Кенжеғұл Сейтенұлы туралы жазба деректер тым аз. Тек «Жеті Сейтеннің » бірі екендігі белгілі. Ағайындары Итемген, Ағанас, Тоғанас, Тоғас, Жанке, Аған, Балта.
Кенжеғұл - жасынан билікке араласқан, көптеген жерде билік айтқан. Өз заманының данышпаны, шынжыр балақ шұбар төс - Құнанбайдың өзі құда болып тұңғышы Тәкежанға қызын әпергеніне қарағанда Кенжекеңнің Құнанбаймен терезесі тең жан болған.

Кенжеғұлдың жасы Құнанбайдан он шақты жастай үлкен болуы керек, мөлшері - 1794-95 жылдары туған. Құнанбай заманындағы Тобықты мен Сыбанның жер дауының бел ортасында болған, ауызы дуалы, шешен, би болған.
Кенжеғұл шешеннің зираты Құндызды ауылының жанында. Сол жер тегінде Сыбан мен Тобықтының шекарасы екен, өлерінде өзін сол жерге қоюды ұрпақтарына тапсырыпты.
Қабдрахман А.Е.,
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы
С. Ғаббасов орта мектебі 8 сынып оқушысы
1 коммент.:
Қызықты жазылған
Отправить комментарий