Технологии Blogger.
RSS

Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары


Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары (ары қарай - ҚК-БСМ) - Сәулет өнерінің ескерткіші. Семейдің Аягөз өңіріндегі Таңсық ауылынан 3-4 шақырым жерде Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. жылдары В. Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш. Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858). М. Путинцев (1863), Орт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. Ә. Марғұлан) зерттеген (1952).
 Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7,10х7,10 м, ішкі жағынан 3,38х3,38 м), жоғары карай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биікт. 11,65м. Еденінен күмбезіне дейінгі биікт. 4,35м. Қабырғасы гранит қалақтастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңд. 1,86м. Кірер есігі шығысқа қаратылған. ҚК-БСМ-ның жанында төрт тас мүсін болған. Олардыц нобайын 1771 ж. Г. Волошин, 1856 ж. Ш. Уәлиханов кағаз бетіне түсірген.
Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің бірі - Баян сұлу, екіншісі - сіңлісі Айғыз, үшіншісі - апасы Айтаңсық; ер адам - Қозы болса керек. Қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. А.Н. Белослюдовтың мәліметіне карағанда, екі тас мүсін Германияға әкетілген.

Қабдрахман А.Е., 
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы 
С. Ғаббасов орта мектебі 8 сынып оқушысы



  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • RSS

0 коммент.:

Отправить комментарий

Back to TOP