны – осы Түбек қана. Тек Сабырбай ғана тапқыр да ойлы шумақтары арқылы Жанақты бөгелтіп тастап отырған көрінеді.
Ат дейтұғын атым жоқ, атым – Түбек,
Шығып ем Байғарадан өрттей үдеп.
Күнінде оннан озып, жүзді алсам да,
Сабырбайды жеңе алмай жүрмін жүдеп, – деп, мұны ақынның өзі де мойындады.
Поляк саяхатшысы А.Янушкеевичтің «Қырғыз даласынан жазылған хаттар мен күнделіктер» деген кітабында мынадай жолдар бар: «Кешкісін бізге Түбек ақын келіп кетті. Ол – қазақтар арасында даңқы шыққан, өлең – жырмен аты әйгілі адам».
Түбектің өз кіндігінен туған баланың аты  – Көмек . Көмектен  төрт ұл қалған. Түбек Шыңғыс тауындағы Мамай руының бір ауқатты ауылынан Жидебайқызы Бөртпені үлкен ұлына айттырып әперген. Бөртпе «Палуан келін» атаныпты.Шөккен түйеге қарала қап бидайларды (100 кг) жалғыз өзі көтеріп тиейді екен. Келінінің келбетіне және күшіне риза болған атасы Түбек:
Құда болдым Андабай Жидебайға,
Екі ортасы шылқыған толы майға.
Жақсы жерден келінді мен түсірдім,
Ризамын осы күнде бір құдайға, - деп өлең шығарыпты.               Түбектің әкесі Байқошқар Қондыбайдан, Қондыбай – Сатыбалдыдан, Сатыбалды әйгілі Қу дауысты Құттыбайдың тағы бір әйелінен туады, бір әйелінен Байғара туады.
Қу дауысты Құттыбай Нар дауысты Нарынбайдан туады. Сыбанның Жанкөбек тармағынан Нар дауысты Нарынбай деген атақты адам шыққан . Белгілі тарихшы Мұхаметжан  Тынышбаевтың 1924 жылы Ташкентте орысша басылған «Қазақ тарихы» кітабында Нарынбайдың он екі қақпалы Ташкент шаһарының бір бөлігін билейтін Бек болғаны айтылады.
Құттыбайдан Байғара одан әйгілі Ақтайлақ туып, Сабырбай ақындар тараған.
Атақты Құлмамбет ақынмен Тезек төренің үйінде айтысып, жеңген соң, Түбектің  даңқы бүкіл Жетісу өлкесіне кеңінен тараған Мәшһүр Жүсіптің Ғылым Академиясында жатқан «Мес» аталатын жазба кітабында жазылған.
Жамбылдың бір кездегі әдеби хатшысы Ғали Ормановтың күнделігінен «Лениншіл жаста» үзінділер жарияланған.Онда Жамбылдың өз аузынан мына әңгімені естіпті. «Бозбала кезім».Жақын ауылға  «Арқадан Түбек ақын келіпті» дегенді естіп мен де бардым.Мақсатым жәйі келсе, біраз айтысып байқау еді. Түбектің  домбырасының  шынағындағы тесігіне жұдырығым сиып кеткендей екен. Жасқанып, ізімше қайттым»,– депті жыр алыбы Жамбыл. Әрі ақын, әрі әнші, әрі қобызшы, домбырашы болған Түбек ақын «1 май» кеңшарының жерінде жерленген.Зираты жөнделіп, ұрпақтары 210 жылдығын атап өтті.
ҚАЙРАНБАЙ ҚАЖЫ 
Қайранбай Тоқтыбайұлы, руы – Матай. Жарма ауданының Былқылдақ ауылында туып – өскен . Алғашында молла, кейінірек казы болған кісі. Қайранбай 1893 жылы өз табысымен ауылда медресе салғызған.Маңайындағы ауылдардың балаларын жинап, осы медреседе оқытқан. Интернат ашқан. Интернатта жатып оқыған балалардың тамағын маңайдағы ауыл адамдары көтеріп алатын. Бұл медресе кейінірек 1915 жылдары жалпы  білім беретін мектепке айналған. Осы мектепте Ұлан ауылының азаматтары Аманжол Майжолов, Ескендір ұстаздық еткен.Бұл екеуін де  1937 жылы  «Халық жауы» деп соттап, атып жіберген.
Осы мектепте оқып шыққаннан кейін, осы мектепте мұғалім болған Қайранбай қажының ұлдары Пазыл, Садық екеуі де «Жапонның шпионы»деген жаламен абақтыға жабылып, атылған. ( Садық Қайранбайұлы Алматы қаласында байланыс техникумында ұстаздық етіп жүрген кезінде, Пазыл Қайранбайұлы  Самар ауданында ұстаздық қызметінде жүргенде).
Осы мектепті бітірген Ағзам Жәмелұлы Қайранбаев – көп заман бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеді. Қазір зейнеткер, Алматы қаласында тұрады.
Партизан – жазушы, мемлекет қайраткері Әди Шаріпов те осы мектептің төрт класын бітірген, басқа жерде оқуларын жалғастырған.
Нұрғали Түнғатарұлы (1870 – 1963 ж.ж.)
Нұрғали Түнғатарұлы Жарма ауданының  Ақдіңгек елді мекенінде туып, 1963 жылы  93 жасында сол туып – өскен жерінде дүние салады.Нұрғали суырып салма ақын болған, талай – талай айтыстарда өзінің табиғатынан дарынды ақын екенін дәлелдеді.
Нұрғали  16 жасында елдің атқамінерлеріне еріп, қазіргі Ақсуат ауданын мекендейтін Жанай руындағы апалы – сіңлілі  Айсары,Көкен дейтін ақын қыздармен танысады. 1917 жылы Сапарғали Әлімбетовпен айтысады.
Нұрғалидің біраз өлеңдері мен айтыстары ақын Қалихан Алтынбаевтың қолында.
1979 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Ақын – жыраулар» кітабында өмірбаяны жазылған.
1945 жылы Семей қаласында халық ақындарының айтысының дәстүріне орай облыстың сол жылдардағы қарт ақындарының бірі Нұрғали Түнғатаров қалың тыңдаушы қауымға ақындарды жеке – жеке өлеңмен таныстырды. Оларды жеңіс жырын жырлауға шақырады:
Сайраған сандуғаштай таң желіне ,
Қарт Төлеу ақын едің Шар жерінде.
Өлең десе бұрқырап жауған қардай борап небір,
Ер жүрек , екпінді тіл,батыр ақын.
Ал сайра,Есенсары, домбыраңды ал,
Қыздырып тіл майданын өрістей сал.
Сөйлейтін жәй кезде де жорғалтып,
Тіліңмен май тамыздың сорғалатып.
Қамал бұзған қасқырдай қасқара салаты
Жиылысқа бас қосқан алыптарым,
Қасқайып өрге бассын талаптарың.
Сендердің өлең айтқан екпіндерің ,
Жай болып жауға түссін, қарақтарым! – деп келіп:
Ақын деген – әлемнің көрер көзі,
Кеудесінде құрулы тұрған кезі.
Ақындар, ал домбыра, шық майданға, 
Тоқталды осыменен  қарттың  сөзі.
Нұрғали ақын  1945 жылы ұлы Абайдың 100 жылдық тойына қатысқан. М.Әуезов «Ақындардың ішіндегі ең үлкені» деп құрметтеген және  Нұрғалидің інісі Рахымбай Түнғатаровпен Мұхтар таныс, достас болған. Нұрғалиді кезінде ел «Жарманың Исасы» атандырған.
БҰЛҒАҚ СЕРІ
Нұрғалидің әкесі – Түнғатар, Түнғатардың әкесі – Бұлғақ. Бұлғақ өте сері, қалжыңқой, тура айтқыш, «Бұлғақ тентек» атанған адам болған. Әлі күнге ел аузында сақталған, «Бұлғақ айтыпты» деген сөздер мол.Бірде қатты ауырып жатқанда ағайын – тумалары кезектесіп қолын ұстап: «Артыңа алаңдама. Дұрыстап аттандырармыз», –  дейді. Сонда Бұлғақтың айтқаны: «Алаңдап қайтейін, ұл ер жетер, мал табар, қыз ер жетер, бай табар.Бәрінен де шыбын жаным қайда барып, жай табар».
Туыстары тағы да арыздасып: «Өзіңді құдайға тапсырдық» – деседі.Сонда Бұлғақ: «Маған басқа жақтан келетін жау жоқ. Сол тапсырған құдайларыңның өзінен қорқып жатқаным жоқ па?» деп, ақтық рет жымиып, дүниеден жүріп кетеді. Тіршілікте халқына еркелей өсіп, жалғаннан күле көшкен Бұлғақтың бейіті Георгиевка селосы мен «Шалабай» кеңшары аралығында.
Сапарғали Әлімбетов 
Сапарғали Әлімбетов 1888 жылы Семей облысы Жарма ауданының Қойтас деген жерінде туған. Жастайынан жетім қалып, немере ағасының қолында өскен.
Сапарғалидің есімі Семей өңіріне ертеден мәлім болған. Оны Қазақстан жұртшылығына таныстырған – ақын Ілияс Жансүгіров.Ілияс Сапарғалидың аузынан «Татьяна» поэмасын жазып алып, оны 1937 жылы шыққан А.С.Пушкиннің таңдамалы жинағына кіргізді. 1936 жылдан бастап Сапарғалидың өлеңдері республика көлеміндегі баспасөзде үзбей басылды.
Сапарғали қазақ әдебиетінің үздік өкілдері Иса Байзақов, Төлеу Көбдіков, Нұрлыбек Баймұратов сияқты ақындармен айтысқа түскен.
Сапарғали –  «Білісай», «Мейір батыр», «Молдыбай малдан», «Балапан», «Жәдуада», «Қойкелді» т.б поэмалар мен дастандардың авторы.
Сапарғалиды 1939 жылы 19 қарашада, 1945 жылы екінші рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен, 1945 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Қызыл Жұлдыз орденімен награттады.
Сапекең КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.Ақынның жалғыз ұлы Маман Отан соғысында қаза тапқан.
Сапарғали Әлімбетұлы 1954 жылы қазан айында қайтыс болған.Ақынның сүйегі қазіргі  Михайловка кеңшарының Шұңғыл деген жерінде жерленген.
БЕКТҰРҒАН ӘУЛИЕ
Бектұрған Қапанбұлақ ауылынан, Байкөбек Сыбанның Түкі руынан тарайды.Туған жылы, өлген жылы белгісіз.
Зираты Жарма кеңшарының батыс жағында Қаратұмсық тауының етегінде. Қазірге дейін білетұғын адамдар зиратына барып тағзым етіп жүреді. Оның әулиелік қасиеті жөнінде халық   арасында көзін көргендердің  әңгімелері , дәлелді мысалдар көптеп кездеседі. Мысалы, 99 жастағы Белтерек кеңшарының тұрғыны  Жансұлұлы Бекмұханбет ақсақал былай деп әңгімелейді:
1.Жанында атқосшысы бар бір әйел келеді:
– Балам, неғып жүрсің?
– Перзент көтерсем деп едім.
–Ізіңше қайта қайт, жауабын кейін айтамын .
Ештеңені түсінбеген әйел кейін қайтып, кешқұрым ауылына жетіп, құдық басында жылқы суарып тұрған отағасын болған жайды айтып бола бергенде, жанындағы жігіт аттан құлап түсіп, сол жерде жан тәсілім береді.
Келіншек: – Жауабын кейін айтамын деп едіңіз , – деп қайта барғанда, емін жасап: – Бала көтересің, ол жолы айтпағаным жаныңдағы жігітті қан басып тұрды, – депті.
2.Бесін намазы кезінде қос атпен бір жігіт келіп: – Әдейі сізге жіберді, байдың баласы қатты ауырып жатыр... Сізден бір жәрдем бола ма деп отырмыз, – дейді. Әулие көп ойланып: «Бармасам аттың тері мойнымда , барсам... Сен... төртінші жұртыңда отырсың... Үшінші жұртыңдағы төбенің үстінде екі көде ширатқан күйде табылса, балаң жазылады, табылмаса – өледі», – дейді.
Ауыл - аймақты жинап, көдені іздеп табады, шөппен ұшықтап, баланы жазады.
3.Бектұрған өзінің өлерінен үш ай бұрын өлерін сезген.
– Менімен қоштасуға келемін деген ағайындарға хабарлаңдар,
–дейді. Бүгін өлетін күні ағайыны Қабдолла (Ерменбайдың әкесі) келеді.Кенеттен Қабдоллаға : – Үйдің жанындағы сайда шылбыры ердің қасына ілулі қасқа ат тұр, екі  қасқыр келіп қалды , жарып жібереді – ау , тез баршы! – дейді. Қабдолла барса, айтқандай – ақ  қаңтарулы бір ат тұр екен, ішегі шұбатылып жатыр.Сол күні түн ортасында Бектұрған дүниеден қайтады.
Ыдырыс Мұстамбаев (1898 – 1937)
Көрнекті қоғам қайраткері, жан – жақты терең білімді әдебиетші, әдеби сыншы алдыңғы қатардағы қазақ зиялыларының бірі.Ардагаер асыл азамат, Мұстамбаев 39 жасында 1937 жылы қызыл қырғынның құрбаны болды. Ыдырыс 8 жасында Тінібай медіресесіне оқуға түсіп, өзімен бірге оқитын барлық шәкірттен озып шығып, ерекше зеректігімен көзге түседі. Білімге құштар, зейінді, өршіл бала Тінібай медіресесін бітіріп шығып, орыс мектебіне оқуға түсіп, интернатқа орналасады.
Ыдырыс екі кластық училищені мақтау грамотасымен бітіріп шығады. Одан соң 4 – 5 айлық қысқа мерзімді курсты оқып бітіріп, почта – телеграф мекемесіне телеграфист болып қызметке орналасады. Ол қызметін түнгі мезгілде атқаруға келісіп, күндіз гимназияға оқуға түседі.
Гимназияны үздік бітіріп шыққан соң, 1919 жылдан бастап Семей Губревкомның мүшесі ретінде М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Ә.Ілекеровтармен бірге Кеңес үкіметінің қызметкері болады.
1920 жылы Кеңестердің бүкілқазақстандық бірінші Құрылтай сьезіне делегат болып қатысады. Қазақ атқару комитетіне мүше болып сайланады. 1921 жылы Семей Губатком мүшесі болып қызмет атқарады.Губерниялық қазақ бөлімінің бастығы болады.
1921 жылы Орынборда Қазақ республикасының басында  тұрған Кіндік комитеттің бірінші жиналысына Семей губерниясынан жалғыз Ыдырыс қатысқан.
1923 жылы Семейден ауысып, Оралда Губерком бастығының орынбасары, 1925 жылы Қызылжарда губерния прокуроры, 1926 -1927 жылдары Шымкентте Губатком төрағасы болып қызмет атқарған.
Ол 1928 жылы Қызылордада, 1929 жылдан бастап Алматыда қызмет атқарған жылдары республиканың бірінгі басшысы мен оның сойылын соққандардың қате істеріне ашық түрде қарсы шыққан. «Голщокин мен бірігіп Қазақстанда коммунизм құра алмайсың» - деген Голощекинді «диктатор» ретінде айыптаған.
Ы.Мұстамбаев 1933 жылы «Халық жауы» деген жаламен  ОГПУ коллегиясы үштігінің үкімімен бес жылға түрмеге жабылып, 1937 жылы Мұстамбаевқа жазасын қтеп жүрген жерінде де контрреволюциялық жұмыспен айналысты деген жалған жаламен 15 қарашада ату жазасына беріледі.
Әйгілі атаман Аннеков сотына Мұстамбаев қоғамдық айыптаушы болып қатысады. Ыдырыс мемлекет қайраткері, әдебиет сыншысы ғана емес, Абайтану ісіне еңбек сіңірген. 1927-1928 жылдары Абайдың қазақ әдебиетіндегі орынын бұрмалау кезінде Ыдырыс баспасөз бетіне айтысқа шықты. Ол кезде ұлы ақынға тағылған жаланы ақтау екінің бірінің қолынан келмейтін шақта Ы.Мұстамбаев «Поет Абай и его философия» деген мақаласында абай қазақтың классикалық әдебиетінің негізін салушы екенін, халықты өнер, білімге, жаңалыққа шақыратын, Пушкин, Лермонтов шығармаларынан үлгі алғанын талдап, дәлелдеп береді.
Ы.Мұстамбаев  Мағжан Жұмабаевты жабылған жаладан арашалап қалу мақсатында «Джумабаев и девяносто» деген мақала жазады. Ы.Мұстамбаев ары таза, әділ, туған халқының болашағы үшін белсене күрескен, «Халық жауы» деген жаладан ақталған.Георгивкада 1994 жылы бір көшеге Мұстамбаев аты берілді. Ы.Мұстамбаевтың қолынан жазылған шәкірттер тізімінде мынадай елге танымал адамдар кездеседі.
Мұамет – Кабир Махмұтов – Семейде көп жыл мұғалім болған.
Қажыгелді Орынбаев – көп жыл ұстаздық еткен. Әкежан Қажыгелдиннің үлкен әкесі.
Ғали – Әкпар Төребаев – Семей пединститутында оқытушы болған. Театрдың дамуына еңбек сіңірген.
Жармұхамбет Тілеков – Мәскеу түсті металдар институтын бітірген.
Ибрагим Матаев – Абай ауданында көп жыл ұзтаздық еткен. Хафиз Матаевтың әкесі.
Иса Биназаров – халық ақыны. Абыралыда қайтыс болған. Баласы Амантай Семей пединститутында оқытушы.
Ыдырыстың әкесі Мұстамбай Жауғашұлының туып-өскен елі – Семей уезіне қарайтын Қандығатай Найзағара аталатын шығыс жақ саласы. Жасынан жетім қалып, жалшылықта жүрген Мұстамбай Семейдің көпесі Тінібай байдың саудагерлеріне жалданып, олардың елден жинаған малдарын айдасып, Семейге келіп, Тінібайға кіреші болып тұрып қалған.
Рахымбай Түнғатаров
Рахымбай руы – Матай, Жарма ауданының Бөке алтын кеніші қасындағы Ақдіңгек қыстағының төл перзенті. Халық ақыны Нұрғали  Түнғатаровтың туған інісі. Негізгі мамандығы темір жол инжинері.1926 – 1928 жылдары Семей – Жалғызтөбе бағытындағы Түріксіб теміржол учаскесін басқарған.
Бертінде Бөке кеніші маңындағы Ақдіңгек қосалқы шаруашылығын меңгереді. Мұхтар Әзезов екеуі ежелгі таныс, достар болған. Кировтың өліміне байланысты «Партия қатарын тазарту» жүргізілген кезде, Жарма ауданының прокуратурасында қызмет істеп жүрген Рахымбай Түнғатаров сол науқанның құрығына ілінген.
Қайда өлгені, кімнің көрсеткені әлі күнге дейін белгісіз.
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тағақ кешу» кітабында Рахымбай Түнғатаровтың аты аталған. Зиялы азамат ретінде Рахымбай уйінде мол кітаптар жинаған.
Тұрлыхан Қасенов
1902 жылы Жарма ауданы Қапанбұлақ өңірінде дүниге келген.Әкесі Қасен қажы өз ортасында беделді, ауқатты адам болған. Бұл кісінің атамекені және жерленген жері Егіндібұлақ пен Қапанбұлақ елді мекендернің аралығында . Тұрлыхан 7-8 жасында ауыл молдасынан оқуды бастайды. 1918 жылы Қандығай болысына қызыл мұғалім Әубәкір Нұғманов келіп бала оқытады.Одан бастауыш класс негізінде білім алады.1918-1920 жылдары Семейде бір жылдық мұғалімдер курсын бітіреді. Осы кезден бастап ол шығармашылық пен айналысады.Ең алғашқы өлеңдері қазақтың аса көрнекті ақыны, ағартушы Сәбит Дөнентаевтың пікір жазуымен Семейден шығатын «Қазақ тілі» газетінен жарық көреді.
Бұдан соң еліне келіп  жастарға сауат аштырып, сабақ береді.1927 жылы Қызылжар  ( Петропаволск) қаласында халық ағарту қызметкерлерін дайындайтын  бір жылдық курсты бітіріп, 1930 жылға дейін Аягөз аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі,1930 жылдың жазынан бастап Көкпекті аудандық оқу бөлімінің меңгерушісіжәне аудандық «Үлгілі малшы» газетінін тұңғыш редакторы қызметін атқарды.
1937 жылы өлеңдері мен поэмаларының жинағына қазақтың аса көрнекті қайраткер ақыны Сакен Сейфуллин алғы сөз жазады.
1937 жылдың 30 желтоқсанында Тұрлыхан тұтқынға аланып, «Халық жауы» атанып , жазықсыз кете барды. Оның сүйегі Нижний Тагиль қаласының маңында.
Тұрлыхан Қасеновтың есімі КОКП ХХ съезінін шешімімен толық аяқталды.
1993 жылы өзі оқыған, мұғалім болған Қапанбұлақ ауылындағы мектепке Қасенов Тұрлыханның есімі берілді.
Арқарбай дуана – көріпкел (1862-1948ж.ж.)
Арқарбай Шоқантайұлы Жарма ауданының Бөлетас ауылында туып, өсіп, 1948 жылы 83 жасқа келіп дүниеден кеткен. Әулие бақсы, көріпкел, емші сияқты киелі қасиеттерді бірдей ұстанған жаратылысы бөлек адам.
Арқарбайды көздері көріп, құлақтары естіген  көптеген адамдармен жүздесіп, әңгімелескенде айтқандарынан мысалдар:
I дерек. Жатәмір Әбділда 1912 жылы туған байырғы теміржолшы, Аягөз қаласының тұрғыны: 1937-1938 жылдардың кезі. Ақтоғай – Жарма арасында жүріп тұратын поездарда поездной мастер болып істейтінмін. Поезд Жармадан жүруіне аз уақыт қалған. Күз мезгілі. Арқарбай дуананы станция басынан көріп, сәлемдестік, Аягөзге бармақшы. Арқарбай менен: - Мына поезд қашан жүреді, - деп сұрады, - Қазір жүреді, - деп жауап қаттым. Поезд қозғалғанда Арқарбайдың қалып қойғанын көзім көрді. 4-5 сағаттан
кейін Аягөзге келіп түскенімде, вокзал алдындағы фонтандағы суға бетін жуып тұр екен, таң қалдым. Аягөз бен Жарма аралығы 110 шақырым. Арқарбайды жақсы білетін бір қарт шешейден сұрағанымда, ол кісі: - Арқарбайдың көтеріп кететін киесі бар, - деді.
Осындай жайды Егізқызыл разъезінде теміржолшы болған Мақаев Бейнесбай ақсақал да, Қасымбаев Ақпар ( аудандық партия комитетінің хатшысы болған) да дәлелдеп айтады.
2 дерек. Дүйсенғазы Ырысқан. Жарма аудандық « Молшылық үшін », Аягөз аудандық «Алға» газетінің бұрынғы редакторы.
- Арқарбай мен менің әкем Нышанов Дүйсенғазыдос еді, дуананың бойы аласа, денесі кішкене, мойыны қысқа. Ақ көйлек, ақ дамбал, аяғына кебіс киіп, қолына таяқ ұстап жүретін. 1933 жылы әкем «Бөлектас» ұжымшарында ферма бастығы еді. Бір күні Арқарбай таңертең ерте келіп:- Әй, Дүйсенғазы, сен сақтан, бүгін сенің қойыңа қасқыр түседі және төрт аяқты қасқыр емес, екі аяқты қасқыр, - деп кетіп қалады. Айтқанындай – ақ таң ата ояна келіп, ізді байқап, қойды санаса 100- дей басы кем шығады. Қолма – қол ОГПУ-ге хабарлап, ізімен қойды тауып, арам ниеттілер жазасын алады.
3 дерек. Үшбиік селосының тұрғыны Мейрамов Жанар:1947 жылы әйелім Рабиға қиналып босана алмай, дәрігерлер де ештеңе істей алмайды. Арқарбай кіріп:«Отец пришел,можно» деп еді, дәрігерлер «можно,можно» деді. Арқарбай зікір салған бетте Рабиғаны таяғымен салып қалып, шығып кетісімен шар еткен дауыс, сүйінші, сүйінші деген қуанышты үндер қатар естілді, нәрестенің атын Аманкелді қойдық,- дейді.
Арқарбай Отан соғысы кезінде «Фашистер жеңіледі,біз жеңеміз» деп отырған.
Армияға кеткен ұлы Құрмаш қайтыс болды деп қара қағаз келгенде, «ол тірі,бұл-өтірік»,-деген. Шындығында ұлы аман-есен келді.
Арқарбайдың жалғыз қызы Аман мен күйеу баласы Елубаев Бекмұхамбет (Бекеш) Үшбиікте.Жалғыз ұлы Құрмаштан туған немересі Тұман Үшбиік ауылында тұрады. Аман мен Тұман екеуі де үрім-бұтақты, балалы-шағалы.
Боранқұл Садыров
1905 жылғы бірінші орыс революциясының дүмпуі қазақ жеріне жеткенде Боранқұл балуан бастаған Ақжал жұмысшылары бір жұмадай ереуілге шыққан. Кен қожасы аяғында олардың талап-тілегін орындап, жалақыларын көбейтуге мәжбүр болған. 1913 жылы Романов әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуы тойланғанда сол тойда екі адамның атақ-даңқы кеңінен жайылған. Біреуі – Боранқұл Садыров. Ол той үстінде саяси сенімсіздік тұрғысында Қырымнан жер ауып келген сегіз татар балуанын бірінен соң бірін жығып, одан соң бір мезгілде жабылған он жігітті әп-сәтте үйме-жүйме жер қаптырып, жан шыдатпаған.
Екіншісі, Қалба болысының билеушісі Мұхаметжан Ілбісінұлы. Ол Латиф есімді бай ноғайдың дүкенін ашқызып қойып, өз қаражаты есебінен Ақжалдың сегіз жүз жұмыскеріне бір қадақ шай мен бір топ кездемені  тегін үлестірген. Сол себепті Сапарғали ақын:
«Қасым жомарт секілді Мұхаметжан,
Өзінде бақыт, байлық, салтанат – сән», - деп өлең арнаған.
Әди Шәріпұлы(1912-193)
Әди Шәріпұлы 1912 жылы 19 желтоқсан айында Семей обылысы Жарма ауданы Былқылдақ ауылында туған. Мектептен соң Алматы қаласындағы абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітіріп, Алматы қаласы Қаскелең қаласындағы қазақ орта мектебінде ұстаздық етеді.1940-1941 жылдары Белоруссияда қызыл әскер қатарында болып, 1941 жылы шілде айынан партизан отрядының командирі болады. 
1946-1963 жылдары Қазақ ССР Оқу министірінің орынбасары, Оқу министрі қызметін атқарады. Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі. Филология ғылымының докторы. 1963-1966 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министірі болады.
1966 жылы наурыз айынан 1971 жылы ақпанға дейін Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып сайланады.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің V-VI шақырылуында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады.
1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, VII шақырудың бірінші сессиясында КСРО Жоғарғы Кеңесі Одағы төрағасының орынбасары болып сайланады.
Әди Шәріпов 1971-1979 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға қызметкері, 1989  жылдан шығармашылық қызметінде.
Әди Шәріпұлы – көрнекті жазушы , көптеген романдар мен повестердің, әңгімелердің авторы. («Партизан қызы», «Дос сыры», «Шипагер»). Ол – тәжірбиелі әдебиетші, сыншы, ғалым, 350-ден астам ғылыми және
публицистикалық мақалалардың, педагогикалық ғылыми зерттеулердің авторы.
Алматыда болған кинофестивальда «Орман хикаясы» атты кинокартинасы Қорғаныс министірінің жүлдесіне ие болған.
«Алыс жағалаулар» атты жазбаларында, эсселерінде шет елдерде бірнеше дүркін болған кездегі оқиғаларды арқау еткен.
Қазақ әдебиетінің екі белгілі ақындары – «Жұмағали Саин мен Сырбай Мәуленов туралы», «Қазіргі дәуір және қазақ кеңес әдебиетінің даму проблемалары», «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық» атты еңбектері және бар.
Ең үлкен де әйгілі Ағылшын елінің Кембридж қаласындағы халықаралық өмірбаян орталығы шығарған анықтамасында 1989 жылы Ә.Шәріпұлының өмірі мен шығармашылығы қысқага айтылса, осы орталық шығарған «Планетаның аса көрнекті адамдары» атты анықтаманың 15 томына енгізілген.
Ә.Шәріпұлының Ленин, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, Құрмет белгісі, екі дүркін Еңбек Қызыл Ту ордені, КСРО –ның 16 медалі, оның ішінде І дәрежелі Отан соғысы партизаны атты медалі бар.Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бес мәрте Құрмет грамотасымен наградталды. Аудандағы Некрасов атындағы мектепке Әди Шәріпов есімі берілді. 
Уа, дариға алтын бесік, туған жер!
Қадіріңді білмей, келсем кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңды, тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер! – деп жауынгер ақын Қасым ағамыз жырлығандай, әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Біздің туған өлкеміз, Жарманың шұрайлы жері – Үшбиік аймағы. Бұл аймақтан елін жаудан қорғаған небір батырлар, аузы дуалы билер мен шешендер және қазіргі кездегі аты елге мәлім ақындар мен жазушылар шыққан.
Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел, тегі қайдан алсын кемеңгерді, деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай, біздің мақсатымыз – туған өлке жайлы көпшілік қауымға зерттеу арқылы таныстыру және сол арқылы туған өлкемізге деген сүйіспеншілікті бідіру.
Жердің әсемдігін қаншалық жанат деп мақтағанымен, оның өмірлік даңқын шығаратын да,  аялап сүйіспеншілікпен сәндендіретін де ел мен жердің өз перзенті – адамдар, жердің шын қазына, ең қымбат інжу – маржаны да сол адамдар.Үшбиік жерінің даңқты тұлғалары арқасында, ежелден асқақ.
Жерімнен шыққан ақындардың мол мұрасын біз үнемі оқып, жадымызда сақтаймыз. Өткенді ұмыту, өшкенімізді, еске алу – өскеніміздің белгісі десек қателеспейміз.Ірі тұлғалардың мұралары – халық қазынасы. Өлкемнен шыққан осындай азаматтарды мақтан тұтып олардың шығармаларын кеңінен насихаттап, оқып үйренеміз. Әр адам өз туған өлкесінің тарихын білу керек.
Үшбиік қалған мекен ұлылардан,
Қазағымның тарихында тұғырланған.
17 ақын сөздерімен жан байытқан
Үміт үлкен көкірегі ояу ұлы бардан.
Үшбиік қасиет қонған киелі өңір.
Әулие шешен билер сүрген өмір.
Сол бабалар ұрпағы мекендейтін,
Бұл жерден шығады әлі дүлдүл небір.

Төлеубекова Алтынай, Мәсәлім Ай – Күн,
Жарма ауданы, Үшбиік ауылы,
Ақтайлақ би атындағы орта мектеп.
10-сынып оқушылары

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

4 коммент.:

Sake комментирует...

Найман-Бура-Шақырбура шежіресі керек.кімде болса жіберіңдерші

Unknown комментирует...

Ергобек , Салпы, Суйндик, Бердике , Койкелди, Бабанай, Отеули, Олжабай, Мусипказы, Сасен.

Unknown комментирует...

Рас таза осылаима

Unknown комментирует...

Дурыс емес жартысы

Отправить комментарий

Back to TOP